(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
№3 дəптермен жұмыс
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған
«шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.
Түрлі түсті қарындаштар
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?