Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Жан–Жак Руссо (1712-1778 ж.ж.)



бет80/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Жан–Жак Руссо (1712-1778 ж.ж.) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеушiнiң семьясында дүниеге келедi. Негiзгi еңбектерi “Қоғамдық шарт жөнiнде², “Эмиль, я тәрбие жөнiнде² т.с.с.
Адам мәселесi
Руссо адамның табиғатынан екi алғашқы өзiмен бiрге туатын нәрсенi байқайды. Олардың бiреуi “бiздi өзiмiздi сақтап, жақсы өмiр сүруге ынталандырса², екiншiсi - әрбiр сезiмдiк жанның зардап шегуiн өлiп-құруын көргенде табиғи тiтiркенушiлiктi тудырады.
Егер Т.Гоббс адамның өзiн сақтауға бағытталған табиғи инстинктiнен өзiмшiлдiктi (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмiрге келуiне дейiн көп уақыттың өткенiн көрсетедi. Руссоның ойынша, адамның өзiн сүю сезiмi басқалардың зардабын көргенде оларды аяу сезiмiмен теңеледi, көбiнесе, соңғы сезiм басым болып, басқалардың қайғы-қасыретiне ортақ болуға әкеледi.
Өзiнiң табиғи жағынан алсақ, адам iзгiлiкке ұмтылатын пәнде. Егер адам iзгi iс-әрекет жасап, өзiнiң өзiмшiлдiгiмен күресе бiлсе, оның бұл қасиетi терең етек жаяды. Бiрте-бiрте iзгiлiкке ұмтылу қажеттiкке айналып адамға рахат әкеледi. Басқалардың алдындағы адамның борышы - ол iзгiлiктiң сыртқы көрiнiсi ғана. Ал табиғи сезiмнен шығатын басқа адамдарға деген iзгi iс-әрекет - ол ең биiк дәрежедегi адамгершiлiк,- деп қорытады Руссо.
Бiрақ, адамның басқаларға деген iзгi сезiмiн дамытуға тежеу жасалса, ол өзiнiң қарама-қарсылығына айналып эгоизмдi, яғни өзiмшiлдiктi тудырады.
Өркениеттi қоғамдағы адамдардың бiр жағынан алғанда адамды сүйуi, әдiлеттiлiк ,iзгiлiкке деген iңкәрi байқалса, екiншi жағынан, ол сыртқы сезiмнiң, өзiмшiлдiктiң шеңберiнде екенiн көремiз. Осы екi бiр-бiрiне қарсы сезiм тарихта қалай пайда болды?
Бұл сұраққа жауапты ол адамдардың арасындағы теңсiздiк қалайша пайда болды деген сұраққа жауап беру арқылы шешуге тырысады.
Теңсiздiк мәселесi
Егер Руссоға дейiнгi ойшылдар теңсiздiктiң түп-тамыры бiр жағынан зорлық-зомбылыққа, екiншi жағынан - дiни- рухани алдау-арбауда,- деп есептесе, Руссо оның шынтуайт себептерi бар деген ойға келедi. Оны ол адамның ақыл-ой иесi ретiнде жетiлуге деген қабiлетiнен көредi. Адам еңбек етiп өзiн-өзi асырау жолында қармақ пен жiптi, садақ пен жебенi, малдың терiсiнен киiмдi т.с.с. ойлап шығарды, отты игердi. Олар үлкен аңдарды ұстау үшiн бiр-бiрiмен оқтын-оқтын бiрiгiп, оның пайдалылығын байқады.
Руссоның ойынша, үй салу - адамдардың өмiрiндегi алғашқы үлкен төңкерiс болды, өйткенi үймен бiрге жан-ұя дүниеге келдi -ол тарихи алғашқы әлеуметтiк бiтiм едi. Бұл кезде әлi мемлекет дүниеге келген жоқ, сондықтан, бұл уақыт - алтын заман, адамдар бiр-бiрiнен тәуелсiз, олар табиғаттың бақытты балалары.
Екiншi төңкерiс теңдiктi жойып, адамдарды құлдық пен қайыршылыққа әкелдi. Ол - жеке меншiктiң пайда болуы. Оның негiзiн қалаған бiрiншi адам өз үйiнiң маңайын қоршап “Бұл - менiкi²,- дедi, ал қалған адамдар оны мойындады,- деген пiкiр айтады. Әрине, Руссо бұл құбылыстың терең тамырына шейiн жетедi, өйткенi, жеке меншiктiң пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалық дамуымен тығыз байланысты болатын.
Жердi өңдеп егiн егудiң өзi оны бөлуге әкелiп соқты. Осыдан жеке меншiк, теңсiздiктiң өзi-ақ пайда болады, тiптi бiз алғашында жер тепе-тең бөлiнiп едi деп есептесек-те.
“Ең күштi өзiнiң еңбегiмен басқалардан гөрi көбiрек өндiрдi, ең өнерлi, тапқыр өзiнiң еңбегiнен пайданы көбiрек көрдi²,- дейдi Руссо. Жердi өңдеп егiн егу азық-түлiктi көбейтiп, қажеттiктен артық қалатын байлықтың көзiн ашты. Ал мұның өзi әр-түрлi кәсiптердi туғызып өндiргiш күштердi әрi қарай дамытты. Әсiресе, темiрдi балқытып игеру ауыл шаруашылығында қолданатын құралдарды анағұрлым жетiлдiрiп алатын өнiмдi молайтты. Байлық аз топтың қолында шоғырланып көпшiлiк қайыршылық жағдайға келедi - осыдан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға келiп тiреледi. Байлардың мүдделерiн тиiмдi қорғау жолында мемлекет дүниеге келедi,- деп қорытады Руссо.
Мұндай жағдайда адамға қалайша оның жоғалтқан ерiктiгiн қайтып беруге болады?,- деген көкейтестi сұраққа Руссо өзiнiң “қоғамдық шарт² теориясы арқылы жауап беруге тырысады. Оның мәнi мынада. Әрбiр адам ерiктi түрде өз құқтарының бәрiн қоғамға бередi. Осы сәтте адамдардың бәрi де бiр-бiрiмен заң жүзiнде теңелiп, берген құқтарын өзiне қоғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең, ешкiмнiң де артықшылығы, жеңiлдiлiгi жоқ, әрбiр адам бүкiл қоғамды мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбiр адамға тәуелсiз болады. әрбiр адам бiртұтас қоғамның ажырамас бөлiгiне айналады.
Сонымен, қоғам өмiрiнде әрбiр адам өзiнiң күш-қуатын сезiнедi, адамдар жеке тұлға, дене ретiнде теңсiз болғанымен, моральдық, құқтық теңдiкке ие болады.
Қоғамдағы шығарылған заңдардың қайнар көзi - халық. Егерде бiрде-бiр заң халықтың пiкiрiнсiз және дауысын берусiз жарыққа шықса, онда ол - заң емес, ол - бұйрық. Халықтың билiгiн қамтамасыз ететiн ұйым - ол халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекiтiлген уақытты жыйналып “қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап отыруы қажет, өйткенi, ол шарттың ыдырап кету себептерi әрқашан сақталады². Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет