Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
 
ЖАЙНИЗМ 
 
Жайнизм
– б.ғ. д. 6 ғ. шамасында пайда болған. Негізін салушы –
Вардхамана (Махавида–кейінгі атауы «ұлы тұлға») қазіргі үнділік Бихар 
штатында дүниеге келген. Кейде Вардхамананы Джина («карманы жеңген») 
деп те атайды.
Вардхамана
( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж.) кшатрия ортасынан шыққан, 
28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан 
кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз 
монахтарының қауымдастығы қалыптастырған көзқарастады уағыздаумен 
өтеді.


23 
Жайнизм діни философиясында 24 тиртханкалар («өткел салушылыр») 
ешқандай нәпіге тәуелді емес, барлығанан баз кешуші, аскетизм ерекше орын 
алады. Жайнизм дәстүрі бойынша индуизм құдайы Индра әр тиртханкараға 
қызмет жасауға Якша мен Якшиниды тағайындаған. Индуизмнің көптеген 
құдайларының жайнизм пантеонында кіші қызметте пайда болуы бұл діннің 
негізгі құндылықтары мен дүниетанымына сәкес келеді. Себебі, құдайлардың 
қаншалықты құдыретті болуы мен күштілігіне қарамай олардың өмірі өте ұзақ 
және де кармалық қайта туумен аяқталады. Бұл жерде құдайлар адамдардан да 
төмен дәрежеде берілген: олар кармадан босатыла алмайды, мокшаға 
(нирванаға) жету жолы жоқ, оларды ары қарайғы қайта туу күтіп тұр.
Жайнизмде материалдық пен руханилықты қарама-қарсы қою мүлде жоқ. 
Бұл ілім үшін дүниедегі заттар да өсімдіктер де барлығы жанды деп есептеледі. 
Жайнизмнің негізінде «таттвалар» – «мән» туралы ілім жатыр. Ола дүниені 
құрайтын негізгі материалдар, сонымен қатар білім құраушы ақиқат. Ең басты
екі татва – негізгі қасиеті, ерекшелігі таным болып табылатын джива (жан) 
және аджива (материалдық заттар). Материя – аңғаруға болатын түс, иіс, дыбыс 
және дәм сынды қасиеттері бар адживаның бір түрі. Ол атомдардан тұрады, 
сезім мүшелеріне әсер етеді, өзгерістерге ұшырайды, бастау мен соңы 
болмайды және оны құдай да жаратпаған. Бірегей немесе жалғыз жан, яғни 
құдай жоқ: тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп 
және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Материя сияқты жанды да ешкім 
жаратпаған, әуелден бар және әрқашан бола бермек. Жан бәрін білуі, біріне 
енуі, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін 
денемен ғана шектелген.
Жандар – джива – мәңгілік, олар осы дүниеде әртүрлі формада және 
бірлікте болады. Олардың санын сезім мүшелерімен айырады: бір түйсінуден, 
төменгі, беске дейін (көру, есту, түйсіну, дәм, иіс сезімі) дамыған жануарларда. 
Адамдар мен құдайларға тағы бір ішкі сезім (ақал-ой) тән. Барлық дживаларда 
сана бар. Олардың негізгі айырмашылығы барлық осы дүниелік дживалар екі 
бірдей ауыртпашылықты алып жүреді – болмыстың материалдығы мен
алдамшы үмітті, тек кейбіреулері ғана сиддха (кемелденген), немесе мукта 
(босатылған) күйде болады.
Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты – «босатылу». Ал 
жанның «босатылуы» тікелей карма заңына байланысты. «Босатылу» жолында 
жайнизмде үш негізгі қағида ұсынылады:
Дұрыс сенім – әлемді Махавираның іліміне сай қабылдау, оның абсолютті 
ақиқаттығына сену; 
Дұрыс білім – әлем мен жанның мәні туралы білімді тану. Бұл мақсатқа 
жету үшін бүкіл өмір бойы осы жолда жүру керек, ал бастапқыда шектелген 
білімді гурудың (рухани ұстаз) көмегі арқылы алуға болады; өзіңді-өзің тану, 
өзіңнің «мендік» мәніңді түсіну, өзіңнің мақсатыңды (кармадан құтылу)
Дұрыс жүріс-тұрыс – нәпсіні тыю, діни ережелерді сақтау.
Жайнистер өзін-өзі жеңуі (өз нәпсісін тию ) үшін бірнеше қағидаларды 
ұстауы керек:


24 
Апариграха – дүнедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; 
Сатья – қандай қиыншылық жағдай болса да, әрқашан шындықты айту; 
Астея – ұрлық жасамау, өлім аузында жатсаң да еш нәрсені рұқсатсыз 
алмау, сұрап алу; 
Ахимса – еш нәрсеге зәбірлік жасамау, себебі бар тішілік иесінің жаны бар. 
Құмырсқыны өлтірудің өзі күнәға жатады. Ал егер өлтіріп алса, кармасын 
төмендетіп алуы мүмкін. Сондықтан жайнистер үшін балық аулау, аң аулау, 
егін егу, мал шаруашылығымен айналысу тыйым салынған кәсіп саналады. 
Олардың дінге қатты берілгендері көбінесе сүзілген су ішеді, ауыздарын 
байлап, алдындағы жолын сыпырып жүреді. Осының барлығы абайсызда
кішкене насекомдарды жұтып қойып немесе өсімдіктерді басып зақымдап 
кетіп, карма заңына ұшыраймын деген қорқынышқа байланысты.
Барлық жайнистер – монахтар да, жай сенушілер де бір қауымның 
мүшесі. Кармадан босатылу тек монахтарға ғана мүмкін болғандықтан жай 
сенушілер үшін де біраз уақыт монахтық өмір кешу ұсынылады. Монах болу 
кез-келген үшін мүмкін деп айтылғанмен де жоғарғы сатыдағы жайнистердің 
қатарында жүріп, үлгі боларлық деңгейге жету үшін осы өмірден толық баз 
кешіп, жаңа қатал тиымдарды қабылдап, толық жеке аскеттік өмірді қабылдау 
керек болады. 
Бихарада пайда болып, жайнизм оңтүстікте дигамбара және батыста 
шветамбара деп аталатын бағыттары таралды. Әйтсе де буддизм және
индуизммен қатар бұл діннің таралу үрдісі байқалмады. Бұған діннің өзіне тән 
ерекшеліктері, шектен тыс тыйымдар себеп болды десе болады.
Философиялық көзқарас және діни ілім ретінде жайнизм ғасырлар бойы 
сақталып, өзінің каноны «Сиддханта» арқылы этикалық және ғибадаттық 
ережелерін бүкіл адамзаттық мәдениетке үлес ретінде қосып отыр. Олар үшін 
Ведалар мен Брахмандарды сенімге тұрғысыз, білім ретінде ешқандай 
құндылығы жоқ. Жайн - шветамбарлардың қасиетті кітабы Сиддханта немесе 
Агамама деп аталады. Оларға елуге жуық текстер түсіндірмелерімен кіреді. 
Дигамбарлардың беделді текстеріне көне оқулықтар жатады. Олар санскритте 
және пракритиде берілген, «Төрт веда немесе білімге» бөлінген: «Пратхаману-
йога» (тарихи аңыздар), «Каранану-йога» (космологиялық текстер), «Дравйану-
йога» (діни-философиялық трактаттар), «Чаранану-йога» (этикалық және 
рәсімдік талаптар). Жалпы жайндық догматиканың жүйесі Умасватидың 
«Таттвартхадхигама-сутра» (Ұғымдардың мағынасына көтерілу) немесе 
«Дашадхьяя» (Он тарау). Бұл текст 357 афоризмнен құралып, он тарауға 
бөлінген жайн философиясының энциклопедиясы болып табылады. 
Жайнизмнің барлық мектептері осы текстке түсінік берумен және басқа 
тілдерге аударумен айналысады. 
Жайндардың діни ілімі жалпыға ортақ, ашық, қолжетерлік ілім болды және 
осы қасиеті оны эзотерикалық брахманизмнен (тек таңдаулыларға, соның 
ішінде тумысынан брахман болғандарға ғана қол жеткізуге болады) 
айырмашылығын көрсетті. Бірақ бұл ілімдегі тым қаталдық, өз принциптерін 
ұстанудағы фанатизм джайнизмнің танымалдылыққа ие болуына және 


25 
таралуына бөгет болды. Әйтсе де санының аздығына қарамастан, джайнизмді 
ұстанушылар Үнді тарихы мен мәдениетінде белгілі роль атқарды. 
Осы кезең өз тәніне барлық жағынан тиым салып, руханилыққа толық 
берілген аскеттік үнділіктерді діни өмірінің бір бөлігіне айналды десе болады. 
Монахтардың аскетшілдігі мен джайн-миряндардың пуритандық өмір салты 
басқа үнділіктерге әсер етті. Қалалық-джайндар елдің мәдени элитасының 
көрнекті бөлігі саналды. Жайндық храмдар сән-салтанатымен әсер қалдыратын 
архитектурасымен өзіне баурап тұрады. Орта ғасырлық Үндістанда 
жайндардың күшімен әртүрлі ғылымдар мен өнер, соның ішінде бояулы сурет, 
әдебиет дамыды. Ұлы мақсаттар үшін материалдық құндылықтардан бас тарту 
қажеттілігі қалыпты жағдай саналатындықтан көптеген жайндар, сондай-ақ 
байлар өздерінің діни парыздарының бірі халыққа қайырымдылық көрсету деп 
есептейді. 
Жайнизм дін ретінде ғасырлар бойы үндістердің негізгі діні индуизмге 
қарсы тұрды.Ұйымдастырылуы мықты, іштей тәртіптері өте қатал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет