Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет62/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   265
Сүлеймен қарақшы

түстi.


— Әкеңнiң көрiн… қазақ. Жiбер арқанды! Көнбесең, тас боран 

қылып өлтiремiз...

 Сүлеймен арқанды жiбердi. Сырттағылар оны тартып алған 

соң, манағы тасты жабыла итерiп, орнына қойды. Лезде зындан 

iшiн  тас  түнек  жайлады.  Бiр  орнынан  қозғалмаған  Сүлеймен 

қайда жүрерiн, не iстерiн бiлмей, қалшиды.

—  Ағайын,  берi  жылжып,  қысымызға  кел,  —  дедi  жаңағы 

дауыс түкпiр жақтан. — “Кемедегiнiң жаны бiр” деген. Бiз кемеде 

емеспiз, әрi оны көрген де жоқпыз. Дегенмен зынданда жанымыз 

бiр. Бiр түссе, бұл жерден тышқан да жорғалап шыға алмайды. 

Құдайдың басқа салғанын көрiп, отыра беруден басқа хайыл жоқ, 

қазiр.


— Мына жер қап-қараңғы ғой. Қалай жетем сендерге? 

— Көзiңiз ештеңе көрмей тұр-ау, әлi. Оқасы жоқ. Ал мұндағы 

мұндарлардың бұл жерге көздерi үйренiп қалғандары қашан. Сiз 

де үйренерсiз. Құдай көздi қара қылып бергенi — қараңғылықты 

жат  санамасын  дегенi  де.  Берi,  сол  жағыңызға  қарай  жылжып, 

шеткi  кiсiнiң  жанына  отыра  қалыңыз.  Бәрiбiр,  бәрiмiз  құмбыл 

болып отырған жарыққа таяу күндерi шығу жоқ, — дедi екiншi 

кiсi.


  Сүлеймен  солай  қарай  жылжыды.  Дуал  жағалай,  бес-алты 

қадам  жүргенде  сол  аяғы  бiреудiң  денесiне  тидi.

— Ақырын, езiп жiберерсiң, — деп шаңқ еттi анау.

 Көзi түк көрмесе де адамдардың қатарына жеткенiн бiлген ол, 

арқасын дуалға сүйей, жүрелеп отырады.

—  Қайдан  жүрген  жiгiтсiң?  Мыналардың  қолына  қалай  тап 

болдың?

 Сүлеймен басмашыларға айтқан жауабын бұларға да айтты. 

Бұлар  басмашыларға  ұқсап,  мұның  сөзiн  бөлген  де,  сенбестiк 

танытып  мысқылдаған  да  жоқ.  Сөзiн  аяқтап  болғанда,  бұдан 

атын, руын, ауылын сұрады. Осы кезде ғана Сүлейменнiң көздерi 

қараңғылыққа үйренiп, отырғандардың сұлбасын аңғара бастады. 

Отырғандардың саны жетеу екен. Бiрақ түрлерiн анықтап көре 

алмағандықтан,  олардың  жастарын  шамалай  алмады. 




130

Сүлеймен қарақшы

—  Иә,  өздерiңдi  тағдырдың  қай  желi  айдап  тықты  бұл 

зынданға?  Шыршықтың  қазағымысыңдар,  әлде  маған  ұқсап, 

алыстағы  ауылдардан  келдiңдер  ме?

—  Сыр  бойындағы  —  Қатағантөбеденбiз.  Менiң  атым 

—  Төрегелдi.  Мынау  Салықбай  деген  бауырым.  Екеумiз  де 

қоңыраттың  оразкелдiсiмiз.  Ал  бiзден  кейiн  отырған  мына 

кiсiлердiң ныспылары — Аязбек, Сиязбек. Бұлар да бiзге туыс. 

Сырдағы алғи руынан. Өзiң жақта отырғандар Жызақ жерiндегi 

Құмшағыл деген елден. Аттары — Дөңбай, Түрке, Көкен. Сенiкi 

сияқты бiздiң де өмiрiмiз құм кешiп, сексеуiл паналап, қазақтың 

байларының  малдарын,  сарттың  саудагерлерiнiң  кiресiн  тонап, 

қарақшылықпен  өтiп  жатқан  жайы  бар-тын.  Мына  бiр  жаңа 

өкiмет  келiп,  құмның  қай  жотасына,  даланың  қай  сайына 

тығылсақ та, тышқанды қуалаған мысықтай iзiмiзге түсiп алып, 

паналайтын  апан  қалдырмай,  сансыратып  жiбердi.  Содан  соң 

тауға  қарай  қашқанбыз.  Шыршық  үстiндегi  Түлкiжортқанның 

сайында қытай асып, қашып бара жатқан бiр сарт тектес тәжiк 

байының дүние-мүлкiн тартып алып, Қоқанға қарай өтiп кетпек 

болғанымызда, мыналардың қолына түсiп қалдық. Өзiмiз тонаған 

тәжiк осы басмашылардың басшысы — Срайыл паруанашының 

туған ағасы екен. Малын тонаған бiздi бiрден ата салмай, мұнда 

неге қамап қойғанына таңым бар. Әлде, осылай жадатып-жүдетiп 

барып,  өлтiрейiк  дедi  ме,  қайдам.

— Жатқандарыңа қанша мезгiл болды?

— Күн санап, түндi түгендеуге бұл жерде мұрша бар деймiсiң. 

Күнiне бiр мезгiл аштан өлiп қалмасын дегендей, жуынды сияқты 

сорпа мен мүжiлген етсiз сүйектi лақтырып тұрады. Соған қарап 

санасам,  зынданға  түскенiмiзге  екi  жұмадан  көп  уақыт  болып 

қалды-ау.

— Ендiгi күнiмiз не болсын?… — дедi Сүлеймен күмiлжiп, 

шын  шарасыз  жағдайға  тап  болғанын  ендi  аңғарғандай.

— Алдағы күнiмiздiң не болатынын бiлсем, айтар едiм ғой. 

Құдай  басқа  не  салса,  сол  болар.  Ең  назалығы,  мыналардың 

қолынан  өлу  ғой.  Бүйткенше,  далада  кiммен  болса  да  атысып 

өлген  жақсы  едi.




131



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет