Дипломдық жобаның мақсаты нақты мысал негізінде компанияның бренд



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата12.04.2022
өлшемі3,5 Mb.
#30729
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
КІРІСПЕ 

Дипломдық  жоба  тақырыбының  өзектілігі:  бренд  құнын  бағалау    кез 

келген бизнес үшін маңызды рөлге ие. Себебі, әрбір компания тек ақшалай ғана 

емес,  сонымен  қатар  материалды  және  материалды  емес  (маркетингтік) 

активтерге  ие.  Материалды  емес  активтерге  брендтер,    жарнамалық  ұрандар, 

маркетингтік стратегиялар, логотиптер, түпнұсқалық  қаптамалар жатады.  

Біз табысты компаниялар туралы ойлана бастағанда, ең алдымен есімізге 

не түседі? Әрине, бұл компания «атауы». Кей кездерде біз бұл брендтің қандай 

тауар  шығаратынын  нақты  білмесек  те,  бұл  атауға  сенуге  болатындығын 

білеміз. Бренд өздігінен  тұтынушыларды тарту қабілетіне ие және сол арқылы 

компания  қызметіне  бағаланбас  көмек  көрсетеді.  Бұған  тауар  шығару  және 

қызмет көрсету ісі жоқ брендтерді сатып алу келісімдері мысал бола алады. 

Дәстүрлі  түсінік  бойынша  бренд  өнімнің  символы  болатын.  Әлеуетті 

тұтынушы  көзінде  ол  ингредиенттер  түрін,  өндіру  әдісін  және  өндірушінің 

шеберлігін  бейнелеуі  қажет.  Алайда  қазіргі  кезде  ол  тек  өндірістің 

сипаттамаларын  ғана  көрсетпейтіндігі  бәрімізге  белгілі.  Көп  жағдайда,  тауар 

немесе  қызметті  тұтынушының  таңдауы  барысында  бренд  логотипі  шешуші 

фактор  болып  табылады.  Мысалы,  өнімдерін  көптеген  адамдар  тұтынатын  

«Найк»  компаниясының  бренді    олардың  өндірісінің  табиғаты  туралы  ештеңе 

айтпайды және осы сауда маркасын таңдаушылардың өздері бұл киімнің қайда 

және қалай дайындалғаны туралы еш нәрсе айта алмайды.  

Бүгінгі  күнде  бренд  көптеген  компаниялар  үшін  негізгі  элемент  болып 

табылады.  Тауарлар  емес,  дәл  осы  бренд  табысты  анықтайды.  Нарықтағы 

ойыншылар арасындағы бәсекелестік негізгі 3 бағыт бойынша жүзеге асады. Ең 

бірінші,  бұл  –  баға,  алайда  көптеген  нарық  түрлерінде  бағалық  соғыс  кезеңі 

біткен  және  бәсекелестер  басқа  күрес  жолдарын  таңдайды.  Екіншіден,  сапа. 

Қалыптасқан  нарықтарға  қарайтын  болсақ,  бұл  жерде  көрсетілетін  қызмет 

сапасы  шамамен  бірдей,  сол  себепті  бәсекелесті  күрес  үшін  сапа  да 

қолданылмайды.  Ендігі  тауарды  позициялауға  байланысты  эмоционалды 

негізге  әсер  ету  қалады,  яғни  негізгі  роль  брендке  беріледі.  Осылайша  бренд 

көптеген нарық түрлерінде бәсекелесті күрес үшін негізгі элемент болып отыр. 

Бренд  және  басқа  да  материалды  емес  активтерді  бағалаудың 

маңыздылығы  күннен  күнге  артып  келе  жатыр.  Өйткені,  бренд  көптеген 

компаниялардың  негізгі  табысын  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  брендті 

капиталдандыру  компаниялардың  негізгі    стратегиялық  мақсатына  айналуда. 

Осы  себепті,  заман  дамуына  сай  Қазақстан  нарығында  брендтік  бәсекелестік 

ортаны құру мақсатында брендті бағалау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

Алайда,  компанияның  бренд  құндылығын  бағалау  тәсілдері,  түрлі  нарықтық 

ортаға  байланысты  бағалау  әдістерінің  өзгеруге  ұшырау  мәселелері  әлі  де 

толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің тәжірибелік, 

теориялық маңызы    және  бұл  бағыттың  толықтай  зерттелмегендігі  дипломдық 

жұмыс  тақырыбын  таңдауға  негізгі  шарт  болды.  Осыған  байланысты 

жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.  



 

13 


Зерттеу жобасының мақсаты: нақты мысал негізінде компанияның бренд 

құндылығын бағалаудың тиімді жолдарын іздеу мен анықтау болып табылады. 

Яғни,  бағалаудағы  шығындық,  табыстық  және  салыстырмалы  тәсілдерді 

пайдалана отырып, ең тиімді бағалау жолын анықтаймыз. Бұл зерттеуді жүзеге 

асыру  үшін  «РАХАТ»  АҚ  компаниясының  бренд  құндылығын  есептейміз.

 

Дипломдық жоба міндеттері: 



-компанияның бренд құндылығын бағалаудың қажеттілігін анықтау; 

-«бренд және брендинг» ұғымдарының мәні мен қызметтерін анықтау; 

-брендті  бағалауда  қолданылатын  қағидалар  және  әдістер  мен  тәсілдерді 

талдау; 


-Қазақстандық нарықтағы отандық кондитерлер үлесін зерттеу; 

-«РАХАТ» АҚ компаниясының сипаттамасын талдау; 

-шығындық  тәсілмен,  табыстық  тәсілмен  және  салыстырмалы  тәсілмен 

компания  бренд  құндылығын  бағалау  шараларын  есеп  негізінде  есептеп 

шығару;  

-үш тәсіл негізінде «РАХАТ» АҚ компаниясының бренд құнын бағалау. 

Зерттеу  негізі  ретінде  Қазақстандық  кондитерлер  нарығы,  соның  ішінде 

«РАХАТ»  АҚ  компаниясы  және  аналог-компания  ретінде  «Баян  Сұлу»  АҚ 

компаниясы алынған.  

Зерттеу  объектісі  «РАХАТ»  компаниясының  бренд  құнын  шығындық, 

табыстық  және  салыстырмалы  тәсіл  негізінде  бағалау  болып  табылады.  



 

14 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет