Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Дәріс тақырыбы: Сөзжасам және грамматика. Сөз құрылысы мен формасы



бет58/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72

Дәріс тақырыбы: Сөзжасам және грамматика. Сөз құрылысы мен формасы

Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Оған сөзжасамдық бірліктерден бастап, сөзжасамдық ұя сияқты ірі, күрделі сөзжасамдық бірліктерге дейін кіреді. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мәселелер тек сөзжасамға ғана қатысты. Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді, өйткені ол мәселелер тілдің басқа салаларында қойылмайды да. Өйткені олар тек сөзжасам саласының зерттеу нысанасына жатады.


Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы және олардан ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы ерекше тілдік құрылымның болуы, тілдің басқа салаларынан ерекшеленетін сөзжасамдық деңгейі, оның өзіндік нұсқалары барына байланысты. Тіл білімі салаларының қайсысы болсын бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені тіл білімінің барлық саласы сөзді зерттейді, бірақ сөз тіл білімнің әр саласында, әр қырынан зерттеледі, бірақ бәрінің де зерттеу нысаны сөз болғандықтан, оларда байланыс болуы заңды. Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді. Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Тіл білімінің сөзжасам саласы да, морфология саласы да морфеманы зерттейді. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші қосымшаларды зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет