Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

ӘОК 37.013.2 
 
МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ 
ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Ешетаева Енлик Есентаевна  
Жетісу орта мектебінің  музыка пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, Ескелді ауданы 
jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Біздің  қоғамымыздың  жас  мүшені  нағыз  адамзаттық  көзқарасын  дәйекті 
көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, 
ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, 
себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-
ірі  тұлғалардың  ғасырлар  бойы  жинаған  бай  тәжірибесінің  арнасын  одан  әрі  кеңітіп 
дамытуымыз  керек.  Оқытушылардың  музыкалық  тәрбиесінің  тәжірибелік  нәтижелілігі 
жоғары  көтерілуінің  қажеттілігінің  алғы-шарттары  олардың  білімі  мен  музыкалық  дамуы 
болып  саналады.  Жастардың  жеке  музыкалық  дамуын  бақылау,  олардың  өнер  жолында  ең 
жақсы  дәрежеде  өсуін  қамтамасыз  етуде  мүмкіндік  туғызады.  Бұл  мәселелерді  көптеген 
ғалымдарымыз  зерттеді.  Қазақстандағы  музыкалық  сын  саласында  әр  кезеңдерде  белгілі 
музыка  танушылары  –  Б.Ерзакович,  М.Ахметова,  А.Темірбеков,  Л.И.Гончаров,  З.Қоспақов, 
Б.Қарақұлов  және  А.С.  Райымбергеновтар.  Музыканы  қабылдау,  әрине  күрделі  процесс, 
осыған  орай  Д.  Кабалевский  былай  деп  жазды:  «Музыкаға  деген  қызығушылық  музыкаға 
әуестену  және  оны  ұнату,  оның  ғажайып  сұлулығын  түсіну  үшін  қажетті  шарт.  Сонда  ол 

91 
 
өзінің  тәрбиелік  және  танымдық  ролін  атқара  алатын  болады.  Ал  музыкаға  қызықпаған, 
онымен  айналыспаған,  оны  ұнатпаған  адамға  білім  мен  тәрбие  беремін  деу  сәтсіздікке 
ұшыратпай қоймайды». 
 Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық 
қабілеті  бірдей  болып  келе  бермейді.  Олардың  өзіндік  ерекшелігі-  тәрбиесіне,  шыққан 
ортасына  да  байланысты.  Демек,  оқытушы  өзінің  тәрбие  жұмысында  әрбір  оқушыға  өз 
алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті 
– таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру 
болса,  кәсіби  тұрғыдан  қалыптасуына  педагогикалық  іс-тәжірибе  кезеңінің  зор  көмегі 
болады. Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр.   
Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық 
болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер 
салып,  әдістемелік  тәсілдеріміздің  мазмұнын  байыта  түсуіміз  керек-ақ.  Сондықтанда 
жастардың  тәрбиесіне  ықпал  ететіндей  жаңаша  түрін  іздеу  керек  сияқты.  Байқасақ,  әрбір 
жүргізілген  музыка  сабағының  тәрбиелік  мәні  өте  зор.  Мектепке  мұғалімдерді  кәсіптік 
мамандыққа  сәйкес  даярлауда  негізгі  нысана  музыка  болуы  керек.  Бастауыш  сынып 
оқушыларының  әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білуі  мен  рухани  өмірін  байыту,  туған  еліне, 
жеріне,  табиғатына  деген  сүйіспеншілігін  және  ұлтымыздың  бай  қазынасы  -  қазақ 
фольклорына  қызығушылығын  арттыра  отырып,  олардың  бойында  эстетикалық  мәдениетті 
тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы 
мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне 
байланысты  оның  эстетикалық  мәдениеті  мен  мінез-құлық  дағдылары  айқындалады. 
«Жаратылыстың,  һәм  өнердің  сұлу  заттары  адам  жанында  сұлулық  сезімдерін  оятады. 
Сондықтан  баланың  сұлулық  сезімдері  әр  түрлі  нәрседен  оянымпаз  болады.  Біреудің 
музыкадан,  сұлу  суреттен,  біреудің  поэмадан.  Тәрбиешінің  міндеті  балада  өнердің  қандай 
түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - 
деп  А.  Жұбанов  айтқандай,  бастауыш  сынып  оқушыларының  эстетикалық  мәдениетінің 
дамуы  сынып  жетекшілерінің  және  пән  мұғалімдерінің  шеберлігі  мен  тәрбие  құралдары 
қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.    
Оқушылардың  музыка  өнеріне  дүниетанымын  қалыптастыру  әдістері  алуан  түрлі 
және  ол  оқушының  жас  мөлшеріне  тәуелді.  Музыка  өнеріне  дүниетанымын  қалыптастыру 
әдістерін  көрнекі  және  ауызша  деп  бөлуге  болады.  Педагогикалық  ғылым  мен  практика 
оқушының  шығармашылық  қабілетінің  неғұрлым  тиімді  әдістерін  анықтап  отыр.  Олар: 
оқушылардың  музыканы  қабылдауы  мен  эстетикалық  мәдениетінің  бастапқы  көріністерін 
дамытуға бағытталған сендіру әдістері: а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-
құлық  мәдениеті  дағдыларын  қалыптастыруға  арналған  практикалық  іс-әрекеттерге  үйрету, 
жаттықтыру  әдістері;  ә)  шығармашылық  және  практикалық  іс-әрекеттерге  итермелейтін 
проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда 
қолданатын  сендіру  әдісінің  ерекшелігі  оны  қабылдайтын  құбылыс  әсем  болған  жағдайда 
ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей 
ұшырасқанда  пайда  болады.  Бұл  әдісті  көрнекілік,  сондай-ақ  ауызша  әдіс  деп  те  санауға 
болады.  Үйрету  -  жаттықтыру  әдісінің  мәні  -  оқушыны  тыңдай,  көре  бағалай  білуге  және 
соған  сәйкес  белсенді  іс-әрекет  етуге  үйрету.  Үйрету,  жаттықтыру  әдісі  көп  қайталауды 
талап  етеді  және  түрлі  жағдайларда  қолданылады.  Аталған  әдістерді  кешенді  пайдалана 
отырып  оқушының  қабылдау  белсенділігін  тәрбиелеу  керек.  Оқушылар  әдебиетті  оқуға, 
музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің 
оқиға  желісін  дұрыс  түсіну  үшін  оқушыларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  ұстаздың 
міндеті.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық 
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді 
ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады.  Қазіргі  таңда  жас 
ұрпаққа  тәрбие  беру  саласында  көп  өзгерістер  жаңалықтар  болып  жатыр.  Бүгінгі  күнде 

92 
 
негізгі  мақсат  жан-жақты  дамыған  білімді  тұлғаны  тәрбиелеу.  Өзгерістер  өнер  саласын  да 
қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер.  
Халық  тағлымының  байлығын  өн  бойына  жинақтаған  ертеден  қалыптасқан 
педагогикалық  тәжірибеде,  тәлім-тәрбиеде  оқу-ағарту  мәселелері  әлі  де  жетерлік.  Музыка 
адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп 
бойды  алар  әсем  ән  мен  тәтті  күйді  ұнатқан.  Домбыра  сөйлейді,  қобыз  жеткізеді,  сыбызғы 
білдіреді  деген  сөз  тіркестері  қазақ  мәдениетінде  кездейсоқ  кездеспейді.  Сабақта 
оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  музыка  мұғалімінің  негізгі  міндеті 
толықтырылған  кеңейтілген  бағдарлама  негізінде  оқу-тәрбие  үрдісін  және  ұстаздың 
педагогикалық  шеберлігін  дамыту.  Жас  өспірімнің  бойында  талғампаздық  эмоциялық 
сезімпаздық  қалыптастыруында,  оның  мәдениетті  болып  өсуінде  музыка  әлемін  түсінуде 
мектептегі  музыка  тәрбиесінің  алатын  орны  ерекше.  Әр  түрлі  жанрлы  музыкалық 
шығармаларды  тану,  музыкадағы  түрлі  кезеңдермен  көңілді  ажыратуда  оқушының 
музыкалық  шығармашылығын  дамытады.  Жас  өспірім  –  тыңдаушы,  орындаушы  музыкаға 
деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық 
қабілеттің  басты  саласының  бірі  ол  музыка  арқылы  тәрбие.  Эстетика  мен  музыкалық 
шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап 
бағалауға  және  түсінуге  тәрбиелеп  оқыту.  Мұғалімнің  міндеті  оқушының  жай  ғана 
музыкалық  икемін  дамытып,  оған  музыка  білім  ғана  беру  емес,  оған  музыкаға  күнделікті 
байланыс  керектігін  таныту  арқылы  оның  шығармашылық  белсенділігін  арттыру. 
Музыкалық  тәрбие  әдебиет  бейнелеу  өнері,  тіл,  тарих  тағы  басқа  пәндермен  байланысты. 
Сонда  ғана  біз  оқушының  мәдениетті  жан  дүниесі  бай  ой-парасаты  кемелденген  білімді 
оқушы  етіп  тәрбиелей  аламыз.  Музыка  тіл  айтып  жеткізе  алмайтын  адамның  киелі  нәзік 
сезімі. Музыка бұл  сезім тілі, адам жанын баурап  алатын, моральдық  сезімдік эстетикалық 
бірлігі  болып  табылады.  Мектептегі  музыка  пәні  оқушыларға  басты  тәрбие  құралы  болып 
есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы.  
Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас 
өспірімге  ақыл-ой,  сана-сезімдігі  жақсы  мінез-құлықтың  қалыптасуына  әсерін  тигізеді. 
Музыканың  қажеттілігі  –  ол  музыка  өнерінің  негізімен  оның  өмірі  мен  байланысы  жайлы 
түсінігін  жетілдіру,  баянды  меңгеруіне  көмектесу.  Музыкалық  тәжірибелік  іскерліктерін 
дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқушының  бойында  рухани  мәдениеттің 
маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, 
сезімдік  қабілеттілігінің  тұрақтылығы  музыка  тілінің  ерекшелігін  меңгеру.  Музыка 
сабағында,  сыныптан  тыс  уақыттарда  бастауыш  сынып  оқушыларымен  музыкалық  тәрбие 
жұмысын  жүргізе  білуге,  күнделікті  өмірге  музыка  өнерінің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 
кеңірек пайдалана білуге даярлау. Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің 
аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық 
қабілеттерін  арттыру.  Отанға,  өз  халқына  деген  сүйіспеншілік,  халық  музыкасына,  өз 
халқының  рухани  мәдени  мұрасына,  салт-дәстүріне  сезімдерін  оятады.  Әр  түрлі  ұлт 
өкілдерінің  бір-біріне  деген  достық,  ұлт  аралық  бірлікке  сезімдерін  ояту,  оны  жетілдіру. 
Балалардың  музыка  арқылы  түсінігін  сезіну  қабілетін  музыка  ерекшелігін  меңгеру.  Бүгінгі 
таңда  балаларды  жастайынан  өнерге  баулу  музыкалық  тәрбие  арқылы  жаңа  тұлғаны,  жаңа 
адамды  тәрбиелеп  қалыптастыру.  Сухомлинский  былай  деді:  «музыка  адамның  табиғаттың 
әсемдігінен,  еңбекке  деген  құлшынысын  арттырады,  музыканың  арқасында  адамның 
айналаға,  өмірге,  тіпті  өзіне  деген  көзқарасты  өзгертеді.»  Оқушыларға  музыкалық  тәрбие 
беру  олардың  өнерге  деген  сезімін  ояту,  таңдаулы  халықтың  шетелдік  және  классикалық 
музыкасын,  Қазақстан  композиторларының  шығармаларын  сүйіп  тыңдай  білуге 
дағдыландырып  үйрету  негізінен  музыка  сабағында,  іске  асырылады.  Жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы  музыкалық  мәдениеттің  рөлі.  Адам  баласы  материалдық  және  рухани 
өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік 
ақыл-парасатымен,  жеке  бастың  өзіне  тән  ақыл-ой,  ерік-жігер,  мінез-құлық  ерекшелігімен 
көрінуге  тырысып  бағады.  Қоғам  мүшелерінің  бәріне  ортақ  біркелкі  мінез-құлықтық 

93 
 
қасиеттің  болуы  мүмкін  емес.  Әр  адам  өзінше  дараланған  жеке  тұлға.  Адамдар  жеке  тұлға 
болып  бірден  дүниеге  келмейді.  Әрбір  адамды  қалыптастыру,  тәрбиелеп  жетілдіру  қажет. 
Жеке  тұлға  дегеніміз  адамның  мінез-құлқындағы,  іс-әрекетіндегі,  көзқарасындығы 
ерекшелігімен  даралануы.  Қоғамдық  тұлғаларға  ортақ  этикалық  бірыңғай  болуына 
қарамастан,  өзін  қоршаған  орта  жөнінде  әр  адамның  қалыптасқан  өзіндік  ой-пікірінің, 
көзқарасының  болуы,  олардың  өзі  көріп-білген  құбылысқа  деген  көзқарасын,  ой-пікірін 
білдіруі  заңды  құбылыс.  Мәселен,  біреулер  айналасындағы  құбылысқа  таңдана,  тамашалай 
қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін.  
Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі. 
Ол  адамның  жеке  басына  тән  физиологиялық,  психологиялық,  биологиялық 
ерекшеліктермен  тығыз  байланысты.  Мәселен  біреулердің  бір  нәрсені  жасауға  іскерлік 
қабілеті  болса,  екінші  адамда  оның  болмауы,  біреудің  ұйымдастырушылық  қабілеті  күшті 
болса,  ал  екінші  бір  адамның  ұйымдастыру  ісіне  қабілетсіз  болуы,  біреу  бір  айтқаннан 
білімді тез қабылдаса, ал екінші бір адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, 
біреулердің сурет салуға, ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктер 
адамдардың  басқалармен  ұжымдық  қарым-қатынасында  байқалады.  Сонымен  бірге  адам 
баласы  өмірде  үздіксіз  тәрбие  құшағында  болатынын,  бұрынғы  игерген  білім,  білік, 
дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен 
шұғылданатынын  ескеруге  де  тура  келді.  Жеке  тұлғаның  ой-санасының,  білім  көлемінің 
толығуымен  байланысты  оның  өмірге  көзқарасы,  белгілі  құбылыстарға  баға  беруінде  де 
өзгерістердің  болуы,  оның  жаңаруы  мүмкін.  Бұған  қоса  әлеуметтік  ортаның,  отбасы 
мүшелерінің,  жолдас-жораларының,  таныстары  мен  достарының  да  белгілі  мөлшерде  әсер 
ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалы зор. Сондай-
ақ басқалардың көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Сондықтан 
да  әр  адамды  бір-біріне  ұқсамайтын,  өзіндік  ерекшелігімен  дараланған  тұлға  дейміз.  Жеке 
тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен 
салыстырып  байқауға,  басқалардың  бойындағы  артықшылық  қасиеттерді  көре,  тани  білуге, 
соған теңелсем, сондай болсам деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті. Жеке тұлғаға тән 
қасиет  –  ақыл,  ес,  яғни  олар  өмірді  өзінің  сана-сезім  өлшемімен  қарап  бағалауға  бейім 
тұрады.  Сондықтан  өмірді  танып  білу  дегеніміз  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  сезім, 
түсінігінен  тұрады.  «Тұлға»  дегеніміз  адамның  келешек  өмірдегі  жобасының  келбеті.  Яғни 
адам  өз  бейнесін  өзі  жасаушы.  Тұлға-жеке  адамның  өзін  өмірде  көрсетудегі  мақсатының 
орындалуы  ғана  емес,  оның  ерік-жігерінің  іске  асуы.  Яғни  өзі  жөніндегі  ойын  еркін  іске 
асырудың  дайындығы  және  оны  іске  асыруының  нәтижесі,  көрінісі.  Сонымен  бірге,  тұлға 
дегеніміз  сезімнің,  әсердің,  ішкі  күйініш-сүйініштің  бойға  жинақталған  көрінісі.  Тұлғаның 
құрылымдық  компоненттері  үш  бөліктен  тұрады.  Біріншіден  –оның  ақыл-ойын  дамыту 
арқылы  санасын  жетілдіру;  екіншіден-адамзаттық  өркениетті  тұлғаның  бойына  біртіндеп 
сіңіру;  үшіншіден-жеке  тұлғаны  іс-әрекетке  ендіру  арқылы  өзін-өзі  тәрбиелеуге  белсене 
қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет 
етеді. Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-
ақ  бастап,  балаларға  әр  түрлі  жағдайлар  әсер  етеді.  Үй  тұрмысы,  үлкендердің  сөзі, 
қарапайым  балалық  өлеңдер,  теледидар  бағдарламалары  және  тағы  да  басқа  әр  түрлі 
жағдайлар  баланың  білімі  мен  сезіміне  жастайынан  айрықша  әсер  етеді.  Үлкендердің 
сөйлегендері  баланың  тұлғасына  тек  жағымды  әсер  еткен  жағдай  қазіргі  уақытта  қол 
жетпейін арман. Бірақ баламен қарым-қатынаста болатын адамдар оның рухани байлығы өте 
төмен  екенін  жақсы  түсінеді.  Сондықтан  да  әрбір  мектеп  баланың  сана-сезімін  байыту 
мақсатымен  ән-күй  пәндерін  кешіктірмей  беру  керек.  Кейбір  кезде  балалар  музыкалық 
білімді алмай барлық пәндерден өте төмен балды алып жүрген жағдайлар да аз емес.  
Оқушыларға  өнер  саласын  ашқаннан  кейін,  баланың  дамуына  үлкен  әсер  етеді. 
Музыкалық  тәрбиені  беру  үшін  алдымен  оның  мақсаты  мен  мүмкіндіктерін  бөліп  шығару 
қажет. Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық 
тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық 

94 
 
тәрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, мектепте және оны бітіргеннен 
кейін  толық  музыкалық  білімді  алуды  қамтамасыз  ету  керек.  Әрбір  әдістің  негізін 
музыканың  теориясы  емес,  практикалық  жұмыстары  қарайды.  Балалар  музыкаға  қызығып 
кеткеннен  кейін  ол  туралы  көбірек  білгісі  келеді:  музыкалық  ноталардың  белгілерін  жазып 
үйрену,  оларды  әнге  ауыстыру  және  тағы  басқа.  Музыка  пәніне  қызыққан  бала  кейін 
музыкалық  теорияны  да  оқуға  талпынады.  Музыкалық  практика  тек  қана  өлең  айту  мен 
аспапта  ойнаумен  шектелмейді,  сонымен  бірге  әнді  тыңдауда  практиканы  құрайды.  Әндер 
жеңіл,  аспаптар–элементарлы,  ал  әуендер  қарапайым  болуы  мүмкін  бірақ  қаншалықты 
құралдар  мен  материалдар  жеңіл  болғанмен,  олардың  көркемдік  сапасы  жоғарғы  сатыда 
болуы  ықтимал.  Әрине  дамудың  ең  бірінші  сатысында  музыкаға  деген  сүйіспеншілік 
фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға 
жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның 
бағыттарымен,  стильдерімен  таныстыру  қажет.  Сондай-ақ  классикалық  шығармалармен 
қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек. Тұлғаны тәрбиелеу – бұл 
қарым-қатынастың барлық түрлерін сатылы әрі үздіксіз дайындау және іске асыру деген сөз.  
Бұның  нәтижесінде  тұлға  қоғамдық  және  мектеп  құндылықтарын,  әлеуметтік 
рәсімдерді,  нормаларды,  ұйымдастырушылық  қабілетін  және  т.б.  игереді.  Білім  беру  және 
тәрбиелеу  процессі  кезінде  тұлғаның  әлеуметтендірілуін  қамтамасыздандыру  қажет.  Бұл 
жаңа  ашылыстарды  игеруді,  өзіндік  күн  көруді  үйренуді,  мәдениеттің  минимумдық  негізін 
салуды  білдіреді.  Музыка  туралы  білім  біздің  заманымызда  күннен  күнге  үлкен  рөль 
атқарады.  Егерде  бұндай  жұмыс  нәтижесінде  оқушылар  музыка  пәнінде  эмоционалдық 
қанағаттанса,  онда  олар  музыкаға  деген  сүйіспеншілікті  бүкіл  өмір  бойы  өткізе  алады. 
Солардың  біреулері  болашақта  композитор,  біреулері  -  әнші,  тағы  біреулері  –  жақсы, 
музыканы  сүйсіне  тыңдайтын  тындарман  болуы  мүмкін.  Музыкалық  тәрбиешілер 
жастардыосы екінші, үшінші топқа қосылып кетулеріне себеп болу керек.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Ақынжанов М. «Қазақтың тегі туралы», Алматы, ҚБМБ, 1956ж. 
 2. Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі«Айтыс өлеңдерінің тәрбиелік мәні» 2001 ж, №2, 
40-43 б.  
3. Балтабаев М.Х. «Педагогическая культурология». - А., 2000. 178.-183 б. 
 4. Басенов Т.К. «Орнамент Қазақстана в архитектуре». - А., Изд. Ан. КазССР, 1957, 7-
126 б.  
5. Ғабдуллин Ж. Таңдамалы 2 бас. – А., «Жазушы» 1985, 177 б.  
6. Еңсепов Ж., Ысқақов Б., «Музыка жалпы орта білім беретін мектептің 5-6- 
сыныптарына арналған бағдарламалар» Алматы: РОНД, 2003. 
 7.Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш мектеп». 2000 ж. №3 
9-10 б.  
8. Жайымов А. , Ысқақов Б., Еңсепов Ж., Сәрсенбенов Ж. «Музыка, оқыту әдістемесі» 
Алматы: Атамұра, 2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

95 
 
ӘОК37.013.2 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАРДА ҰЙЫМДАСТЫРУ –  
САПАЛЫ  БІЛІМ НЕГІЗІ 
 
Жаманбалинова  К.С. 
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясының химия пәнінің мұғалімі,  
Талдықорған қ.   
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  ену  қажеттілігі  көтеріліп 
отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру 
арқылы  жалпы  білім  сапасын  арттыру  көзделген.  Осы  орайда  әрбір  мұғалім  озық 
технологияларды  терең  талдаудан  өткізіп,    өзіне  тиімдісін  таңдауы  керек.Оқушының 
бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  –  барлық    педагогикалық  ұжымдардың  
бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ- оқушылардың  тұлғалық ерекшеліктері 
ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр  
оқушының  болмысы  арқылы  дамытушылық  ойлау,  өз  бетінше  шешім  қабылдау  қабілеті 
қалыптасуы тиіс. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  сабақ  өткізу  барысында  оқу-тәрбие  процесінің 
патриоттық тәрбиеге қатысты бөлігін арттыруға байланысты  шаралар қарастырылуы керек. 
Олар : отан сүйгіштікке, төзімділікке, азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталуы қажет. 
Мектеп  пәнінің  құралдары  әрбір  сабақта  оқушының  бойында  шығармашылық 
ойлауды « дербестікті»,  бастамшылықты дамытатын оқу жағдайларын жасауы тиіс. 
Уақыт талабы оқыту технологияларын жаңартуды талап етуде. Оқу-тәрбие процесінің 
тиімділігі  педагогикалық  мамандардың  шығармашылық    бастамасына  тығыз  байланысты. 
Жеке  тұлға  қалыптастыруда  жаңа  оқытудың    әдіс-  тәсілдерін  іздестіру  пәндік  білім 
саласында  игерілетін  білімдерімен  анықталады.  Мұғалім  қазіргі  заман  технологияларын 
игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.  Қазіргі кезде оқушыларды химиялық әзірлеудің 
жоғарғы  деңгейіне  қол  жеткізу  үшін  химиялық  білім  беруді  дамытуда  айқындалған  жалпы 
әлемдік    тенденцияларға,  яғни    химиялық  білім  берудің  мазмұнын  экологияландыру,  басқа 
жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру және оқытудың жаңа әдістерін қолдануға барынша 
сүйену қажет . 
Білім  беруді  қазіргі  кезеңге  сәйкес  өзгерту  әрбір  оқушыға  белгілі  бір    білім 
жиынтығын  меңгертуге  ғана  бағытталмай,  сонымен  бірге  жеке  адамның    танымдық  және 
жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен 
қабілетін  ескеру,  оқытудың  іс-әрекеттік  мәнділігін  арттыру,  саралап  оқыту,  білімнің 
практикалық    бағытталуын  күшейту,  оқу  материалдарының  мазмұнын  оқушының  өмір  
тәжірибесіне  жақындату,  оның  өз  бетінше  оқу  және  ізденушілік  қызметін    кеңейтетін 
жағдайлар  туғызу  білім  сапасын  арттырудың  пәрменді  тәсілдері  болып  саналады.  Химия 
пәнінің  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқушылардың  практикалық  және  эксперименталдық 
қызметіне  көп  көңіл  бөлгені  жөн.  Осыдан  оқушының  өзіндік  танымдық  қабілеті  артып, 
практикалық дағдылары қалыптасады,оқуға құлшынысы артады. 
Мен 10 (ЖМБ) химия пәнінен "Химия есептерін шығару әдістері" қолданбалы курсын 
сіздерге  ұсынбақшымын.  Осы  бағдарлама  бойынша  сабақ  жүргізудемін.  Қолданбалы 
курстың  ерекшелігі    оқушылар  күнделікті  сабақ  жоспарынан  тыс  тың  материалдарды  көп 
ізденеді.  Өзін-өзі  дамыта  біледі.  Химиялық  есептерді  шығару  әдісіне  арналған  .  Мұнда 
химиялық экспериментке сүйенген есептер курс мазмұнын тереңдете түседі. 
Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар: 
- курстар санының таңдауға лайық мейлінше көп болуы; 
- вариативтілігі, әр оқу жылында ғылым мен техниканың жетістігін ескере отырып, 
курстарды жаңарта білу; 

96 
 
-  қысқа  мерзімділігі,  яғни  оқушылар  бір  оқу  жылында  бірнеше  элективті  курстарды 
таңдауға  мүмкіндігі  болады.  Әр  тоқсанға  арналған  элективті  курстар  болса  өте  ыңғайлы 
болады; 
-  мазмұнының    өзіндігі,  химия  пәнінің  ерекшелігін  және  химияға  тән  танымдық 
әрекетерді (эксперимент, модельдеу, т.б. ) көрсету. Мектеп  курсының мазмұнын қайталауға 
болмайды немесе жоғарғы оқу  орындарында өтілетін бірінші курс бағдарламасын қарастыру 
қажетсіз; 
- білім стандарттарынан  өзгешелігі
- курсты ұйымдастыруда әрекеттік тәсілді қолдану; 
- курсты оқытуда белсенді оқу әдістерін, жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану 
шеберлігін кеңейту. 
Бейіндік  оқыту  сыныптарында  (10-11-сыныптар)  қосымша  мынандай    талаптарды 
ескерген жөн: 
- оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру; 
- бейіндік деңгейде химияны меңгеруге дайындау; 
- оқыту барысында химиядан практикалық біліктілігін қалыптастыру  және дамыту. 
Қолданбалы элективті курстар. 
Олардың  мақсаты  –  химия  пәнінің  теориялық  негіздерін  қолданбалы    сипатта 
пайдалануын    мектеп  оқушыларына  кеңірек  және  ашық  көрсетіп,  сол    арқылы  олардың 
білімдерін қалыптастыру.  
Мысалы : "Қазақстанның химия  өнеркәсібінің дамуы", "Химия және қоғам", "Ғарыш 
химиясы",  "Химия    және  медицина",  "Химия  және  тағам"  т.б.  оқушылардың 
қызығушылығын  тудырады. 
Мысал ретінде: Сан есептерін шығару әдістемесі. 
Сан есептерін оқыту, тәрбиелік маңызы: 
1.  Сан  есептері  арқылы  жаңа  білім  алынады,  білім  нығайтылып,    жетілдіріліп 
қолданылады. 
2.  Тәрбиелік  маңызы:  Заттар  мен  құбылыстардың  арасындағы  сандық    қатынастар 
жүзеге асады. 
 Оқушынының 
диалектикалық  және  материалистік    көзқарасын  дамыту. 
Еңбексүйгіштікті мақсатқа жетуде табандылықты, өзінің  жауапкершілігін арттырады. 
Дамытушылық мақсаты:  терең сан есептерінің үлесі өте кең. 
1) Есеп шығару барысын түсіну, талқылау, ой елегінен өткізіп  тұжырым жасау. 
2) Салыстыру, талдау, жинақтау. 
Жалпыдан  жекеге,  жекеден  жалпыға  ауысып  ойлау  арқылы  оқушының  ақыл-ойы 
дамиды. Интелектуалдық ақыл - ойы қалыптасады. Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке 
тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды: 
 - Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту
- Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, 
мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс. 
- Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ 
уақыт  бойына  байқау  әдістері  негізінде  іске  асыруы  тиіс.И.С.Якиманскаяның 
пайымдауынша,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытуда  даралау  тәсілі  барлық  білім  беру 
процесінің  негізгі  қағидасы  болып  табылады,  оның  мақсаты-әрбір  баланың  мүмкіндіктерін 
танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің 
болуы  қойылған  мақсатқа  жетудің-яғни,  қайталанбас  жеке  тұлға  ретінде  әрбір  оқушының 
дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”. 
Е.В.Бондоревская  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың  мазмұнында  жеке  жеке 
тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы 
қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және 
жеке тұлғалық.  Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті  де 
негізінен  сөйлесу,  шығармашылық  іс-әрекет  арқылы  әрбір  баланың  жекелеген  дамытуға 

97 
 
жағдай  жасауға,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  және  шығармашылығына,  оқу  әдістері  мен 
мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз. 
Г.К.Селевко  мұндай  технологияның  ең  негізгі  құндылығы-оқушы  жеке  тұлғасы,  ал 
негізгі  мақсаты  табиғи  қабілеттеріне  сәйкес  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру  деп  атап 
көрсетеді. 
Біздің  ойымызша,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  материалды  шығармашылықпен 
меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-
әрекетті талап етеді: 
 1)  өз  оқушыларының  темпераменті,  мінезі-құлқы,  көзқарасы,  талғамы  мен  әдеп-
дағдыларының  
жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;  
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, 
өмірге,  еңбекке  көзқарасы,  құндылық  бағыттары,  өмірлік    жоспары  және  т.б.  сияқты  аса 
маңызды тұлғалық  
қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;  
3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға 
дамуын  қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 
4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, 
ал  егер  мұны  уақтылы  істей  алмаса,  жаңа  жағдайларға  сай  тәрбие  тактикасын  жедел  түрде 
өзгертуі; 
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;   
6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі  тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу 
мақсаттарын,  әдістерін, формаларын таңдауға көмек  беруі;  
7)  оқушылардың  дербес  әрекетін,  бастамашылдығын,  әрекетшілдігін  дамытып, 
басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.  
В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні 
төмендегідей: 
1.  Жеке  тұлға  дегеніміз-адамның  арнайы  білім  алу  және  даму  аясын  білдіретін 
педагогикалық  категория. 
2.  Адам "жеке  тұлға  болу”  тәжірибесін,  яғни  жеке  тұлға  функцияларын  атқара  білу 
тәжірибесі  меңгеруі  тиіс.  В.В.Сериков  жеке  тұлғаға  бағдарланған  білім  беруге  тән 
заңдылықтарды атап көрсетеді: 
1. Жобалау элементі- «тұлға өміріндегі оқиға», ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге 
айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады. 
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім 
беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады. 
3.  Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады. 
4.  Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі. 
5.   Мұғалім  мен  оқушының  өзара  бірлескен  әрекеті  тұлға  аралық,  субьект  аралық 
қарым-қатынас  сипатын  алады.  Ендеше,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  дегеніміз-тек 
оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең 
алдымен,  оқушыға  жеке  тұлға  ретінде,  бірлескен  қызметтің  саналы  әрі  жауапкершіл 
субьектісі ретінде қарау. 
Г.К.Селевко  бұл  технологиялардың  негізінде  өзін-өзі  өзектілендіруге  ұмтылатын 
«толық қанды тұлға» болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік 
жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған 
технологиялардың  мақсаты,  ғалымның  пікірінше,  жеке  тұлғаның  өзінің табиғи 
қабілеттеріне сай  қалыптастырып,  дамыту  болып  табылады.  Технолог  ғалымдардың 
пайымдауынша,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  технологиялар  әрбір  баланың  жеке 
ерекшеліктеріне  сай  оқыту  және  тәрбиелеу  әдістері  мен  тәсілдерін  іздеуде.  Мұндай 
технологиялар 
психодиагностика 
әдістерін 
пайдаланады, 
оқушылар 
қызметін 
ұйымдастыруға  деген  көзқарасты  өзгертеді,  оқудың  түрлі  құралдарын  қолданады.  Демек, 

98 
 
жеке  тұлғаға  бағдарланған  технологиялар  сүйіспеншілік,  қамқорлық,  ынтымақтастық 
ахуалын  туғызып,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  әрекеттеріне  және  өзін-өзі 
өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір 
оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне,  
мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді. 
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар: 
-   В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы; 
-   П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы; 
-   В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы; 
-   Ш.А.Амонашвилидің  ізгілікті-тұлғалық технологиясы; 
-   Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың  дамыта оқыту технологиясы; 
-   Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы; 
-   М.Чошановтың,  П.И.Третьяковтың,  К.Я.Вазинаның,  В.М.Монаховтың  модульдік 
оқыту  технологиялары
-   Г.К.Селевконың  өзін-өзі  дамыта  оқыту  технологиясы; 
-  Ж.А.Қараевтың, 
Т.Т.Ғалиевтің, 
Ә.Жүнісбектің, 
М.М.Жанпейісованың, 
Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал. 
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, 
ізгі  дәстүрлерін  сақтау  жолындағы  күрес  ұлттық  сананы  сақтау  күресі  екенін  түсіну. 
Ұлттық  тәрбие  деп  жеке  тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата 
тарихын,  төл  мәдениетін  және  ұлттық  салт-дәстүрлерді  меңгеруі  негізінде  қалыптасуын 
айтамыз.  Өзімізді  өзіміз  бағалай  білуге  бет  бұру  –  ұлттық  байлығымызды  игеру,  ұлттық 
санамызды дамыту. 
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы 
оқыту  процесі  арқылы    жүзеге      асырылады.Соның  ішінде  сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы 
арқылы  оқыту  –  саналы  процесс  екенін  айтқым  келеді.  Интеллектуалдық  деңгейі  жоғары 
тұлғаны  қалыптастыру  үшін,  оны  оқытып  қана  қою  жеткіліксіз.  Оны  тұлға  ретінде  жан  – 
жақты  дамытуға  қолайлы,  оқытудың  шығармашылық  түрін  жасау  қажет,  яғни  
шығармашылық  оқу  әрекетін  туғызу    қажет.  Бұл  баланы,  берілген  оқу  материалын  жаттап 
алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін  ізденуге  үйретеді. 
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда 
төмендегі құндылықтардың болуы қажет: 
-  белсенді  қарым-қатынас:   оқушы  мен  мұғалімнің  әрбір  мәселеде  өз  көзқарастарын 
білдіріп отыруы; 
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы  
жауапкершілігінің болуы; 
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны 
дамыту; 
-  шыдамдылық:  әртүрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір-бірінің  пікірлері  мен 
ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.  «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-
қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,- дейді философ 
М.М.Бахтин.Оның  пікірінше,  диалог  тұлғаны  қалыптастырудың    құралы  ғана  емес,  оның 
адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі өзін – өзі дамытып отыруға ұмтылуы 
өзгелерден  бөлек  жағдайда  емес,  өзге  адамдармен  диалогтық  қатынастарға  түсу  кезінде 
жүзеге  асырылады.  Бірлескен  қарым-қатынас  негізінде  оқушы-оқушы,  мұғалім-мұғалім, 
оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері 
пайдаболып,    толеранттық  пен  мейірімділік    көзқарастары  қалыптасады.   Сонымен  бірге 
сыни  ойлау  арқылы  тұлға  бойында  рефлексиялық  сапаларды  қалыптастыру.  Рефлексиялық 
сапа дегеніміз - білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы  қабылдап, тұлғаның рухани дамуы,  
ғылыми  ақпараттарды  игеруі  болып  табылады.  Оқушы  бойында рефлексиялық  сапалардың 
қалыптасуы  білім  беруді  ізгілендірудің    нәтижесі  болып  табылады.  Оқушының  өзін  тану 

99 
 
үшін  және  өмірлік    жағдаяттарын  шешудің  бірден-бір  тәсілі  –  рефлексиялық  басқаруды 
жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор: 
- өз  тәжірибесін  пайдалана  отырып,  жаңа  білім  арқылы  дүниеге  өзіндік  түсінік  пен 
танымды қалыптастыру
- өзге адамдардың ұсынатын  идеяларына конструктивтік  көзқараспен  қарай алу; 
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін 
нәтиже шығару; 
- өз  біліміндегі  олқылықтарын көре білу  және оны жоюдың  жолдарын табу. 
Рефлексиялық  әрекеттер  барысында  оқытудың  жолдары  талданады,    өзіндік  шешім 
қабылдауға  жағдай  туғызылады.  Сөйтіп,  бала  өзін-өзі  дамыту,  тәрбиелеу,  өз  әрекеттерін 
ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз  ерекшелігі мен деңгейін таниды. 
Оқыту  процесіне  соңғы    кездері  жаңа  жобалар  мен  озық    технолоиялар    енгізіліп 
жатыр.  Оның  мәні  –  тұлғаны  өзінің    әрекеттеріне  талдау  жасауға,  өзі  үшін  маңызды 
мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Осы орайда Д.Дьюи 
философиясының  идеясын  айтар  болсақ,  яғни  өмірлік    тәжірибеге  негізделген  өз    білімін  
оқушының  да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге  асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті  
тәжірибеге  енгізуде  мұғалімдердің  сыртқы  форманы    ғана    басшылыққа    алмай,    оның  
философиясын  ұғыну  маңызды    шарт.  Өйткені  оқытудағы  басты  мақсат    –  алдындағы 
оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне 
сай  қолдана білуге үйрету.  
Осыған  сәйкес  оқыту  мазмұны  құндылықтық,  танымдық,  әрекеттік-  шығармашылық 
және тұлғалық қызметтерді қамтиды: 
- құндылықтық қызмет:  тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын 
таңдап  алуы; 
- танымдық  қызмет:    тұлғаның    рухани    дамуының    негізі    ретінде  ұлттық  мәдениет, 
дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі; 
- әрекеттік-шығармашылық  қызмет:  тұлғаның  оқу,  еңбек  ету,  ғылыми,  көркемдік  
және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін  
қалыптастыру және  дамытуы; 
- тұлғалық  қызмет:    өзіндік  санаға  бағытталған  рефлексиялық  қабілетті    дамыту  
арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз  етуі.  
Білім  беру  үрдісіндегі  демократиялық  және  гуманитарлық  қарым-қатынастар 
оқушының  танымдыққа  білетінің  дамуына,  өз    әрекеттеріне    өзгеріс    енгізе    алуына,  өзін 
үнемі  жетілдіріп  отыруына  ықпал  етеді.    Оқытудың  осы  тұрғыда  ұйымдастырылуы    әр  
оқушының    жеке  тұлғасында  өзіндік  ерекшеліктері,    өзіндік  өмір  тәжірибесі  мен  өзіндік  
құндылықтарын ескеру арқылы өзіндік және  өзара  бірін-бірі  дамытуға  жол  ашады. 
Осылайша  қарастыру   негізінде  білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік  
таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас,өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық 
рефлексиялық  сапалары  пайда  болады  және  одан  әрі    дамиды  деген  тұжырым  жасауға 
болады. 
Өз ойымды ұлы Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген 
қанатты сөзімен қорытындылай  отырып сіздерге сәттілік тілеймін.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б.   
2.Айтбаева А.Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011.   
3. Социально-педагогический словарь. /Под ред. Т.Н.Черняева, А.С.Иргалиев  
4. Жарықбаев Қ. «Психология негіздері» Алматы 2005 ж. 
5. Сәбет Бап – Бапа  «Психология» Алматы 2004 ж, 
6 . Қоянбаев Ж.Б.  Педагогика 2000 ж. 
7. Усманов Ә.Ә. «Педагогика» Алматы 2005 ж.
 
 

100 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет