Дістемелік кешені



бет28/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Дәрістің тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар және оны санитарлық тұрғыдан қорғау
Дәрістің мақсаты: Топырақтың құрамындағы әр түрлі заттарды анықтауды үйрену
Қарастырылатын сұрақтар:
5.1. Топырақтың құрамы және қасиеттері ( физикалық, химиялық, биологиялық), гигеналық маңызы және оларды санитариялық тұрғыдан бағалау.
5.2. Биогеохимиялық аймақтар және биогеохимиялық энзоотияға қарсы шаралар.
5.3. Топырақ тарататын індетті және инвазиялық аурулар және оларды алдын алу ( топырақ инфекциялары, гельминтоздар).
5.4. Топырақтың өзіндік тазалануы және осы процестің санитарялық – гигиеналық маңызы.
5.5. Топырақтың ластану көздері және оны қорғау шаралары.


5.1. Топырақтың құрамы және қасиеттері ( физикалық, химиялық, биологиялық), гигиеналық маңызы және оларды санитариялық тұрғыдан бағалау.
Топырақ дегеніміз – жер ыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері нәтижесінде пайда болған. Топырақтың құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану-қалпына келу жағдайына, сінірулік қасиетіне, топырақта гумус, азоттың жиналуына әсер етеді. Гигиеналық тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты, құмдақ (80 пайызы құм), құмдауыт (құмы 70 пайыз, 30 пайызы саз), ұсақ сазды (10-80 пайыз саз, қалғаны құм), саздақ, сазды, борлы, әкті, қара топырақ, қара шірік (торф). Топырақ құрамындағы органикалық заттарға байланысты саңлаулы-түйіршікті, үйінділі, діңгекті, қатпарлы болады.

  • Топырақтың физикалық қасиеттері:

  • Топырақтың саңылаулығы – ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі түйірлі топырақтарға қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ топырақ саңылаулығы 85 пайыз болса, ірі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан кем.

  • Топырақтың су өткізгіштігі – топырақтың бетіне түскен суды өткізіп сіңіруі (тартуы - сүзуі). Топырақтың каппилярлық қасиеті – топырақтың суды төменгі қабатынан жоғарғы абатына көтеруін айтамыз.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет