Будданың 5 қағидасы:
1.Өлтірме!
2.Ұрлама!
3.Ізгілікті, иманды бол!
4.Өтірік айтпа!
5.Естен адастыратын, масайтыратын
нәрселелерді қабылдама.
Ежелгі Қытай философиясы. Даосизм және конфуцианшылдық.
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады., «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.
Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.
Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.
Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ».
Достарыңызбен бөлісу: |