Дістемелік кешені


Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі



бет43/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114
Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі. Егер мал азық пен суды өз еркімен жүріп қабылдамаса, онда малды тәуліктік азықтандыру ережесін қатал ұстап жүргізу керек. Малды азықтандыру ережесі мен деңгейі оның түріне, жынысына, жасына, шаруашылықтағы бағытына, физиологиялық жағдайына байланысты. Мысалы ірі қара малды азықтандыру тәулігіне 2-3 рет жиілікте, ал жас төлді жиі азықтандырады. Жұмысқа жегілетін атты азықтандыру және суаруды оның атқаратын жұмысына байланысты жүргізеді. Жылқыларға алдымен ірі, содан кейін шырынды, соңынан құрама азық беру керек. Ірі азық бергеннен кейін жылқыны суару керек.

8 дәріс


Дәрістің тақырыбы: Мал қора-жайларының гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Қора-жайларды салу кезіндегі гигиеналық талаптармен танысу
Қарастырылатын сұрақтар:
8.1. Мал қораларын жобалаудың нормативтік негіздері (жоба құжаттарын сараптау, құрылыс сапасын бақылау, жерге қойылатын талаптар, санитариялық қорғау)
8.2. Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
8.3. Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау
8.4. Мал қора еденіне қойылатын гигиеналық талаптар және төсеніштердің гигиеналық маңызы
8.5. Мал қора-жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
8.6. Қиды шығару және канализация жүйелері
8.7. Қиды және саңғырықты сақтау технологияларын қойылатын ветеринариялық – саитариялық талаптар
8.8. Мал қоралары (сиыр, қой, жылқы, шошқа, құс) микроклимат параметрлері және оларды жақсарту шаралары

8.1. Мал қораларын жобалаудың нормативтік негіздері (жоба құжаттарын сараптау, құрылыс сапасын бақылау, жерге қойылатын талаптар, санитариялық қорғау зоналары).


Мал қораларын жобалағанда әрі салғанда жүргізілетін ветеринариялық - санитариялық бақылау.
Сақтық ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және салу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:

  • Құрылысты техника – экономикалық тұрғыдан негіздегенде;

  • Құрылысқа жер таңдағанда

  • Жобаларға ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан сараптағанда;

  • Құрылыс кезінде ветеринариялық - санитариялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізгенде;

  • қораны пайдалануға қабылдағанда.

  • Ветеринариялық - санитариялық бақылау әртүрлі нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі (СНиП 2.10.03.–84“Животноводческие, птицеводческие и звероводческие здания и сооружения, НГП – Нормы технологического проектирования

  • Технологиялық жобалау нормалары, ТЖН және т.б)

  • ТЖН – да (НТП) барлық малға керекті зоогигиеналық талаптарының барлығы анықталған: малдың ұстау жүйелері, табының мөлшері мен құрылымы қора қопсы номенклатурасы және т.б.

  • Қазіргі уақытта Ресейде мал обьектілеріне арналған 14 негізгі НТИ – АПК 1.10.01.001-00 "Нормы технологического проектирования форм крупного рогатого скота крестьянских хозяйств" и др

  • Бұл құжаттардың ішінде ерекше орын алатын құжат: НТП – АПК 1.10.07.001- 02 "Нормы технологического проектирования ветеринарных обьектов для живодноводческих, звероводческих, птичеводческих“ крестьянских хозяйств.

Бұлардан басқа да ауыл шаруашылық министрлік бекітетін құжаттар (инструкция, әдістеме, құралдар, нұсқаулар) жобалау кезінде қолданады.
Жобалаудың негізгі мақсаты жануарларға максималды өнім ала алатындай жағдай жасауға мүмкіндік беретін мал шаруашылығы нысандарының жобаларын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет