Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет67/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
103 
Əмірші иемен бірге пəлен жыл жол жүрдім, пəлен жер көрдім, пəлен піл, 
пəлен түйеге қазына артып, ырғап-жырғап келемін деп аспандаған көңілі 
ңарсы алдынан мынандай өңі түгілі түсінде көрмеген көрікті мұнара көк 
тіреп шыға келгенде, аяқ астынан қанаты қырқылып, жер болып қалар 
еді. Падиша да қаншама бəйбіше деп дабырайтып, бастас санап, басын 
асырып жүрген Ұлы ханымның қанша жыл отасқанда, қанша жорықтан 
жеңіспен оралғанда онсыз да асқақ көңілін астанасына кіре бергенде дəл 
мынадай қып одан бетер аспандатып тастайтындай ақыл таба алмағаны 
сол арада бірден есіне түсер еді, оның қанша асыл текті болғанмен алтын 
санап, асыл жиғаннан басқа ештеңені білмейтін дүние қоңыз, етегіне 
тоңғақ жұқтыр-ғыштығымен ғана бағы асып тұрған жай əншейін жабық 
құрсақ əйел екеніне біржолата көзі жетер еді. 
Кісінің ішіндегісін айтқызбай біліп отыратын падиша бұның адал 
махаббаты, ақ пейілмен қоса жас та болса бас болуға жарап қалған кемел 
ақылына да риза болар еді. Бұ да «алдыңнан көрдің бе, қандай сый əзірлеп 
қойдым» деп көргімей-ақ баяғы сол бір үлбіреген балапан қалпы қарсы 
алар еді; пəлен жылдан бері шымырлап өніп, дəл қазір көкірегіне шып-
шып толып, зорға сыйып тұрған көл-көсір іңкəрін, жұлын-жүйкесін, өне 
бойын түгел өртеп бара жатқан қомағай ынтығын да бірден селдетіп 
ақтара салмай сол баяғы алғашқы түндеріндегідей именшектеп, қымсына 
қауышар еді; сөйткенмен де, оған өзіне асыл текті патшазаданың пейіл 
білдіргенінен асқан бақыт жоқ екенін сездіріп, жар қызығын бағалай 
білетін əйелдік парқын да қапысыз байқатып бағар еді. 
Сол күн тезірек келсе екен тек, мынау аңылжыған үлкен сарайдың 
бұрыш-бұрышы бұның шат-шадыман қуанышының ағыл-тегіл ақ 
толқынына толар еді. 
Сол арманына қолын мына көкшіл мұнара жеткізгелі түр. Ханым 
арманындай əсем мұнараны салып жатқан шебердін əр саусағын сүюге 
əзір. Тек мұнараны тезірек бітірсе екен. Тек анау көзге сүйелдей қадалып 
тұрған кетікті тезірек бітесе екен. Шебер мұнараның ұшар басына барып, 
бұнша неге телміріп тұрып алды? Айтпақшы, Əмірші көк мұнараға 
сарайдан көз салғанда оның мынандай бір түрлі жазғыра қараған 
тұнжыраңқы кейпі-нен тіксінбес пе екен? Мүмкін, мұның басы жетпей 
жүрген жұмбаққа ол түсінер. Əрине, солай... Əлемнің төрт бұрышын 
тізесінің астына басқан билеүшінің бұл дүниеде түсінбейтіні болады 
дейсің бе? Сонда оның өзі жоқта ханымның терезесіне дəл мынандай боп 
жəудірей төніп тұрған сиқыр мұнараның сырын неге жоруы мүмкін. 
Əрине, анау тас мұнараға жан бітіруге аз-ақ қалған асқан шебердің өз 
аузынан айтса, тілі кесіле-тіндей бір тым құпия тылсым сырын өнерімен 
тұспалдап білдіргеніне жориды. Иə, оның əнеукүнгі мөлдіреген монтаны 
жанарындағы именшек наз махаббат екен ғой. Дəл солай. Оны Əміршінің 
қырағы көзі түгілі, енді, міне, пəлен күннен бері бас қатырып жүрген 
бұның өзі де түсініп отыр. 
Ханым мынау ыңғайсызда үстінен сап етіп түсе қалған оспадарсыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет