Досанова м. М


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет30/36
Дата10.07.2023
өлшемі291,24 Kb.
#104161
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі :
1.Психология еңбегі “Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері” еңбегінен үзінді
2 Бапаева М.К. Даму психологиясы Алматы: 2014. — 440 б. — ISBN 978-601-217-480
3.Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.


12-лекция


Лекция сабағының тақырыбы: Жеткіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері.


Сабақ жоспары:
1 Жеткіншектің тұлға ретінде даму статусы. Дағдарыс.
2 Ересектік сезімнің пайда болуы.
3 Жеткіншектердің автономияға ұмтылуы.
Жеткіншек кезеңі жалпы процесс кезіндегі жеке тұлға болып дамуындағы маңызды фаза »Жеткіншек» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.
Жеткіншек үшін анықталған бір заттың түрлерін шешу, өзінің жеке адамдық сезімін қолдау үшін мəнді бола бастайды. Бұндай уақыт ішінде жеткіншектер тек қана бітім жағынан ғана есеймейді, сонымен қатар ақылой, адамгершілік, əлеуметтік жағынан есейеді.
Жеткіншектердің даму үрдісінде көптеген шарттар болады, бір бағыт бойынша даму бағыттылығы тез жүрсе, ал басқада ол баяу жүреді. Сондықтан жеткіншектерде балалық шақпен есею кезеңі қатар жүреді, ал жеткіншектермен құрдастары бір-бірімен даму кезеңіндегі əр түрлілігімен ерекшеленеді.
Г.Г.Федорова осы кезеңге мінездеме бере келіп: »Тұлға бойынша дене бітімінің дамуы біркелкі емес, жыныстық жетілуі байсалды өзгерістерге ұмтылыс жасау» деп атап көрсетті. Біз жауап іздегеніндей өтпелі кезеннің ішкі қиындығы психограматикалық үрдістердегі »Мен» концепциясының қайта құрылымымен байланысты, екіншіден жастарда шекаралық жəне анықталмаған əлеуметтік ахуалды түсіну, үшіншіден əлеуметтік бақылау механизмін қайта қайта құрудағы ескерту. Барлық осы бағытқа байланысты жаңа сапаның құрылуы барлық есею бойындағы жерде жүреді. Жеткіншектің ағзасы қайта құрылғанда өзіндік сана сезім, ересектерге жəне құрбықұрдастарына қарым-қатынас өзгереді /1 Бұл кезеңдегі жеткіншектер өзінің жанұясына деген қатынасын жаңаша бағалай бастайды. Өзін жеке адам етіп көрсетуге ұмтылуынан аулақ жүруге деген қажеттілік туындайды. Жылдар бойы оған əсер етіп келсе солардың бəрінен бөлек кетсем деген ой туындайды. Олардың қатарында ең бірінші жанұядағы ата-анасы тұрады. »Жеке адамын» деген ұмтылысынан ата-ананың қамқорлықтарымен ақылдарына, пікірлерімен, көзқарастарына қарсы тұра бастайды.
Жеткіншектік кезеңдегі психикалық, ағартудың негізі бұл есеюді сезіну бұл өзін жаңа деңгейде бейнелеп көрсетеді.
А.Е.Личко бойынша жеткіншектердің маңызды мінез — құлықты бірнеше реакцияларға бөліп қарастырған эманципация реакциясы, топтық құрбы-құрдастар реакциясы, əуестік реакциясы, сексуалды əуестіктің қалыптасуын ескерту реакциясы. Біз жеткіншектің »Мен» деген қасиетін түсіну үшін оның үлкендермен қарым — қатынастарына, əсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт əр түрлі жəне əрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық жəне əлеуметтік негіздері қолданады жəне олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жеткіншектік кезең қиын əрі сыналатын кезең деп есептелінеді. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншеден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде əр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тəрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймаиды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың əр түрлі формалары шығады ( қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңіндегі дамудың сыналуы көріністерінің пайда болуында биологиялық жəне əлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Сонымен, жеткiншектердiң маңызды адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы психогендi мектепке бейiмсiздiктiң себебi болып табылады. Егер, кiшi сынып оқушлылары үшiн мұғалiмдер мен ата-ана маңызды адам болса, ал қарым-қатынас пəнi – практикалық iс-əрекет, оқу болса, жеткiншектердiң дезадаптациясының пайда болуына əкелетiн негiзгi фактор – қатарластарымен қарым-қатынасының бұзылуы болып табылады. Мұндай қарым-қатынастың пəнi – оқу iс-əрекетi процесiндегi жеткiншектердiң өздерi. Жеткiншек кезеңдегi оқу əрекетi танымдық емес, əлеуметтiк болады. Оқу əрекетiмен байланысты қиындықтар психогендi мектепке дезадаптацияның тұрақты синдромының қалыптасуына əкелуi үшiн, оларды бала эмоцияларында сезiнуi керек. Егер олар басқа қарым-қатынас сфераларында не iс-əрекетте баланың сəттiлiк сезiмдерiмен компенсацияланбайтын болса, жеткiншектi мазалайтын проблемалар шешiмi жоқ ретiнде қабылдана бастайды; нəтижесiнде жеткiншектiң өзiндiк бағасы төмендеп, дезадаптивтi қылық формалары бекiтiледi. Жеке адамның онтогенетикалық дамуындағы əр жас кезеңi өз ерекшелiктерiмен жəне өту заңдылығымен байқалады, олардың нəтижесiнде жеке адамның жаңа құрылымдары қалыптасады. Жеке адамның дамуын онтогенезде зерттеу белгiлi бiр жас кезеңiнiң басында оған тəн бала мен орта арасындағы қатынас қалыптасатындығын көрсеттi, ол жас кезеңiнiң əлеуметтiк даму ситуациясы деп аталады (Л.С.Выготский). Дамудың əлеуметтiк ситуациясы психикалық даму динамикасын, жаңа психикалық құрылымдардың қалыптасуын анықтайды /2/. Жеткiншек кезеңде жақсы достарға қажеттiлiк өте өзектi болады. Кiшi сынып кезеңiнде қатарластар арасындағы қарым-қатынас маңызы айқын болмайды: балалар ойын барысында қызығушылықтары ортақ достарын табады. Олар өзара жарысады, бiр-бiрiнiң сенiмiне ие болып немесе жоғалтуы мүмкiн, əрi эмоционалды қатынастары елеусiз болады. Балалардың эмоционалды қажеттiлiктерiнiң қанағаттануы қатарластарымен қарымқатынасына тəуелсiз болады. Бала қанағаттануды ата-анасынан iздейдi. Олардан сүйiспеншiлiк пен махаббатты, қолдауды күтедi. Егер осы жағдайлардағы мүмкiндiгi шектеулi болса ғана бала эмоционалды қажеттiлiктерiн достарының немесе басқа ересектердiң көмегiмен қанағаттандырады. Жеткiншек кезеңдегi жағдай мүлдемге басқаша. Жыныстық жетiлу жаңа сезiмдердi тудырады, балада ата-анасынан эмоционалды тəуелсiздiктi, еркiндiктi алу тiлегi туындайды. Жеткiншектер өз қатарластарына қарай талпынып, ертеде ата-анасынан алатындарын олардан табуға тырысады.
Жеткiншектiң бiрiншi қажеттiлiгi – қызығушылықтары ортақ адаммен достық қатынас орнату. Ер жеткен сайын қиыншылықтарымен, ойларымен бөлiсуге мүмкiндiк беретiн жақын достық қатынастарға қажеттiлiгi күшейедi. Жеткiншектерге оларды жақсы түсiнетiн, сүйенiш болатын достары өте қажет. Олар тек құпияларымен, не жоспарларымен ғана бөлiсiп қоймайды, сонымен қатар, iшкi проблемаларын, басқалармен қатынасындағы конфликтiлерiн шешуге бiр-бiрiне көмектесе отырып, сезiмдерiмен де бөлiседi. Жеке адамның онтогенетикалық дамуындағы əр жас кезеңi өз ерекшелiктерiмен жəне өту заңдылығымен байқалады, олардың нəтижесiнде жеке адамның жаңа құрылымдары қалыптасады. Жеке адамның дамуын онтогенезде зерттеу белгiлi бiр жас кезеңiнiң басында оған тəн бала мен орта арасындағы қатынас қалыптасатындығын көрсеттi, ол жас кезеңiнiң əлеуметтiк даму ситуациясы деп аталады (Л.С.Выготский). Дамудың əлеуметтiк ситуациясы психикалық даму динамикасын, жаңа психикалық құрылымдардың қалыптасуын анықтайды /2/.
Жеткiншек кезеңде жақсы достарға қажеттiлiк өте өзектi болады. Кiшi сынып кезеңiнде қатарластар арасындағы қарым-қатынас маңызы айқын болмайды: балалар ойын барысында қызығушылықтары ортақ достарын табады. Олар өзара жарысады, бiр-бiрiнiң сенiмiне ие болып немесе жоғалтуы мүмкiн, əрi эмоционалды қатынастары елеусiз болады. Балалардың эмоционалды қажеттiлiктерiнiң қанағаттануы қатарластарымен қарымқатынасына тəуелсiз болады. Бала қанағаттануды ата-анасынан iздейдi. Олардан сүйiспеншiлiк пен махаббатты, қолдауды күтедi. Егер осы жағдайлардағы мүмкiндiгi шектеулi болса ғана бала эмоционалды қажеттiлiктерiн достарының немесе басқа ересектердiң көмегiмен қанағаттандырады. Жеткiншек кезеңдегi жағдай мүлдемге басқаша. Жыныстық жетiлу жаңа сезiмдердi тудырады, балада ата-анасынан эмоционалды тəуелсiздiктi, еркiндiктi алу тiлегi туындайды. Жеткiншектер өз қатарластарына қарай талпынып, ертеде ата-анасынан алатындарын олардан табуға тырысады.
Жеткiншектiң бiрiншi қажеттiлiгi – қызығушылықтары ортақ адаммен достық қатынас орнату. Ер жеткен сайын қиыншылықтарымен, ойларымен бөлiсуге мүмкiндiк беретiн жақын достық қатынастарға қажеттiлiгi күшейедi. Жеткiншектерге оларды жақсы түсiнетiн, сүйенiш болатын достары өте қажет. Олар тек құпияларымен, не жоспарларымен ғана бөлiсiп қоймайды, сонымен қатар, iшкi проблемаларын, басқалармен қатынасындағы конфликтiлерiн шешуге бiр-бiрiне көмектесе отырып, сезiмдерiмен де бөлiседi.
Ерте жеткiншек кезеңде қыздар мен ұлдар өз сезiмдерiмен көбiне атааналарымен бөлiседi. Барлығы жанұядағы қатынастардың жақындығына байланысты болады. Уақыт өткен сайын жеткiншектер құпияларымен достарымен бөлiседi. Бұл тенденция ересек жеткiншектерде жақсы байқалады. Əйел адамдар ата-аналарына, қатарластарына жақын эмоционалды қатынасымен ерекшеленедi. Бұл қоғамдағы стереотиптерге де сəйкес келедi: ер адамдар өз сезiмдерiн ашық көрсетуiне болмайды.
Достық қатынастардың жеткiншектерге қажеттiлiгiнiң бiр себебi – олар əлi де өздерiне сенiмдi емес, осы үшiн көп қобалжиды жəне жеке тұлға ретiнде қалыптаса қойған жоқ. Достары бiр жағынан күш берсе, екiншiден, өзiндiк Меннiң шекарасын анықтауға көмектеседi. Достары көмегiмен жеткiншектер жеке тұлғалық жəне əлеуметтiк дағдыларды игередi, ересектер дүниесiне бейiмделедi. Оларда мазасыздандарған сезiмдерiмен бөлiсуге болатын қатарластарына эмоционалды қатынасы орнайды.
Жеткiншек жастағы тағы бiр күрделi проблема – жалғыздық. Атааналарының қызметтен қолы босамай, аға-əпкелерiнiң жасы бойынша қызығушылықтары сəйкес келмеген кезде, жеткiншектер өз қалыптарын «изоляция, өзiне сенiмсiздiк, басқалардың зейiнiнiң жетiспеуi, жалғыздық» деп суреттейдi.
Бұл ер балаларда айқын бiлiнедi.
Жеткiншектер жалғыздықты көптеген себептерге байланысты сезiнедi. Кей балалар қарым-қатынаста өздерiн қалай ұстауды, қандай қылықтың орынды екендiгiн, əр түрлi ситуацияларда өзiн қалай ұстауды бiлмейдi. Басқалар болса өздерiн өте төмен санап, айтылған сынға негативтi реакциямен жауап бередi. Сыннан қорыққан олар өздерiн жағымсыз жағдайға əкелуi мүмкiн еш əрекетке бармайды. Апатия мен мазасыздыққа бейiм жеткiншектерге басқалармен қарым-қатынас орнату қиын болады. Үшiншiлер ешкiмге сенбейдi, сондықтан ешқандай жақсылық күтпейдi.
Нəтижесiнде бұл балалар ешкiм өз қажетiне қолданып алмас үшiн эмоционалды жақын қарым-қатынастан бас тартады. Əсiресе ата-анасының қолдауы болмаған жеткiншектерге достық қарым-қатынас орнату қиынға түседi.
Жеткiншек кезеңдегi тұлғалық жаңа құрылымдар — өзбеттiлiкке талпыну, ересек болу, ересектердiң өмiрiне атсалысу қажеттiлiктерiмен анықталады. Ересектермен қарым-қатынасында қайшылықтар пайда болуы мүмкiн. Осы қайшылықтардың шешiлуi жеткiншектiң кризистiк кезеңнен өткендiгiн бiлдiредi. Т.В.Драгунова қайшылықтың үш вариантын қарастырады. Бiрiншiсiнде қайшылық тереңдеп, конфликт күрделене түседi. Бұл ересектердiң жеткiншектiң тəуелсiз болуға, сенiм артып, сыйлауды талап ету талпыныстарына ретсiз деп қарауынан болады. Жеткiншек болса ересектiң бұл қатынасына əр-түрлi формадағы қарсылықпен жауап бередi. Жеткiншектiң негативизмi күшейiп, тұлғасының қалыптасуына терiс əсер етедi: агрессивтi тенденцилар, өтiрiк айту, жағымсу т.б. Екiншi вариантта ересектердiң бiрiздi қатынасының бұзылуынан қайшылықтар эпизодты пайда болады. Ересек жеткiншекке алғашында рұхсат берген нəрселерiне тиым салуы мүмкiн. Бұл жағдайда жеткiншектiң ересектiгiнiң дамуы оның қызығушылықтары мен тапыныстарының мазмұнына байланысты болады. Үшiншi вариант қайшылықтар мен конфликтiлердiң бiрте-бiрте жойылуымен байланысты. Бұл жағдайда ересектер жеткiншектiң ересек кезеңге өтуiн толық түсiнiп, оған қатынасын өзгертедi, қалыптасқан өзара сенiмдi бұзбауға тырысады /2/.
Бұл кезеңде өзiндiк сана-сезiм жетiледi. Жеткiншек кезеңнiң орта шенiнде өзiндiк баға тұрақты бола бастайды. Жеткiншектiң қарымқатынастағы қылықтары мен əрекеттерi өзiндiк бағасымен анықталады. Өзiндiк баға деңгейi жоғары болса, басқалармен конфликтiлер жиi болады. Өзiндiк баға жеткiншектiң басқалармен қарым-қатынасы барысында қалыптасады. Қарым-қатынаста бала өзiн басқалармен салыстыру арқылы, өзiн-өзi таниды. Адамдардың берген бағасы жеткiншектiң өзiндiк бағасын қалыптастырады. Егер ортаның берген бағасы жеткiншектi қолдамайтын болса, төмен не асыра жоғары бағалайтын болса, өзiндiк баға деңгейi адекватты болмайды. Жеткiншек кезеңнiң басында тұрақсыз болған өзiндiк баға бiрте-бiрте тұрақталып, жеткiншек кездейсоқ жағдайлардың əсерiнен тəуелсiз бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет