Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата08.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#80618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Күнделік жазу әдістемесі. Атақты неміс физигі Альберт Эйнштейн: «Қиял күші – 
барлық нәрсенің негізі. Сіздің күтіп тұрған көркемдіктің фрагменті секілді. Қиял күші 
білімнен де маңызды» деп зеректіктің шынайы көрсеткіші білім емес қиял күші екендігін 
айтқан екен. Өйткені білім, өнер, технология салаларында тіршілігімізді жеңілдетіп жатқан 
көптеген жаңалықтар қиял күші бай болған адамдардың арқасында табылған. Сондықтан 
балалардың жетілуі үшін тек білім жүктей бермей олардың өзін танымдай алатын 
белсенділіктерге де бағыттауға мән беру керек. Бұл тұрғыда күнделік жүргізудің маңызы зор. 
Өйткені күнделік тұту - қиял күшін, ой-сананы, тілді және есте сақтау қабілетін шыңдау 
тұрғысында зеректікті дамытатын ең әсерлі жолдардың бірі. Күнделік жүргізу - бастан 
өткендерді дәптерге жазумен қатар өз-өзін зерттеу, бағалау, өткеннен сабақ алу секілді 
пайдалары бар. Басқаша айтқанда тіршілігіміздің себебін, қандай адам екенімізді, нені дұрыс 
істеп, нені бұрыс істегенімізді еске түсіретін естелік дәптер. Осы тұрғыдан күнделік жүргізу 
адамның өзін жақсырақ тануын қамтамасыз етіп, сезіну, ұғыну деңгейін арттырып, қисынды 
шешім қабылдауын жеңілдете түседі. 


Күнделіктердің барлық түрлерін біз тізбектеп шықпаймыз, тек ең көп таралған түрлерін 
айтып шығамыз:
 
Қарапайым күнделік.
 
 Жеке (өзіңізге арналған) күнделік.
 
Бизнес-күнделік 
 
Электронды күнделік. 
 
 
 
№ 6 дәріс. Дербес жазылатын жазба жұмыстар: шығарма, өмірбаян, монолог. 
Әдістемесі 
 
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы, хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған 
ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол 
таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда әр азаматтың 
күнделік 
жүргізу
уақыт 
шектеусіз
жас 
ерекшел
ігі 
маңызд
ы емес
қысқа 
жазу да 
мәнді
ең 
маңызды 
сәттерді 
ғана жазу
дағдыға 
айналдыру
қате жазуға 
мән 
бермеу?...


аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген 
оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. Қосымша мәліметтер 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет