Диалогтық аргумент келтіру; Диалектикалық пайымдау: оқу бағдарламасының аясында аргументті және сыни жазу


Параграфтың (абзацтың) негізгі құрылымы



бет2/11
Дата17.03.2023
өлшемі91,97 Kb.
#75047
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Параграфтың (абзацтың) негізгі құрылымы:
Жақсы академиялық эсседе, қандай жазу түрінде болмасын, әр абзац негізгі құрылым сақталуы керек. Абзац өз қызметі бар және авторға өз ойын нақты және анық білдіруге көмектесетін 3 бөлімнен тұрады. Абзац негізгі ойдан (тезистен), қолдаушы пайымдаулардан және қорытындыдан тұрады.
Негізгі ой (тезис):
Негізгі ой – негізгі идеяны көрсететін әр абзацтың бірінші сөйлемі. Бұл сөйлем абзацта ашып көрсетілетін идеяны оқырманға анық көрсетіп тұрады.
Қолдаушы сөйлемдер:
Қосымша детальдар, абзацтың негізгі бөлігі, сіздің негізгі ойыңызды детальды және толық көруге мүмкіндік береді.
Қосымша детальдар төрт категорияға бөлінеді.

Категория

Мысал




Дәлел

Фактілер, мәлімет, сандар




Мысалдар

Оқиға, жағдаят




Түсініктеме

Тезистің жаңа тұжырымдамасы,
түсініктемесі

терминдердің

Нақтылаулар

Идеяларды талдау, күрделендіру.




Қорытынды:
Әр абзацтың соңғы сөйлемі– қорытынды сөйлем. Қорытындыда қолдаушы негіздемелер мен негізгі ойдың арасындағы анық байланысты көрсете отырып, осы абзацтың негізгі идеясын жинақтау керек.
Төменде студенттің өзі үшін құнды затты сипаттап тұрған абзац ұсынылады. Бұл абзац қатаң түрде абзац құрылымын сақтап жазылған. Бірінші сөйлемде ол қандай құнды зат екенін білеміз. Негізгі бөлігінде сол объект туралы нақты мәлімет беріледі. Соңғы сөйлемінде детальдар арқылы оқушы үшін бұл зат құнды екенін түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет