Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет11/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Айтыстың екінші түрі болса, қарсылас ақынға бірнеше шумақ «гыфылбент» (жұмбақ және сұрақтар) жолдап, оларға жауап беруін талап етуі. Бұл әрі ауызша, әрі жазылған түрде бола алады.
Айтыстың үшінші түрі болса, топ алдында, жиындарда екі ақынның бір-бірін айтысқа шақыруы. Бұл қарсыласулар той-домалақтарда, мейрам-салтанаттарда немесе басқа да тойлау кездерінде топтың қарсысына шығып орындалады. Бұл айтыс ақындардың ұстаз-шәкірт дәстүрі, қоғам өмірімен байланыста болады. Кейбір ғалымдар бұл түрді үш-төрт, кейбіреуі бес сатыға бөліп зерттеген. Шындығында айтыс шебер ақындар арасында өнерпаздық талантын сынау, білімдерін тексерту, белгілі бір дауды шешу, ақындығына лайық дәрежесін ортаға қою мақсатында өткізілетін. Кейде белгілі бір мәселелер айналасында құрылып, ақындарды айтыстыру дәстүрі де болған. Айтыста ақын өлеңнің әр түрін пайдалана алады. Тек қана бір шарты бар, бірінші болып бастаған ақын қай түрді қолданса, екінші ақын да сол түрге үйлесімді болуы керек [19, 52-б.]. Осылайша айтыстар халық әдебиетінде көп тараған және де осы жанр әдетте төмендегідей сатылардан тұрады.
Бірінші кезең «Шебаде» (қазақша мағынасы мазақтама) деп аталады. Жиын-мәжіліске қатысушы бір көрермен ақынға: «Ұста, пәлембай деген ақынды таныйсың ба?» деп арнайы қайрап, сауал тастайды. Ақын ол сұраққа міндетті түрде жауап беруі тиіс. Аты атанған өнерпазды танып-танымағандығы туралы өлең айтады. Ақынды таныса, оны суреттейді, әдептілігін, шеберлігін, өнерпаздығын жырға қосады. Сонан соң оның бір қанатты сөзін немесе күйін шертіп, құрметін көрсетеді. Немесе аты аталған ақынды келеке етіп, оның өнерпаз болмағандығын айтып, өлең сөздері мен ән-күйінің кемшілігін айтады. Кейде суреттелген ақынды жиынның алдына шақырады, кейде суреттелген немесе келеке етілген ақын аспабын қолына алып, жиынның қарсысына өзі шығады, жиынды басқарған ақынды айтысқа шақырады.
Екінші кезең Дәвет (Шақыру) деп аталады. Мұнда бір-бірінің шақыруын алған өнерпаздар жиында бетпе-бет келіп, өздерін немесе бір-бірінің таныстыруын ұсынады. Сосын күй тартыла бастайды. Әр екі тарап өзінің шебер өнерпаз болғанын көрсету үшін жеті күй тартып, топтағы көрермендердің қолдауына ие болуы керек. Бұл жерде кім ең көп қол шапалақ алса, келесі бөлімде бірінші болып сөзді сол бастайды. Бұл бөлімде ақындар құрмет көрсетіп немесе басқа себептерден айтысты аяқтап, басқа бөлімдерге өтпесе де болады. Әдеттегідей жарыста жеңілген ақын өнер сайысынан бас тартуы керек.
Кейде бұл шақыру бір хат түрінде де өте алады. Шақырылған ақын мұндай шақыруға арнайы жауап беруі тиіс. Олай болатыны хаттардың екеуінде де айтылған «Егер ақын болсаң бұл майданға кел», «Ақындық ғылымынан хабарың болса» деген қармақ сөздер ақындарды жауап беруге мәжбүр етеді. Сол себептен хатқа тез уақытта жауап беру керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет