Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет36/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87
Байланысты:
реферат

«Модульдің оқыту технологиясы». 
Модульдің оқыту технологиясы бойынша берілетін тапсырма 
шағын бөліктерге бөліп оқытылады. Әр бөліктің өз алдына 
мақсаттары болады. Шағын мақсаттың нәтижесіне тез жетуге 
болады. 
Модульдік әдіс бойынша оқушыға мынадай талап қойыла-
тындай білу, тыңдау арқылы түсіну, диологты сөйлесу,оқу, оқуға 
дайындалу, жазу, монолгты сөйлесу. 
Оқытудың интерактивті әдісі бойынша мұғалім оқушының 
жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, 
дағды, құндылық жүйесін қалыптастыруға бейімдейді. Мұнда 
мұғалім хабарлаушы міндетін атқарады. 
1.Диогностика сәті.Сабақ түсіндіруден бұрын оқушылардың 
білімін тексереді. Әр оқушы білгенін ортаға салады. 
2.Ізденіс сәті.Оқушылар жұппен, топпен жұмыс істейді.Өз 
бетімен сұрақтар мен қосымша әдебиеттер оқиды. 10-15 минут-
тан соң әр топ белгілі –бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін 
оқиды, қорғайды. Мұғалім толықтырады, ақпарат береді. 
Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін пікір сайыс, рөлдік 
ойындар арқылы сабақты бекітуге болады. Нәтижесінде 45 ми-
нуттың 7-8 минуты ғана мұғалім сөйлесе, сабақтың қалған 
уақыттың барлығында оқушылар жұмыстанады. 
Оқушылар бұл әдіс бойынша өзін-өзі бағалауға, өзгелерді 
бағалауға үйренеді 
1.Тақырып бойынша дайындығым: төмен, орташа, жақсы. 
2.Жаңа тақырып бойынша: төмен, орташа, жақсы. 
3.Бүгінгі сабаққа қатынасуым: төмен, орташа, жақсы. 
4.Топтар бірін-бірі бағалайды. 
Мұндай бағалаулар оқушылардың ерік-жігерін, намыс, еңбек 
сүйгіштік қабілеттерін дамытады.Бірін-бірінің деңгейіне жетуге 
ұмтылады. 
Кеңінен тарап кеткен технологияларының тағы бір түрі 
Қ.Ж.Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясы. 
«Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясының мақсаты: 


94 
-әр оқушы оның қабілеті мен мүмкін деңгейіне орай оқыту; 
-оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшеліктеріне 
сәйкес бейімдеу; 
-оқушылардың танымдық қызығушылығын қамтамасыз ету, 
бәсекелестігін дамытуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
 
Ерекшілігі: 
- оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс 
жүргізе алатындығында; 
- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін мін-
деттілігі, 
- білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясын 
механизм ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына 
мүмкіндік жасауы; 
- білмегенді жазалау емес, ескерту; 
- оқушыға оқу деңгейін таңдауға мүмкіндік беруі; 
Тиімділігі: 
- оқушыны үнемі әрекеттерге қосады; 
- өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады; 
- тілдік категориялардың, лексика-граматикалық құрылымын 
игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңеутуге 
мүмкіндік береді. 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану өзіндік 
ойы бар, зердеді шығармашлық тұлға қалыптасуына алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет