Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет233/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

— Бұлар антқа тұратын адамдар деймiсiң. Ей, айтыңдаршы, 

сендер антқа берiксiңдер ме? 

Мұрсат екi басмашыға қарады.

Басмашылар қазақтарға жауап бермек түгiлi, тура қарауға да 

қорқатын сияқты. Жүректерi ұшып отырған сорлылар не десiн? 

Осы  кезде  Құрбан  кiрген  үйден  төрт  кiсi  шықты.  Алдында  — 

Құрбан. Бәрiнiң қолдарында мылтық. Үй артына қаз-қатар тұра 

қалған олар Сүлеймендерге қаратып оқ ата бастады. Бұлар жата-

жата қалысты. Мұрсат кіжінді:

— Қап, жаңа айттым ғой –сенбеңдер Құрбанға деп.

—  Жә,  болды.  Қазiр  айтысатын  уақыт  емес.  Одан  да  шын 

мерген екенiңдi көрсетiп, аналарды бiр-бiрлеп жер жастандыршы.

Бейiсқожаның  сөзiнен  кейiн  Мұрсат  мылтығын  алға 

кезенiп,  басмашыларды  көздей  бастады.  Үш-төрт  рет  оқ  атқан 

басмашылар  берi  қарай  ентелей  жүрдi.  Қорықпайтын  сияқты. 

Ашық  келе  жатыр.

—  Нәлетi  таулық,  жаңа  “антымды  бұзсам  қызығымды  жер 

көрсiн”  деп  пе  едi.  Көрсiн,  ендi,  жер  қызығыңды.

Алдағы Құрбан шалқасынан түстi. Оны көрген қасындағылар 

бiр сәт тоқтап қалысты. Осы мезет Мұрсат екiншi бiреуiн жер 

құштырды.  Оның  өкiре  құлағаны  сондай,  даусы  бұларға  анық 

жеттi. Тiк тұрған екi басмашы ол сұлап түскенде, оған қарауға да 

шамалары келмей, артқа қашты. Мұрсат тағы бiр рет атты. Ендi 

қашқанның бiрi етпетiнен түстi. Сол-ақ екен төртiншi басмашы 

жата  қап,  алға  еңбектей  бастады.  Ал  жаңағы  құлағаны  әлi  тiрi 

екен. Ол да жер бауырлай алға жылжыды.

— Нәлетiлердi еңбектеген күйлерiнде жерге қадай салайын. 

Мұрсат мылтығын тағы оқтай бергенi сол едi, үй бұрышынан 

үлкен жүн қалпақ киген бiреу шыға келдi. Еңбектеген басмашы 

оған  бiрдеңе  деп  айқайлады.  Жүн  қалпақты  зып  берiп,  үй 

бұрышына  тығылды.  Бұл  кезде  Мұрсат  мылтығын  оқтап 

үлгерген-дi.  Жараланса  да,  жандәрмен  алға  жылжығанды  бiр 

атып,  қозғалтпай  тастады.  Оның  алдындағыны  да  бiр  атып, 

сеспей  қатырды.

— Мынау шынымен-ақ мерген ғой.

— Ә, менi бекерге айтады деймiсiң, Сүлеймен.



486

Сүлеймен қарақшы

Бейiсқожа  сөзiн  аяқтағанша,  үй  бұрышынан  манағы  дәу 

қалпақты қайта шықты. Қолында жуандау бiрдеңе бар. Сонысын 

қазақтарға  қаратты.

—  Пүлiмөт,  пүлiмөт.  Кейiн  шегiнiп,  дуалдың  арғы  жағына 

өтiңдер,  —  деп  айқайлады  Мұрсат.

Дүрсiлдеген  пүлiмөт  даусы  жер-көктi  жарып  жiбердi.  Артқа 

еңбектей шегiнген қазақтардың үстiлерiнен ысылдап оқтар өтiп 

жатыр. Денесi ауыр Сүлеймен серiктерiнiң соңында қалып қойды. 

Ең алдағы Айдабол дуал бұрышына бiрiншi жетiп, ары бұрылып, 

көрiнбей кеттi. Сүлейменге ол бұрышқа жету үшiн әлi бiраз жер. 

Өмiрiнде қанша қауiп-қатердi көрсе де, дәл бұлай қашпаған бұл 

тоқтай қалды да артына қарады. Тура үй бұрышында тұрып алған 

дәу қалпақты пүлiмөтiнен оқты бiр жаудырып, бiр тоқтатып тұр. 

Сүлеймен артына қарағанда, ол атуын тоқтатып тұр едi. Артынша 

қайта атты.

Бiрнеше оқ ысылдап мұның тура құлақ үстiнен өттi. Не iстеудi 

ойлауға  мұршасы  келмеген  бұл,  басын  төмен  бұғып,  дуалға 

қарай  аунап  түстi.  Сонда  байқады.  Бағана  өздерi  отырғызып 

қойған екi басмашының жанына келiп қалған екен. Дуал түбiнде 

қатар отырған екеуi бiр жаққа бiрдей қисайыпты. Бiреуiнiң басы 

мылжа-мылжа.  Сорлыға  пүлiмөттiң  оғы  тиiптi.  Ал  бiреуi  тiрi. 

Соны паналап жатыр. Сүлеймен жатқан күйi тiрiсiн өзiне қарай 

тулақша тартып алып, жанына жатқызды. Оққа қалқан болсын 

дегенi ғой. Бiрақ осы сәтте пүлiмөт атуын тағы тоқтатты.

— Атып тұрған кiм? — дедi Сүлеймен басмашыға.

— Озғар ғой, — дедi анау үнiн әзер шығарып. — Ойбай, ол 

қазiр жүгiрiп келсе, менi де атып тастайды.

— Несiне жылайсың? Бәрiбiр өлетiн адамсың.

Алайда Озғар жүгiрiп келмедi. Қайта оқ та атпады. Сүлеймен 

басмашының  белiнен  басын  асырып,  үй  жаққа  қараса,  Озғар 

жоқ. “Пәле бiр шеттен келе жатқан жоқ па” деп жан-жаққа көз 

салды. Озғар еш жерден көрiнбедi. Бiрдеңенi тасалап келетiндей, 

алдыңғы жақта сай-сала, ор-жар да жоқ.

— Әй, сенiң Озғарың қайда кеттi?

— Оғы таусылған шығар. Бағана белдемшесiндегi пүлiмөттiң 

оғы азғантай-ақ едi.

— Шынында солай ма едi?

— Оқ тола белдемшенi тауда қалдырып кеткен.



487



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет