Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет27/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Жарықтық, сиқымдағы Қасекең — сенiң бабаң Төле биге ұқсап 

туған нардың өзi едi…

  Бұлар  осылайша  әңгiмелесiп  келе  жатып,  Досалы  бидiң 

ауылына  жақындап  қалғандарын  да  сезбей  қалды.

—  Әне  бiр  қызыл  түнiкелi  үйдi  көрдiң  бе?  —  дедi  Көбек 

ауыл шетiндегi орыс үлгiсiмен салынған дәу тамды көрсетiп. — 

Досалы бидiң үйi — сол. Осы жерде аттан түсiп, оған жаяулата 

жақындайық.  Тура  үй  маңына  дейiн  атпен  ойқас-татып  барған 

адамды Досекең аямайды. Малайларына айтып, дүре соқтырып 

жүруi  мүмкiн.  Аттан  түсiңдер!

  Бәрi  Досалының  үйiне  қарай  жаяу  беттедi.  Бұлар  үй 

маңындағы  төбесi  қамыспен  жабылған  ұзын  қораның  жанына 

келгенде,  алдарынан  екi  қызметшi  жiгiт  шықты.

— Би үйде ме? 

— Үйде, Көбеке, үйде. Кеше ғана Қазығұрт жақтан келiп едi. 

Қалай, өздерiңiз аман-сау жеттiңiздер ме? — дедi ұзынша келген 

бiрi.


— Қасында кiм бар?

— Шегiр Естемес би мен Сүгiрәлi болыс, Елтай төре бар.

—  Елтай  төре  деймiсiң?  Ол  хан  тұқымының  биде  қандай 

шаруасы  бар  екен?

—  Қандай  iспен  келгенiн  бiзге  айтады  деймiсiз.  Естуiмше, 

Қарабұлақ үстiндегi сарттар мен қазақ төрелерi жерге таласып 

қалғанға  ұқсайды.  Сол  шаруамен  келiп  отыр-ау,  шамасы.

— Оншақты үй төре осында ауып келгелi берi жер дауымен-

ақ  өмiрлерiн  өткiзетiн  болды-ау.  Қайбiр  жылы  да  Ақсудағы 

қусирақтармен  жер  дауына  түсiп  жүрушi  едi...  Сендер  осында 

қалыңдар.  Менiмен  Сүлеймен  жүрсiн. 

Би  үйi  аса  сәндi  екен.  Алдында  ұзыннан  бастырмасы  бар. 

Көбек пен Сүлеймен сол бастырмадан өтiп, есiгi оюланған төргi 

бөлмеге кiрдi. Кең бөлменiң төрiнде шоқша сақалды екi кiсi отыр. 

Екеудiң оң жағындағы дөңгелек жүздi, қоңқақ мұрынды кiсiнiң 

жанында жалпақ бет, дүрдиген ерiндi, екi көзi тұздай көкпеңбек, 

түсi суық, қақпақтай жауырынды тағы бiреу бар. Олардың бергi 

шетiнде бiр әйел қымыз құйып отыр.

— Ассалаумағалейкум, — деп дауыстай кiрдi Көбек.



57

Сүлеймен қарақшы

— Уағалейкумассалам. Әй, Көбекпiсiң? Қалай, ат-көлiк аман 

жеттiңдер ме? — дедi жаңағы түсi суық кiсi бiрiншi жауап қатып.

Екеуi дастархан шетiне отырды. 

—  Қымыз  құй  балдарға,  —  дедi  әлгi  кiсi  әйелге  бұрылып. 

Сосын  жүзiн  Көбекке  бұрды: 

— Мынау қай бала? 

— Өз баламыз ғой. Қожамжардың ұрпағы.

—  Қожамжардың  ұрпағы  дейдi.  Бiркөлiктiң  етегiн  ендеген 

Қаракөк жаныстанмын десейшi. Қожамжардың төрт қатынынан 

он  екi  бала  туылған  ғой.  Қай  баласынансың?  Датқа  әулетiнен 

емеспiсiң?

— Жоқ. Бұлар Дауылбай балдарынан, — дедi Көбек.

— Кiмнiң баласы? Өзi айтсын да.

— Мәменнiң баласымын.

— Қай Мәмен? Сұлтаннан туған Мәмен бе?

— Иә. 

— Ә, жөн. Үш ата өрбiген Дауылбайдың ұрпақтарының iшiнде 



атан  түйеге  тартып  туған  ешқайсысы  болмаушы  едi.  Сiрә,  сен 

Төле бабаңа тартқансың-ау. Нағашың қай ел?

— Менiң жиеншарым ғой, биеке. Аты — Сүлеймен, — дедi 

Көбек  лепiре  сөйлеп  Досалының  бiрден  Сүлейменге  көңiлi 

толғанына  масаттанғандай.

—  Ой,  қызталақ.  Ат  үстiнде  мықтылығы  болмаса,  сенiң 

әулетiңнiң қайсысы мұндай дәу едi. Бұл баланың жасы қаншада? 

Түйе  балуандай  пiшiмi  бар  екен.  Күреске  салып  көрейiк  те. 

Жүрегi  бар  бала  ма,  жоқ  бала  ма? 

— Денесi қандай болса, жүрегi де сондай мықты. “Әулиетаста” 

қабыланды,  Аюқұлағанның  сайында  қабанды  жалаң  қолмен 

ұрып алды. Ал жасы он жетiде.

— Пәлi дерсiң. Қабылан мен қабанды жеңгенi былай тұрсын, 

он жетi жасында талай бала атқа мiнуге де жарамай жүр емес пе. 

Құдай  тiл-көзден  сақтаса,  болайын-ақ  деп  тұрған  бала  екен  де 

бұл, — деп төрде отырған шоқша сақалды кiсi сөзге араласты.

— Болса болсыншы, биеке. Талай уақыттан берi арамыздан бiр 

мықты түйе балуан шықпай, той-жиындардың бәрiнде масқара 

болып  жүрмiз.  Дәл  қазiр  Құдай  бiзге  көкпардан  бергенiмен, 



58



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет