костюмдер киюге рұқсат етіледі. Ал кешкі 20:00-ден кейін ұйымдастырылатын кештерге
қара және қою көк түсті костюмдерді киюді ұсынады. Жейде ақ түсті және галстук
костюм түсіне сәйкес келу керек, яғни түстердің өзара үйлесімдігін сақтаған жөн. Қара
галстукты әдетте қаралы күндері тағады.
Кейде қабылдауға шақырғанда «Black tie» - «қара галстук» және «White tie» «ақ
галстук» деп қыстырып жазып жібереді. Біріншісі кешке смокинг түріндегі костюмде келу
керек болса, екіншісі фрак түрінде киіну керек деген. Шет елде жұмыс жасайтын
дипломаттардың гардеробында осы аталған киімдер болуы тиіс, өйткені бұл костюмдер
жұмыс барысында әйтеуір бір қажеттілікке асады.
Смокинг –
салтанатты қабылдауларға арналған. Атласты жағалы пиджактан және
атласты лампасты шалбардан тұрады. Бұл костюм Англияда темекі шегу үшін клуб
костюмі ретінде пайда болған. Жұмсақ матадан тұратын жағасы мен өңіріне темекі күлі
жабағыланып түсу үшін арнайы атластан жасалады. Негізгі атрибуттары атласпен
көмкерілген түймелер және қара кең белбеу. Смокингке көбелек-галстук тағылады немесе
галстуксыз қара түймемен киеді. Көбелек галстукпен әдетте тік жағалы жейде киеді. Жең
ілгектер тастардан жасалады, смокингті кигенде түймелерін іліп те қоюға болады немес
ілмей-ақ киюге де болады. Смокингтің классикалық түсі ақ және крем түсті ақ болып
келеді.
Фрак –
ерекше салтанатты қабылдауларға арналған. Оған қолмен байланылған,
крахмалданған манишка, тік жағалы, ақ жилет, ақ көбелек-галстукпен және қара лакталған
туфли, ақ биялай киеді. Фрак жилетінің түймелері әрдайым ілініп тұрады. Кеудедегі
қалтада қол орамал болады және алқаға ілінген қалта сағаты жүреді.
Халықаралық хаттамалық тәжірибеде соңғы уақытта фракты Нобель сыйлығын
алатын кезде және король қабылдауларында, Ла-Скалада қойылым премьерасында және
елшілер грамота тапсыратын кезде киеді. Отандық хаттама бойынша ресми іс-шараларға
әдетте классикалық костюм кию ұсынылады. Ресми жағдайда ер адамның пиджак
түймелері ілулі болуы тиіс, тек түймелеріңізді қабылдау кезінде дастархан басында және
креслоға отырған кезде ағыта аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: