Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)



бет6/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық).
Философиялық ағымдардың қайсысы болмасын келесі үлкен сұрақтарға жауап береді. Адам жағалай қоршаған ортаның шындығын танып-біле ала ма әлде біле алмай ма?
Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияның өзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, -тану-білу, logos – ілім). Кейде гносеология ұғымымен қатар эпистемология деген термин қолданылады (epіstema – грек сөзі, - білім).
Материалистік бағыттағы философтардың көпшілігі Дүниені адамның танып біле алатынына ешқандай күмән келтірмейді.
Ал объективті идеализмге келетін болсақ, олардың бір бөлігі Дүниені танып білуге болады десе, келесілері - бұл мәселені теріс шешеді.
Адам Дүниенің терең мәнін танып біле алмайды, ол мүмкін емес деген көзқарасқа агностицизм деген атақ берілді (a – теріс бөлшек, gnosіs – тану).
Осы ағымдардың ішіндегі субъективті идеализм ғана үзілді-кесілді біржақты шешеді – бізді жағалай қоршаған Дүниені танып-білуге болмайды - өйткені, ол - жоқ. Әрбір адамның ішкі жан-дүниесінен шығатын өз дүниесі бар. Ал сыртқы – адамға әсерін тигізіп жатқан, одан бөлек өмір сүретін Дүние жоқ. Әрине, мұндай көзқарас, бір қарағанда, қарапайым қайсыбір адамның дүниесезіміне қайшы келіп абсурд сияқты көрінеді. Бірақ, философиялық деңгейде оны теріске шығару біршама қиындықтарды туғызады.
Енді дүниетануды мойындайтын философияға келетін болсақ, олар келесі сұрақтарға жауап беруі қажет.
Адам Дүниені қалай таниды?
Адам Дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?
Тарихи бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді. Тарихи алғашқы пайда болған жауап “қайсыбір таным тәжірибеден шығады². Мұндай танымдық тұжырымға эмпиризм деген атақ берілді (emperіa – грек сөзі, -тәжірибе). Сонау көне заманда пайда болып эмпиризм танымдық тұжырымдама ретінде XVққ-XVқққғ.ғ. қалыптасады. Сонымен, егер танымның негізгі қайнар көзін тәжірибеде,- деп мойындаса, ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқызамыз. Эмпиризмге өте жақын тұрған танымдық ағым, ол - сенсуализм (sensus – латын сөзі, -сезім, қабылдау, түйсік). Сенсуализм таным үрдісіндегі сезімдік қабылдауды негізгі жол деп есептейді. Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі – “Алғашқы сезімде болмаған, ақыл-ойда да жоқ².
Келесі таным теориясындағы ағым – рационализм (ratіo – латын сөзі, -ақыл). Бұл ағым адамның ақыл ойын, зердесін танымның өзегі, негізі ретінде қарайды.
Рационализм таным тұжырымы ретінде ХқХ ғ. дүниеге келеді. Тарихи рационализмнің негіздері сонау көне заманда пайда болады. Грек ойшысы Парменид сол көне заманда сезімдік таным тек қана жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой арқылы ғана нағыз ақиқатқа жетуге болады,- деген ой айтқан.
Жаңа дәуірдегі математика, жаратылыстану ғылымдарының дамуы адамның ақыл-ойының құдыретін, оның табиғаттың ішкі сырын ашудағы зор мүмкіншіліктерін көрсетті.
17-18ғ. ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен идеалогиялық ағымды – Француз Ағартушыларының ақыл негізінде дүние тануға, қоғамды қайта құруға, адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-ойдың құдіретті күшіне деген зор сенім арттыруына әкеліп соқты.
Бұл замандағы рационализмді қолдайтын ойшылдар дүниені ақыл-оймен қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете білді. Егер сезімдік таным жеке құбылыстарды, кездейсоқ нәрселерді ғана танып, шегіне жеткен жалпылық, қажеттік деңгейіне көтере алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам ондай дәрежеге көтеріле алады. Сонымен ғылыми білімнің қайнар-көзі, ақиқаттың анықтамасының бәрі – ақыл-ой, зердеде. Сондықтан Лейбниц сенсуализмнің “Алғашқы сезімде болмаған, ақыл-ойда да жоқ²,- деген тұжырымдамасына “ақылдың өзінен басқа² деген сөздерді қосып, адамның рационалдық танымының құдіретін көрсеткісі келді.
Әрине, ғылымның әрі қарай дамуы рационализмнің біржақтылығы, сезімдік таныммен санаспау ақыл-ойдың өзін шындықтан алшақ кетіп қалып, оның адамды адастыруы мүмкіндігін көрсетті.
Сондықтан, И.Кант – “сезімдік таным ақыл-ойсыз – толық емес, ақыл-ой сезімдік танымсыз – мазмұнсыз² деген пікір айтып танымның екі жағын бір-біріне ұштастырды. Алайда, Кант мұндай көзқарасты тек қана құбылыстар әлеміне таратып “заттың өз ішіндегісін² танудан бас тартты.
Рационализмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдің философиясын алуға болады. Бұл кісі Дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы ретінде қарап, таным үрдісінің өзі абсолюттік идеяның өз-өзін танып- біліп, өзіне жаңа дәрежеде – абсолюттік рух ретінде қайтып оралуы деп түсінді. Сондықтан Дүниенің дамуын, адмзат тарихын Гегель Абсолюттік идеяның логикалық жолмен өз-өзіне тереңдеуі деп түсініп, панлогизмді тудырады (pan – бәрі, logos – білім, ілім, ақыл-ой).
Х1Х ғасырдың өзінде-ақ рационализмнің, соған негізделген Ағарту идеяларының көбі сынға алынып, олардан күткен көп сенімдер жоққа шықты, өйткені, ақыл-ойға негізделген тамаша қоғамнан адамдар үміт үзе бастады.
Осы кезде рационализмді сынға алған, панлогизмге қарсы бағытталған философияның түрлері дүниеге келді. Олар – иррационализм бағыты. Егер А.Шопенгауер “Ерік философиясын², ал Ф.Ницше “билікке деген ерікті² алға қойса, З.Фрейд адамның “бейсаналық² күштерін зерттей бастады.
Марксизмде эмпиризм мен рационализмнің арасындағы қайшылық праксеолгиялық жолмен шешіледі, яғни адам мен қоғамның қажеттіктері, соларды өтеу үшін жасалатын адамдардың іс-әрекеттері қайсыбір таным үрдістерінің қайнар көзі және ақиқаттың анықтамасы,- деген пікір айтылады.
Соңғы жылдары танымның өте күрделі үрдіс екендігі, оны праксеологиямен ұштастырып қоймай, сонымен бірге аксиологиялық (әлеуметтік-мәдени, моральдық т.с.с. құндылықтар) тұрғысынан қарау керектігі анықталды.
Енді жоғарыда қойылған келесі сұраққа – дүниетану дәрежесіне келетін болсақ, оған да екі түрлі жауап алуға болады.
Жаңа дәуірдегі әр-түрлі таным теориялары көп ғасырлар бойы ғылымдардағы ашылған жаңалықтар мәңгілік сол күйінде қалады, егер болашақта ол теріске шығарылса, онда оның алғашқы ашылған кезінде-ақ қата болғаны,- деген пікірде болды. Яғни ғылымдағы тану үрдісіндегі табылған білім әрқашанда толық, кемеліне келген, әрі қарай мазмұнын өзгертпейтін құбылыс ретінде қаралды. Гносеологиядағы мұндай пікірге ²догматизм² (dogma – грек сөзі, -шешім, ілім) деген атақ берілді.
Келесі гносеологиялық ілімдер қайсыбір ғылыми жаңалықты, білімді толық емес, салыстырмалы, тарихи жүре келе тереңдетілетін құбылыс ретінде қарайды. Яғни ғылымдағы жетістіктерді де шексіз әрі-қарай дамытып тереңдете беруге болады. Сондықтан, ғылым әрі-қарай дамыған сайын ғалымдар өткен уақыттағы ашылған білім салаларына жаңа көзқараспен қарап, оның шындық жағын кеңейтілген жаңа теорияның құрамына кіргізіп, ал жалған жақтарын сырттатады.
Танымдағы мұндай бағытқа ²релятивизм² деген атақ берілді (relatіvus – латын сөзі, -салыстырмалы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет