Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.
8.1. кесте