мұнда, Y (t) – жиынтық өнімнің өсу қарқыны;
A (t) – ғылыми-техникалық прогресс қарқыны;
L (t), K (t), N (t) – еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға кеткен шығындардың өсу қарқыны.
Бұл өндірістік функция халық шаруашылығы деңгейінде экономикалық өсуді талдау үшін қолданылады. Ол өндірістің ненің есебінен дамып жатқандығын анықтай алады: өндіріске жаңа факторларды тарту есебінен бе, не оларды қолданудың тиімділігін арттыру есебінен бе; қандай фактордың есебінен өндірістің тиімділігі көп дәрежеде артатындығын және қандай фактордың тым аз қарқынмен дамитындығын немесе өндірістің дамуына кедергі келтіретіндігін анықтай алады.
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі экстенсивті, интенсивті және аралас жолдармен жүзеге асырылады.
Экономикалықөсудіңэкстенсивтітипі өндіріс масштабын кеңейтуге негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің технологиясын өзгертпей өндіріске тартылатын факторлардың санын арттыру есебінен орындалады. Экономикалық өсудің экстенсивті факторлары қолданылатын өндірістік ресурстардың көлемін арттыру есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды.
Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру, капитал салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін арттыру, т.б.
Экономикалық өсудің интенсивті типіөндірістің аса тиімді құралдары мен технологияларын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндіріс факторларын қолдануды сапалық жағынан жақсарту есебінен орындалады. Экономикалық өсудің интенсивті факторлары өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділі- гін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайтудың сапалық жағын сипаттайды. Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылардың біліктілігін көтеру, ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, технологияны, еңбектің ұйымдастырылуы мен өндірісті жетілдіру, өнімнің сапасын көтеру, т.б.
Экономикалықөсудіңараластипі өсудің экстенсивті және интенсивті факторларының қатар орын алуымен жүзеге асырылады. Сондықтан осыған қарап экономикалық өсудің салыстырмалы экстенсивті және салыстырмалы интенсивті жолдарын қарастырған жөн.
Қазіргі уақытта, экономикалық әдебиеттерде экономикалықөсудіңфакторлары төмендегідей топтастырылады:
Ұсыныс факторлары, бұларға адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі жатады.
Сұраныс факторлары, бұларға бағалар деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі жатады.
Бөлу факторлары, бұлар экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігін, ресурстардың өндіріс үдерісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуын көрсетеді.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика экономикалық өсудің жаңаша сапалық кезеңіне өтумен сипатталады. Жаңаша сапалық экономикалық өсудің бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері, ресурстарды үнем- дейтін технологияны қолдану негізінде өндірістің тиімділігін көтерудің интенсивті сипаты ескеріледі. Екіншіден, технологиялық прогрессті анықтайтын және адамдардың қажеттіліктеріне қызмет ететін салалардың өнімдерін көбейту қарастырылады. Үшіншіден, экономикалық өсудің әлеуметтік жағынан қақтығыстарға алып келмейтін шекараларын белгілеумен көрінеді. Мұндай шектеулерді енгізу арқылы адамның өмір сүру ортасын және қалпына қайтып келмейтін ресурстарды сақтап қалуға мүмкіндіктер ашылады.