Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет47/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
Байланысты:
Дәріс Модуль (1)

Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет- тердің келесідей деңгейлері кіреді:
  • республикалық бюджет;


  • жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.

Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:

    1. қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;

    2. әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;

    3. қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);

    4. кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;

    5. инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

    6. әлеуметтік қорғау;

    7. мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.

Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:

  1. бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;

  2. толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы;

  3. шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;

  4. ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;

  5. дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын- ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;

  6. нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет- терді әзірлеу және орындау;

  7. тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып, ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;

  8. жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;

  9. бюджеттердің дербестілігі принципі – әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры- лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:

  1. Бюджет табыстары:

  • салықтық түсімдер;

  • салықтық емес түсімдер;

  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

  • трансферттердің келіп түсуі.

  1. Бюджет шығындары.

  2. Операциялық сальдо.

  3. Таза бюджеттік несиелеу:

  • бюджеттік несиелер;

  • бюджеттік несиелерді жабу.

  1. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:

  • қаржылық активтерді иелену;

  • мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.

  1. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).

  2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):

  • қарыздардың келіп түсуі;

  • қарыздарды жабу;

  • бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.

Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар кіреді:

  • мемлекеттік қызмет көрсетулер;

  • қорғаныс;

  • қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару іс-әрекеті;

  • білім беру;

  • денсаулық сақтау;

  • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

  • мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;

  • ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары;

  • отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;

  • өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, көлік және байланыс;

  • қарыздарды өтеу;

  • арнайы трансферттер;

  • басқалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет