Зерттеумақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп,әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеуобъектісі – жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үрдісі.
Зерттеу пәні –жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілі- гін қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді талдау;
«Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыретті- лігі» ұғымының мәнін, мазмұнын, құрылымын нақтылау.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәде- ниеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделін құру, оның компоненттерін, критерийлерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдение- ті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін әзірлеу, оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру және ғылыми- әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.