Дістемелік кешені


Электр және электромагниттік өрістердің мал организміне әсері



бет23/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   114
2.9. Электр және электромагниттік өрістердің мал организміне әсері.
Ауаның физикалық факторларының бірі атмосфераның электрлігі болып табылады. Жер шарының атмосферасында электр өрісі бар, бұл өрістің жерге қарай бағыттылған вертикальды түрі теріс зарядты, ал ал атмосфераның жоғарғы қабаттарында оң зарядты болып келеді. Электрохимиялық процестер ұлпаның және мүшенің өміршеңдігіне әсер етеді. Жүрек, жүйке жүйелері және басқа да жүйелер өз жұмыстарын атқару кезінде ларда электрлік және электромагниттік өрістер пайда болады. Жануарлар және адамның ұлпаларының өзіндік диэлектрлік қасиеті бар. Жабық ғимараттарда электр өрісі болмайды.
Күннің белсенділігі біздің планетамыздың биосферасына әсер етеді, өте қатты болған геомагниттік дауылдардан кейін организмде болып жатқан химиялық процестер бұзылады, сондай-ақ микроорганизмдер вируленттігі мен көбеюі нашарлайды, өсімдііктер мен жануарлардың физиологиялық функциясы бұзылады.
Жоғары вольтты сымдар жер бетінде 0,5 В/м артық электр рісін тудырмауы қажет. Егер жоғары вольтты электр желісін қолданса , мұндай жағдай сиырлар жыныс циклына, сүттілігіне әсер етеді. Егер электр өрісі алты метрлік, он сантиметрлік, бір миллиметрлік толқындар туғызса, бұл жануарлардың нейрогуморальды өзгерістерін пайда болдырады.

3 дәріс


Дәрістің тақырыбы: Ауаның химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның мал организміне әсерін анықтау жолдарын үйрену
Қарастырылатын сұрақтар:
3.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы
3.2. Мал қораларының ауа құрамы және оның мал организміне әсері
3.3. Ауадағы зиянды газдар және оларды азайту шаралары


3.1. Атмосфералық ауаның газдық құрамы
Ауа деп атмосфераны құрайтын газдар (20 шақты) қоспасын айтамыз.
·Ауа құрамы трафосфераның төменгі қабатындағы ауаның орташа құрамы тұрақты (алайда ауаның ластануы әсер етуде) және көлемдік немесе салмақтық пайызбен белгіленеді.
·Ауаның газдық құрамын негізінде N, O2, CO2 және басқалары құрайды. Жоғарылаған сайын ауа сиреп газдың мөлшері мен парциалдық қысымы төмендейді.
·Бір сиыр орта есеппен сағатына 2,5м3 ауа пайдаланады.
·Азот (N)-отын жаққанда және органикалық заттар ыдырағанда (микробтар әсерімен) пайда болады. N оттегіні араластыру үшін қажет және оның улылығын азайтады. Көптеген өсімдіктер, бактериялар мен балдырлар үшін қорек көзі. Таза N атмосферасында тіршілік жоқ.
N мөлшері 93% жетсе өмір жоқ. Ауадағы азот электрлік разрядтар әсерімен тотықтарға айналып, топыраққа түсіп оны тұздармен (азоттық және азот қышқылдарының) байытады.
·Оттегі (О2)-ең маңызды газ, барлық реакцияларға қатысады, барлық организмдердің құрамды бөлігі. Егер О2 жетіспесе (гипоксия) барлық ағзалардың қызметі бұзылады. Температура көтерілгенде және ылғал молайғанда оның парциальды қысымы төмендейді (тауға көтерілгенде сондықтан оттегі жетіспейді). Бұл жағдайды құс баққанда ескеру қажет. О2 негізгі көзі көк өсімдіктер. Қора ауасында О2 мөлшері тұрақты деуге болады (ауытпалығы 0,1-0,5%), ал ПДК-17-18%. Ауада О2 15% болса клиникалық көрсеткіштер нашарлайды, ал 6% - мал өледі. О2 жетіспеуі өте сирек кездеседі (малды ұзақ уақыт жабық желдетілмейтін қорада ұстау немесе тау жайылымдарында).
Озон (О) - атмосферада ультракүлгін сәулелердің әсерімен су буға айналғанда пайда болады. Озон тек таза ауада болады. Озон тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне жақсы әсер етеді.
Көмірқышқыл газы (СО2) – тіршілікке өте маңызды газ, тыныс орталығының физиологиялық тітіркендірушісі. Кейінгі уақытта СО2 мөлшері көбеюде (0,04% және жоғары), әсіресе өндірісі дамыған өлкелерде. СО2 мөлшері 70% мұхиттар мен теңіз суында еріген, ал 22% минералды заттар құрамында (әктер мен доломиттер), қалғаны жануарлар мен өсімдіктерден. Табиғатта үнемі СО2 шығуы мен сіңіруі үздіксіз жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет