Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет4/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Жүндiбайға барсаң, ол да жат емес. Бимен бiрге таза жүрiп, таза 

тұрасың.  Мейлi,  қайсысына  барсаң  да,  өз  қалауың  бiлсiн.  Мен 

сенi харам iске шақырып отырсам да, өзiңе жанашырлық тiлек 

айтып тұрғанымды ұқсаң болғаны. “Бүкiрдi мола ғана түзейдi” 

дегендей, күн көрiс үшiн басқа кәсiп жоқ маған. Ал, жиен, сау бол. 

Мен аттанайын. Әгерки маған iлесем десең, ауылға кел. Құдай 

жол  берсе,  төрт-бес  күннен  соң  Шыршықтың  арғы  бетiндегi 

шалақазақ құрамалардың жылқыларын айдап келуге аттанамыз. 

Көбек қамшысының сабын сүйене, орнынан тұрды.



II

Көбек аттанып кеткен соң Сүлеймен ойға батты: “Ордабекке 

барсам ғой, оған тәуелдi боламын. Жүндiбайдың атқосшылығына 

“мақұл” десем, оның өзiм байлайтын жыл-қысымен бiрге шетке 

рұқсатсыз  аттап  баса  алмайтын  байлаулы  адаммын.  Нарымбет 

байдың  айтқаны  әу  баста-ақ  көңiлге  қонған  жоқ-ты.  Бiреуге 

тәуелдi  болып  нан  тапқанша,  Көбек  нағашымның  айтқанына 

көнген жөн-ау. Ол астыма бiр жақсы ат берiп, жанына ертiп жүрсе, 

екi-үш  түндi  ұйқысыз  жорық  үстiнде  өткiзу  деген  не,  тәйiрi. 

“Олжаңды басқа жiгiттермен бiрдей алып отырасың” деген-дi ол. 

Ендеше, оның айтқанынан бас тартып керегi не? Ұрлықы малды 

межелi  жерге  айдасып  келсем  болды,  оларды  сата  ма,  соя  ма, 

онысында шаруам жоқ. Үлесiмдi алып, жөнiме жүре беремiн. Әрi 

жылқыны  артымыздан  қуғыншы  келмейтiндей  жерден  әкеледi 

екенбiз. Онда қорқып не бар? Жақындарымнан күнде сөз естiп 

жүргенше, Көбекке iлесiп ұрлыққа барғаным мың есе артық”.

Осы  ойға  бекiнген  Сүлеймен  ертесiне  азанда  өзiн  зорға 

көтеретiн  көтерем  жабысына  мiнiп,  Көбек  ауылына  аттанды. 

Сәске ауа дiттеген жерiне жеттi. Оның келгенiне қатты қуанған 

Көбек  нағашысы  шылауына  жармасып,  құшақтап  көрiстi. 

Қолтығынан алып, үйiне кiргiздi. Сүлеймен төрге жайғасқанда:

—  Әй,  Оспан,  анау  қорадағы  дөнен  қошқардың  бiрiн  сой. 

Жиенiмiз келген сайын үйден қақтауыл ет жеп кететiндiгi тiптi ұят 

болып жүр едi. Бүгiн қошқардың басын мүжiсiн бiр. Ыбылжымай 

бол тез! Таң атып келе жатқан жоқ, — деп үлкен баласына бұйыра 

айқайлады.  Оспан  әке  әмiрiн  орындауға  кеткесiн:  —  Қалай, 

жиен,  қабырғаңмен  кеңесiп,  ойыңды  әбден  кесiп-пiшiп  келiп 



10

Сүлеймен қарақшы

отырмысың. Жоқ, әлi де болса көңiлiңде дүдәмал пиғыл бар ма? 

— деп сұрақты төтесiнен қойды.

—  Сiзге  iлесудi  жөн  деп  таптым,  нағашы.  Ордабек  жа-

рылқайтын болса, басқа туыстарының басына неге ақбоз үй тiгiп 

қоймайды. Жүндiбай туралы да солай айтуға болады. Өз ырзық-

несiбесiн бiреуге бөлiп беретiн кiм бар дейсiз? Сол үшiн де оларға 

кiнә артып, өкпе айту жөнсiз. Несiбемдi ешкiмге жалтақтамай, 

сiзбен  бiрге  жүрiп  тапқаным  дұрыс  шығар.  Әркiмнiң  аузына 

қарап,  айтағы  мен  бұйрығына  көнгенше,  қолдан  келетiн  iске 

көңiл  аударған  абзал-ау.

— Бек жөн айтасың, жиенжан. Естi жiгiт әмәнда өз дегенiмен 

жүргенi қош. Ордабектiң анау Қазығұрт пен Алатаудың етегiне 

толған малы, алты алашқа жайылған аты болса да, қам сүт емген 

пенде ғой, оның да қорқары, үркерi бар. Шұбырған малының бас-

басына бiр-бiр жiгiт қойып, қарауылдаса да, ол Өгемдегi қаңлы 

Кетiктен,  Сырдағы  қоңырат  Тайлыбайдан,  Шаяндағы  сiргелi 

Бұзауханнан,  Құркелестегi  қыпшақ  Айтудан  қорқады.  Тiптi 

мынау  iргесiнде  отырған  Досалыға  да  сенбейдi.  Зады  Ордабек 

басқа  болыстарға  қарағанда,  қолы  ашық,  көпшiл,  жомарт  жан. 

Бiрақ  қанша  жомарт  болса  да,  кiм  жиған  малынан  айрылғысы 

келедi  дейсiң.  Ал  қарақшы  мен  ұрыға  жомартың  кiм,  сараңың 

кiм,  бәрiбiр.  Ебiн  тапса,  жымқырып  кетуге  дайын  тұрады. 

Олардың  осындай  мiнездерiн  бiлетiн  Ордабек  жылқыларының 

басынан түнде қарауыл, күндiз жылқышы кетiрмей, әр уақытта 

сақ  отырады.  Әрi  ол  жылқышылыққа  өңкей  мықты,  балуан 

жiгiттердi  алатындығын  бiлесiң  бе?  Сенi  де  сондай  оймен 

шақырып отыр да. Әгәрки жылқы басында алда-жалда жалғыз 

қалып,  барымташылармен  кез  келiп  қалсаң,  Құдай  бетiн  аулақ 

қылсын,  ұрып,  жарымжан  етiп  тастауы  былай  тұрсын,  өлтiрiп 

кетуден де тайынбайды. Баяғыда шегiр Ақпан батыр Ордабектiң 

атасы Шойбек датқаның жылқылары үшiн қырғыздар қолынан 

өлген  жоқ  па  едi…  Бетi  аулақ.  Ордабектiң  ұсынысын  қабыл 

алмағаның  жөн  болған,  жиенжан.

—  “Ордабектiң  жылқыларына  қарауыл  болмағаның  дұрыс 

болған”  деп  менi  сақтандырып  жатырсыз,  нағашы.  Ал  сiздер, 

өздерiңiз  ше?  Түнде  бiреудiң  жылқысын  ұрлауға  барғанда  мал 



11



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет