Дістемелік кешені


Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері



бет29/79
Дата19.04.2022
өлшемі403,29 Kb.
#31534
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79
Байланысты:
Дістемелік кешені

Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Белсенділік, Сыни ойлау және басқа критерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100


Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:




Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау; топтық, жұптық жұмыс,жоба, тест тапсырмалары, презентация т.б.

60

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,


Жеке таныстырылымы,

Топтық жоба, және басқа.



80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100


Ескерту!

  • 1,2 критерийлер мен баллдар барлық білім алушыларға жүреді.

  • Бағалау критерийлері мен соған сәйкес баллдарды оқылатын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытушы әзірлейді.

  • «Платонус»ААЖ-нде апта сайын, сабақ кестесіне сәйкес көрсетіліп отырады.


VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.

Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.

Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24




«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі







Ж.А. Абилхаирова




Пән оқытушысы




Ә.М.Өмірзақова


Лекция 1. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдық ролі

1.1. Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен ролі. Білімнің мән, мағынасы.

1.2. Білім беру үдеріс, нәтиже, жүйе және жеке адамның дамуының факторы ретінде.

1.3. Білім беру жүйесі туралы түсінік.
1.1.Білім – адам баласының маңызды қасиеті. Сол арқылы ол өзінің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, өзіндік «менін» сезініп, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда бола алады. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы.Білім – тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарады.

В.И.Дальдің сөздігінде «білім», «білдіру», «үйрету» деген мағынада қолданылған. Яғни, үйрету мен тәрбиелеу бір-бірімен өте байланысты.

Философиялық әдебиет білімді адамның рухани келбеті деп қарастырады.

А.А.Асмолов білімді тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өмірлік жолын дұрыс таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған үрдіс деп анықтаса, А.А.Петровский білімді мақсатпен, жоспарлы ұйымдастыра отырып, адамды әлеуметтендіруге болатындығын көрсетеді. Білімнің көмегімен мәдениетті игеруге болады. Осы анықтамалардың өзі-ақ білімнің тұлғаны дамыту, жетілдірудегі маңызын көрсетеді.

Білім философиясы – жалпы философияның бір бөлігі немесе саласы. Ол философияның өзегін құрайтын «адам-әлем қарым-қатынасын» білім алу, білім беру, басқаша айтсақ, білімдеу тұрғысынан қарастырады. Философияның бүкіл тарихында білімнің сипаты, білім мен сенім, білім мен адамгершілік, білім мен іскерлік сияқты сұрақтар жан-жақты қарастырылған. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздер – білім берудің технологияларының өзгеруі, көлемінің өсуі және қоғам мен білімнен туындаған қайшылықтардың тереңдеуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы, философияның білімге ықпалы сияқты аса маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Философия өзінің біртұтастық және жүйелілік, құрылымдық талдау идеяларымен педагогиканың методологиялық негізі рөлін жоғалтпайды. Өйткені, қазіргі уақытта көптеген жүйелер кең тараған философиялық бағыттардың идеяларына сүйенеді.

Қазіргі уақытта білімді адам идеалы туралы педагогика тұрғысынан ғана ізденіс жасау жеткіліксіз. Өйткені, ондай идеалды шығару үшін адам туралы білімдердің жаңа деңгейін игеру қажет. Яғни педагогиканың антропологиялық негіздері өзгеріске ұшырады.

Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуатты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет. Яғни білімнің адам тұлғасын жетілдірудегі, ұйымдастыруындағы құндылықтың табиғатын анықтау – білім философиясының негізгі міндеті.

Білім философиясы жақында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанына қарамастан, оның құрамында негізгі бағыттары қалыптасты.Білім онтологиясы – білім деген не сұрағына жауап беріп, оның табиғатын, мәнін, мағынасын түсіндіреді.Білім аксиологиясы – білімдегі құндылықтардың табиғатын және білімнің өзіндік құндылықтың сипатын айқындайды.Білім логикасы – білімнің пайда болу тетіктерін, білімнен білімнің туындау заңдылықтарын зерттейді.Білім әдістемесі – білімді үйрету жолдары мен оған әсер етудің тетіктерін үйретеді.Білім этикасы – білім мен адамгершіліктің өзара қарым-қатынасын қарастырып, адамды ірілендірудегі білімнің маңызын анықтайды.Білім эстетикасы – жан мен адам қарым-қатынасындағы сұлулық пен ұсқынсыздық, әдемілік пен сүреңсіздіктің табиғатын анықтаудағы білімнің маңызын зерттейді. Білім аумағындағы саясат белгілі бір мемлекеттің халқын жаппай сауаттандыру мен білім беру ісін ұйымдастырудағы әрекеттерінің сипатымен анықтайды.

Білімнің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға қабілетті адамдарды қалыптастыруға негіз болу. Бүгінгі күнгі білім берудің өзекті парадигмасы өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға, нығайтуға ұмтылыс жасайтын тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі ғасырды адамзат «жылдамдық ғасыры, бірігу ғасыры», информация ғасыры деп бағалап жүр. Бұған «білім ғасыры» деген анықтаманы да қосуға болады. Өйткені, білімді болудың аса үлкен қажеттілік екендігін адам баласы осы ғасырда өте жақсы түсінген сияқты. Постиндустриялдық өркениет заманының білім беру кеңістігіне үш сипат тән: ізгілендіру, біріктіру, кірігу процесінің жоғарылығы және инновациялылық.

Білімнің гуманистік немесе ізгілік сипаты әлеуметтік-мәдени дамудың ең жоғарғы құндылығы – адами дамуды, оның негізгі өлшемдерін қамтамасыз ету, яғни өмір сүруін ұзарту, салауаттылығын арттыру, сатып алу, тұтынудың мүмкіндігін кеңейтуде көрініс береді. Біріктіру сипаты жеке қызығушылық пен мүдделердің қоғамдық мүдделермен үйлесімділігін таба отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау немесе оның алдын алу, кері әсер ететін әлеуметтік факторларды жою немесе ығыстыру, ықпалын әлсірету сияқты үрдістерде айқындалады.

1.2. Білім беру үрдісі — оқыту процесі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағдылар мен табиғат және қоғамдық өмірге мәмілесін қалыптастырудың өзара тығыз байланыста дамуын білдіреді. Білім беру — бүкіл өмір бойы, білім жүйесін өзгерту, дамыту және жетілдіру үрдісіне болған мәмілесі; білім беру — өмір жағдайларының өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогреске байланысты үздіксіз және үнемі жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерудің үнемі жетіліп, алға қарай жылжып отыратын абсолютті формасы; білім беру — тұлғаны рухани және дене жағынан тұтас қалыптастыру, әлеуметтендіру үрдісі; білім беру — тұлғаны тарихи айқындалған, қоғамдық санада әлеуметтік эталон ретінде көрінген белгілі бір мұрат бейнелерге саналы бағдарлау.

Білім беру иәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл (менталитет). Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.

Педагогикалық терминологиялық сөздікте «сауаттылық» ұғымы - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай адамның оқу, жазу дагдысын меңгеру дәрежесі ретінде анықталады. Қоғам дамуындағы тарихи кезеңдерге банланысты бұл ұғымның мағынасы қарапайым оқу, жазу, есептеу дағдыларынан бастап, қоғамдық қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейіне дейін өзгеріп отыр. Мысалы, кампъютерлік сауаттылық, зкономикалық сауаттылық т.б.

Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.

Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына,қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.

Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:

1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;

2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі

«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.

1.3.Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

12 жылдық білім беру

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

• коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет