Дәріс 15
Азық-түлік өнімдер және экологиялық шешімсіз мәселелерді шешудегі қосымша
ресурстар
Азық-түлік өнімдерге байланысты шешімсіз мәселелерге байланысты
өсімдік шикізатынан алынатын қосымша ресурстардың рөлі. Тамақ
өндірісінде өсімдік тектес: ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар,
дәрумендер, тамақ талшықтары болатын құнды заттармен байытылған
қосымша шикізат көзін алу және пайдалану.
Микроорганизмдерді өсіруге арналған орталарды дайындау үшін, этил
спиртін, дәруменді, хош иісті заттарды, пектинді заттарды, бояғыш
заттарды, көмірсуларды алу үшін қосымша шикізат ресурстарын
пайдалану.
Өсімдік қалдықтары: ақуыз амниқышқылы, дәрумендер, ферменттер,
минералды элементер және т.б. өнімдер алу. Қызылшадан, сәбізден, алма
сығындысынан, жүзімнен, дифузионды шырыннан алынған ортаны
наубайханалық және шарапқа арналған ашытқыларды өсіру үшін
пайдалану. Жемісті консерві өндірісінің, томат және картоптан қалған
қалдықтарды өңдеу. Қант және жеміс жидек өндірісінің қосымша
ресурстарынан этил спиртін алу.
Адам өмір тіршілігіне қауіпсіз тамақ ресурстарын қанағаттандыруға және
ортаның тепе-теңдігін ұстап тұру мақсатында өндірістік ресурстарды
рационалды пайдалану және өсімдіктерден алынған шикізаттың кешенді
өңделуі.
Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді
дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және
саяси
мәні
зор
болып
отырғаны
белгілі.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің
қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім
өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен
ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа
секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен
айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін
күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес.