Дидактика тарихы


Білім, іскерлік, тәрбиелік , дамытушылық қызметтері



бет4/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дидактика тарихы Айтимбетова

1.2. Білім, іскерлік, тәрбиелік , дамытушылық қызметтері.

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.


Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдық маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдық терендігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айнауы ойдық тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық.
Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпе н жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
•  арнайы іскерлік;
•  оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
•  ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты "Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (І-ІУсыныптар)" (Алматы,1997), "білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар" деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ — арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет