«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет2/9
Дата19.05.2023
өлшемі128,37 Kb.
#95155
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Оқу мақсаты

10.1.2.1 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру
10.1.2.5 Ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау
10.1.3.6 Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау
10.1.4.7 Қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери
қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін анықтайды

  • Технологияның қоғам дамуына әсерін атап көрсетеді

  • Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін көрсетеді

  • Қоғамдағы әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма

  1. Өркениеттің дәстүрлі түріне тән белгілерін кестеде толтырыңыз.

Қалыптаса бастаған кезеңі




Өндірістің негізгі факторы




Негізгі өндірілетін өнім




Өндірісіне тән сипаттамасы







  1. Қазіргі өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін көрсетіңіз.

Жағымды әсері

Жағымсыз әсері

1
2

1
2




  1. Әлемдік діндер туралы және олардың ерекшеліктеріне байланысты кестені толтырыңыз.




Әлемдік діндердің бірін таңдап, атауын жазыңыз




Таңдаған діннің негізін қалаған тұлғаның есімін жазыңыз




Қасиетті діни кітабының атауын жазыңыз




Әлемдік діннің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаңыз







  1. Дүниежүзілік соғыстардың салдарын жазыңыз.

Дүниежүзілік соғыстардың салдары

1

2

Дүниежүзілік соғыстардың әлемдік өркениетке әсері

1

Бағалау критерийлері

Тапсырма


Дескрипторлар

Балл

Білім алушы

Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін анықтайды

1

өркениеттің дәстүрлі түрінің қалыптасу кезеңін анықтайды;

1

өркениеттің дәстүрлі түріндегі негізгі
негізгі өнімді анықтайды;

1

өркениеттің дәстүрлі түріндегі
өндірістің негізгі факторын анықтайды;

1


өркениеттің дәстүрлі түріндегі өндіріске тән сипаттамасын
анықтайды;

1


Технологияның қоғам дамуына әсерін атап көрсетеді

2


ақпараттық технологиялардың
өркениеттің дамуына 1-жағымды әсерін жазады;

1


ақпараттық технологиялардың өркениеттің дамуына 2-жағымды
әсерін жазады;

1


ақпараттық технологиялардың
өркениеттің дамуына 1-жағымсыз әсерін жазады;

1


ақпараттық технологиялардың өркениеттің дамуына 2-жағымсыз
әсерін жазады;

1


Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін көрсетеді

3

әлемдік діннің атауын жазады;

1

діннің негізін қалаған тұлғаның есімін
жазады;

1

қасиетті діни кітаптың атауын жазады;

1

әлемдік діннің ерекшеліктеріне
қысқаша шолу жасайды;

1

Қоғамдағы әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын ажыратады

4

дүниежүзілік соғыстардың 1-салдарын
жазады;

1

дүниежүзілік соғыстардың 2-салдарын
жазады;

1

дүниежүзілік соғыстардың әлемдік
өркениетке әсерін жазады.

1

Жалпы балл

15

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін анықтайды

Өркениеттің дәстүрлі түрінің қалыптаса бастаған уақытын, негізгі өндірілетін өнімді, өндірістің негізгі факторын, өндіріске тән сипаттамасын жазуда қиналады

Өркениеттің дәстүрлі түрінің қалыптаса бастаған уақытын, негізгі өндірілетін өнімді, өндірістің негізгі факторын, өндіріске тән сипаттамасын жазуда қателіктер жібереді

Өркениеттің дәстүрлі түрінің қалыптаса бастаған уақытын, негізгі өндірілетін өнімді, өндірістің негізгі факторын, өндіріске тән сипаттамасын жазады

Технологияның қоғам дамуына әсерін атап көрсетеді

Ақпараттық технологиялардың заманауи өркениеттің дамуына жағымды/жағымсыз әсерін жазуда қиналады

Ақпараттық технологиялардың заманауи өркениеттің дамуына жағымды/жағымсыз әсерін жазуда қателіктер жібереді

Ақпараттық технологиялардың заманауи өркениеттің дамуына жағымды/жағымсыз әсерін жазады

Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін көрсетеді

Әлемдік дін атауын, негізін қалаған тұлғаның есімін, қасиетті кітаптың атауын жазуда, әлемдік діннің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасауда қиналады

Әлемдік дін атауын, негізін қалаған тұлғаның есімін, қасиетті кітаптың атауын жазуда, әлемдік діннің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасауда қателіктер жібереді

Әлемдік дін атауын, негізін қалаған тұлғаның есімін, қасиетті кітаптың атауын жазуда, әлемдік діннің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасайды

Қоғамдағы әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын ажыратады

Дүниежүзілік соғыстардың 1/2 салдарын жазып, оның әлемдік өркениетке әсерін көрсетуде қиналады

Дүниежүзілік соғыстардың 1/2 салдарын жазып, оның әлемдік өркениетке әсерін көрсетуде қателіктер жібереді

Дүниежүзілік соғыстардың 1/2 салдарын жазып, оның әлемдік өркениетке әсерін көрсетеді


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет