Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет17/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Ұйғыр айтысы. Ұйғыр халқында да классикалық айтыс жоқ. Әйткенмен оларда әзілкеш чакчакшылар «мәшрәп» деп аталатын ерлердің мәжіліс шайында бір-біріне кездесіп, өзара қалжың сайысып, жиылған жамағаттың көңілін көтеретін. Кейде екі мықты чакшакшыны осындай жиынға арнайы шақырып, бәсекеге түсіретін [25, С.90-92]. Ұйғырлардағы чакчақты түріктің şaka, өзбектің аскиасына ұқсас сауықтың түрі деуге болады.
Татар айтысы. Татарларда айтысқа тән белгілер әдетте салтпен тұтастықта көрініс табады. Мысалы, үйлену ғұрпында «Яр-яр», «Кыз елату» кездерінде топтасып қарама-қарсы жырлар айту бар. Дегенмен татарда классикалық айтыс үлгісі болғандығы туралы дерек кездеспейді. Ғалым И.Н.Надиров «Әйтеш жанры Һәм аның традицияләре» деген мақаласында айтысқа үндес диалогтар татар балалар фольклорында, немесе дастанның кейіпкерлер өзара жауаптасуында, сондай-ақ үйлену ғұрпында бар екенін жазады [26, Б. 122-136].
Түрікмен айтысы. Түрікменде бұрынғы өткен замандарда айтыстың болғандығын және бұл айтыстың «айдышма» деп аталғандығы белгілі болды. Қазіргі кезде суырыпсалма өлең дәстүрі шеңберінде айтыс қалмаған. Бірақ өткенде қазақ, түрік және басқа да түркі халықтарында болған сияқты ақындар өзара айтыс жасағандығы туралы мәлімет бар. Мысалы, «Нежеп Оглан» дастанынан айтарлықтай жақсы мағлұматтар таба аламыз. Нежеп жеті жыл бойы сөз зергерінің шәкірті болғаннан кейін ұстазы Ақын Айдын тарапынан сынаққа алынады. Ақын Айдын, түрлі сұрақтары бар өлеңдерді Нежепке бағыттайды және одан қалаған жауаптарын алады. Екі жақты айтыстан (айдышма) кейін ақын Айдын, Нежепке «Сен шебер болыпсың, жолың ашық болсын» түрінде ақ батасын, яғни жақсылық дұғасын айтқан. Ақын Айдынның, Нежепке айтқан тәкаппар болмау жөніндегі кеңесін кездестіре аламыз [27, Б.31-35].
Нежептің шеберлік сынағы, тек қана Ақын Айдынмен шектелмейді. Нежеп, үйіне қайтар жолында Ақын Айдынның бұрынғы шәкірттерінің бірі Новрузбен кездеседі. Новруз, Нежептің Ақын Айдынға шәкірт болып кейін ақын болғандығын білгеннен соң «Мен саған сұрақтар қоямын, егер сұрақтарыма жауап берсең, шебер болғандығың, жауап бере алмасаң, бұл жерде де жеті жыл бойы қызмет етесің» дейді, Нежеп, Новрузмен айтысып (айдышма) жеңіске жетеді және Новруз оған «Сөз зергері болыпсың» дейді [27, Б. 37-39].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет