Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет261/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Сүлеймен қарақшы

бiр  бұзық  неге  басыңызды  шауып  кетпедi?  Осындай-осындай 

қауiптерден  сiздi  үнемi  қорғап  жүрген  бiр  киенiң  болғаны  да. 

Ондай  кие,  әруақты  жандарда  ғана  болатыны  аян. 

Бүгiн Сүке, тым көңiлсiзсiз ғой. Бөтен жерде емес, iнiңiздiң 

үйiнде  отырсыз.  Бұрын  үнемi  қабағыңыз  ашық  жүретiн  едi. 

Ашық-жарқын отырыңызшы. Өзiңiз шақырып келтiре алмайтын 

қонақсыз.  Келгенiңiзге  қуанып  отырмын.  Жадырап,  өткен-

кеткеннен  сыр  шертсеңiз  тәуiр  болар  едi. 

— “Балықшы балығын, қойшы қойын айтады” дегендей, менде 

адам  қызығарлық  өткен  шақ  бар  деймiсiң.  Мен  айтсам,  кейбiр 

әңгiмелерiме  төбе  шашың  тiк  тұрады.  Қарақшының  айтатыны 

қарақшылық жортуылдан басқа не болсын. 

— Сiз, Сүке, жұрт жек көретiн қарақшы емессiз. Бiле бiлсеңiз, 

сiз күллi халықтың сүйiктi тұлғасысыз. Iсi лас, тiрлiгi нас, жаман 

қарақшыны  жұрт  сыйламас-ты.  Ал,  сiз,  қарақшы  деген  атпен 

зор даңққа бөленiп, сол атақпен қошаметтi өмiр сүрдiңiз. Елдiң 

өзiңiзге деген iлтипаты өзгеше. Осыған шүкiр деңiз. 

—  Е-е,  Дүйсенбек,  жұрттың  бәрiнiң  түсiнiгi  сенiкiндей 

деймiсiң.  Жасым  ұлғайған  сайын  өткенiме  көп  көз  жiберiп, 

өмiрiмнiң бiрталай кезеңiне өкiнiш бiлдiрiп, түн ұйқымның төрт 

бөлiнетiнi  бар.  Неге  сонша  сергелдең  өмiрге  құмар  болғаныма 

таңмын.  Таң  бола  тұрып,  “басқаша  өмiр  сүре  алмас  едiм-ау 

бәрiбiр”  деген  ой  туады  тағы.  Менi  қынжылтатын,  ылғи  маза 

бермейтiн бiр ой бар. Мына жалғанда кiм мәңгiлiк дейсiң. Мен 

де кетермiн бiр күнi. Бiр күнi емес-ау, сол ажал қап-қара болып, 

кешелi  берi  жаныма  таяп-таяп  келiп  жүргендей...  Иә,  құрғыр 

ажалдан кiм құтылған? Ол тап келсе, артымда не қалды, соны 

ойлап мазаланам. Ел не айтады мен жайында. Ұрпақтарым кiм 

болды дейдi? Менiң ешкiмнiң басынғанын көтере алмайтын биiк 

көкiрегiмдi, ешкiмге намысымды жiбермейтiн өршiл жүрегiмнiң 

сырын кейiнгiлер ұға ала ма? Әлде майда-шүйде ұры-қарыларға 

бас болған, талайдың түбiне жеткен қанiшердiң нағыз өзi болған 

дер ме?


Мен Сүкеңнiң мұң торлаған көңiлiн серпiлткiм келдi. Ол үшiн 

оның қуанышпен еске алатын естелiктерiн қозғайын дедiм:




543

Сүлеймен қарақшы

—  Осы,  Сүке,  сiз  сотталғанда,  болмаса  ұсталғанда,  өмiрi 

мiлисалардың алдында жүрмейтiн едi деген қауесет бар. Сол рас 

па? 


Ол менiң ойымды сезгендей:

— Сен көңiлiмдi көтерейiн деп отырсың-ау деймiн, — дедi. — 

Сосын сәл жымиды. — Оның рас. Қай кезде де мiлисалар менiң 

алдымда жүретiн. Мен қашпай, олардың соңынан ерiп, баратын 

жерге iлесiп баратынмын. 

— Сiзде алтын көп болған дейдi... 

— Болды. 1930-40 жылдары Тәшкенде не нәрсе болмайтын. 

Ондағы  өмiр  бiздiң  дала  мен  тау  қазақтарының  өмiрiнен 

тым  басқаша  едi.  Алтыны  көп  байлар  да  мол-ды.  Талай  бай, 

алдымызда  кiнәлi  болған  талай  белсендi  кей  кезде  бiзге  алтын 

берiп  құтылатын.  Бiрақ  сол  алтындардың  қызығын  өз  басым 

көрген  емеспiн.  Кейiн  Бекаба  деген  жөйiттi  өлтiрген  кезiмде 

де  бес-алты  қадақ  алтын  олжалағам.  Тағай  деген  досым  оны 

Тәшкен саудагерлерiне сатып, көп ақша жинап бердi. Ал ақшаны 

кембағалдарға  тараттым. 

—  Кейбiр  ұрылардың  Өзбекстаннан,  Қырғызстаннан  айдап 

келген жылқыларын тартып алып, ауыл-ауылдарға таратқаныңыз 

да шындық қой. 

— Иә. 

—  Кавказдықтардың  өзiңiзбен  аттас  бiр  дәуiн  ұрып-жығып, 



келiмсектердiң  екi  аяқтарын  бiр  етiкке  тығып  қойғаныңыз 

жайында да есiтiп едiм. Сол оқиға қай жылы және қалай болған 

едi?

— Мен елу жетiншi жылға дейiн Тәшкенде тұрдым. Бiрақ ауық-



ауық елге соғып тұратынмын. Елу төртiншi жылы жазда ауылға 

келсем, елдегi бiраз жұрт маған олардан көрiп жүрген зәбiрлерiн 

айтты.  Сөйтсем,  олар  жиылып  алып,  қазақтарға  тыныштық 

бермейдi екен. Малдарын ұрлағандары былай тұрсын, базарлар 

мен көшелерде ашық түрде әлiмжеттiк жасап, онша-мұнша зат-

бұйымдарын  тартып  алады  екен.  Мұндайды  естiген  мен,  сiрә, 

шыдап тұрам ба? Жексенбi күнi Ленгiрдiң мал базарына сондай 

зорлықшылардың  белсендiлерi  түгел  жиналатынын  бiлген  соң 

сонда бардым. Бiр мықтысынан бастап, оншақтысын жайратып 

салдым. “Бұдан былай бiр қазаққа тигендерiңдi естиiн, бәрiңдi 

бүгiнгiден бетер етемiн” дедiм.



544



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет