Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет21/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
Дәріс Модуль (1)

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: капитал айналымы, ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация, материалдық тозу, сапалық тозу, т.б.


1. Кәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы.
Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады.
Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары.
Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.
Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.
1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.
2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.
3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.
Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ…Ө…Т – А – ҚЖ.
Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.
2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі капитал; б) айналмалы капитал.



Негізгі капитал

Айналмалы капитал

Өзінің табиғи формасын (пайдалылығын) ұзақ сақтайды.
Бірнеше айналымға түседі.
Өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, бөлшектеп өткізеді.

Табиғи формасы өндірісте басқа формаға айналады.
Бір ғана айналымға қатысады.
Өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді.

Схема 1. Капиталдың негізгі және айнымалы болып бөлінуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет