4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Ілік септік жалғауларын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады жəне құрастырады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Ілік септік жалғауларын біледі.
ТІЛДІК МАҚСАТ:
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастырып,
оған жауап бере алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Математика, жаратылыстану.
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ
БІЛІМДЕР:
Атау септік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы минут
минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.
Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!
(Ұ) «Мозаика» əдісі бойынша оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру.
Оқушылар ортақ тақырыпқа сəйкес табиғат құбылыстары суреттерінің мозаикасы арқылы топқа бірігеді. Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіреді.
Мысалы:
Топ ішінде тыныштық сақтау.
Топ мүшелерін құрметтеу.
Бірлесе отырып жұмыс істеу.
Көңілді əуен қосып қою
Сабақтың ортасы
7 минут
жаттығу. (Т) Мəтіндіоқу.
«Мозаика» əдісі бойынша оқып, талдау. Мəтінді топ санына байланысты бірнеше бөлікке алдын ала бөлу керек. Оқушылар топтасып, мəтіннің бір бөлігін ғана талдаса, келесі топ қалған бөліктерін талқылайды.
Жетекші сұрақтар:
Сел қалай пайда болады?
Тасқынның жылдамдығы туралы не айта аласыңдар?
Оқулықпен жұмыс
Сел тасқыны салдарынан не болады? Ойыңмен бөліс.
Сел тасқынының қандай қаупі бар?
Сел апатынан қорғану үшін не істеу керек?
Кластер
№3 дəптермен жұмыс
№3 дəптермен жұмыс
https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSd AyAnTfb3HqZSNE Q7O4GRNX №3 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ж) Мəтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайындап, оларға жауап беру.
Сел апаты жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастырып, кластер құру.
Қарамен жазылған сөздерді (мұздықтардың, тасқынның, селдің) сөз құрамына талдап, сөздердің қосымшалары қай септікте тұрғанын анықтау.
2 минут
Жаңа ақпарат.
Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұраққа жауап береді. Ілік септігі атау септіктегі сөзге -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды ілік септік жалғаулары деп атайды.
3 минут
37-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Берілген сөйлемдерден ілік септіктегі сөздерді табу. Олардың сөйлемде қандай мүше болғанын айту.
Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.
2 минут
(МК; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысына өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексияжасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Жасаған дəлелдеулерінің екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Жаңбыр, сел, тасқын сөздерін пайдаланып, бірнеше сөйлемдер құрастыру. Жазған сөйлемде берілген сөздердің қай септікте тұрғанын анықтап, өз жауаптарын тексеріп, кестені пайдалана отырып, өз ойын, пікірін дəлелдеу.