«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


ІІ ТОҚСАН Бөлім: «Этникалық және әлеуметтік процестер»



бет7/21
Дата15.10.2022
өлшемі2,33 Mb.
#43348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
ІІ ТОҚСАН
Бөлім: «Этникалық және әлеуметтік процестер»



Тақырып

Этностардың пайда болу туралы теориялары





Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі

10.2.1.3 Этногенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу


тұжырымдау
Білім алушы
 Этногенездің әртүрлі теорияларын ретімен көрсетеді,
қорытынды жасайды

Жоғары деңгей дағдылары


және




Тапсырма

Төмендегі оқу ресурстарын оқып, кестені толтырыңыз.


Адамның шығу тегінің теориялары.




Адамның ғарыштық тұжырымдамасы. Көне құжаттарды, аспан жаратылыстарының пайда болуы туралы библиялық мәтіндерді талдау, Пасха аралындағы мүсіндер сияқты табиғи объектілерді зерттеу негізінде, жерден тыс өркениет өкілдерінің жерге келу (палеовизит) мүмкіндігі туралы тезис ұсынылады. Ғарыштық келімсектер ер және әйел адамдардың пайда болуына мүмкіндік туғызды, өйткені адамзаттың қалыптасуына және дамуына қозғау салды деп жорамалданды. Палеовизит тұыжырымдамасы XXI ғасырда да өзінің жолын қуушыларды тапты.


Діни-мифологиялық тұжырымдама. Мифология алдыңғы ұрпақты "адастыру нысаны" ретінде емес, адамның өзін-өзі тануының маңызды сатысы ретінде қарастырылады. Құдай көне египеттік философияда адамды қыш ортасында балшықтан жасайды, осы ұқсас түсінік шумер мифіне тән болып табылады. Антикалық дәуірде адамның пайда болуы оның Ғарышпен өзара байланысына немесе "микроғарышпен" (адаммен) және "макроғарышпен" (табиғатпен) өзара байланысы бірыңғай тұтастық ретінде қарастырылды.

Христиандық шеңберінде адамзаттың тұтастығы, оның Құдаймен қатынасы туралы ілім тұжырымдалды. Адамды, Қасиетті жазу бойынша Құдай дүниені жаратқаннан кейін соңғы (алтыншы) күні жаратты.




Ғылыми-жаратылыстану тұжырымдамасы. Адамның пайда болуының ғылыми-жаратылыстану түсіндірмелерінің алғашқы әрекеттерінің біреуі Аристотельдің адамды ең «жоғары дамыған жануар», тек сөйлеумен және ойлаумен ерекшеленеді деп атаған көзқарасымен байланысты. Зоопсихология айналыса бастаған жануарлар мен адамдар арасындағы жалпы мен әртүрлі ерекшеліктер мен сипаттамаларды іздеу дәстүрі біртіндеп пайда бола бастайды. XVIII ғ. К. Линней табиғат объектілері мен құбылыстарын және оған адам-homo sapiens (ақылды адам) да енетін бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынды. Ч.Дарвин келесі бекітулерде негізделген адам эволюциясы принципін тұжырымдады: а) адамның бастауы үш кезеңдегі түр ретінде қарастырады; б) адамның арғы ата-бабалары адам тәріздес маймылға ұқсас жаратылыс болып табылады; в) адамның пайда болған орны - африкалық материк. XIX

ғасырдың ортасында эволюциялық процесте адамды тартуды растайтын фактологиялық материал біртіндеп жинақталды.




Марксистік тұжырымдама. Адамның шығу тегі туралы Дарвин тұжырымдамасы антропогенездің марксистік еңбек теориясының негізінде қаланды. Оның мәні Ф.Энгельстің

21


"Адамның маймылға айналу процесіндегі еңбектің ролі" (1876) атты еңбегінде баяндалған. Биология, антропология және басқа ғылымдармен жинақталған материалдарды байыту келесі қорытындыны тұжырымдауға мүмкіндік береді. Биологиялық эволюция процесінде еңбекке өтудің алғышарттары жасалады, алайда еңбек адам қызметіне тән қару-жарақты дайындаудың басталуымен, сөйлеу және ойлаудың пайда болуы ерекшеліктерін меңгереді, бұл ерекшеліктер өмірдің әлеуметтік нысандарының қалыптасу және даму процесінде, өз кезегінде еңбек қызметімен байланысты күшейеді. Адам сыртқы табиғатты түрлендіре отырып, өзінің әлеуметтену дәрежесін арттырады.


Адамзаттың пайда болуының негізгі теорияларын көрсетіңіз.

?




?

?

?




























Теорияның мәнін анықтаңыз.







?




?

?

?







Теорияның негізін салушылар, ізбасарлар, қолдаушыларды атаңыз.

?




?

?

?










Теорияны дәлелдеуге 3-4 аргумент келтіріңіз.







?




?

?

?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет