Дістемелік кешені


Қиды және саңғырықты сақтау технологияларына қойылатын ветернариялық – санитариялық талаптар



бет50/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114
8.7. Қиды және саңғырықты сақтау технологияларына қойылатын ветернариялық – санитариялық талаптар.
Көңді өңдеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізіледі.
Қою және сұйық көңді дала аймағына тасу техникалық немесе санитариялық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа сақтайды.
Көң сақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көңді шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге, малды ұстау әдістерге және т.б. байланысты.
Құс шаруашылығының қасында ашық далада 50 мың тоннаға дейін құстың саңғырығы жиналған. Жауын-шашынмен араласқан саңғырық жер асты сулары арқылы үлкен алқаптарға таралып, экологиялық қауіп төндіруде.
Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жжасау үшін сақталады. Оның бірнеше түрлері болады: жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апандардағы, сонымен қатар ашық және жабық түрлері болады.
Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қаматамасыз етілуі тиіс. Сұйық қи үшін тереңдігі 2-5 м, ал қою ки үшін 1,5-2 м болу керек. Жер бетіндегі көңсақтағыш жан жағы 1,6 м бетондалып қоршалған алаңқай.
Қою көңді сақтаудың екі әдісі бар: анаэробтық әдіс – анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу проценсі жүріп, температура 25- 30 градусқа дейцін көтеріледі. Ал, аэробты – анаэробты әдісте аэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп, ондағы температура 65-70 градусқа дейін жетеді.

9 дәріс


Дәрістің тақырыбы: Мал шаруашылығында дезинфекциялық шараларды жүргізуге қойылатын гигиеналық-санитариялық талаптар
Дәрістің мақсаты: Мал шаруашылығындағы ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізілу әдістерін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар:
9.1. Мал шаруашылығындағы жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар.
9.2. Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және ветеринариялық- санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар
9.3. Дезинфекция, оның түрлері мен әдістері
9.4. Дезинфекциялық препараттары
9.5. Дезинфекция жүргізуге қолданылатын аппаратура және қондырғылар 9.6. Мал және құс қораларында дезинфекция жүргізу ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет