Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет69/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
105 
алдына бəрібір жарқыратып жайып салмай ма? Оны жасыру ешкімнің 
қолынан келмейді. Келсе, тек мынандай сиқыр мұнара салған шебердің 
өзінің ғана қолынан келеді. Ол бірақ ынтыға күткен тілегіне жетпей 
тұрып, бұның қолқасын бəрібір істемейді. Мұның көз алдында баяғыда 
мұнара басында көрген именшек өндір қара торы жігіт сайрап келе 
қалды. Мөлтеңдеген байғұс бала бұған шыннан ғашық боп қалған ғой. 
Албырт жас, қайда қол созғанын білді дейсің бе? Ханым енді түсінді – 
шебер мынау сиқыр мұнараға өзінің өліп-өшкен соқыр махаббатынан 
басқа ештеңе бейнелемепті. Ол өзінен бұның не талап ететінін əлдеқашан 
есінен шығарған, өз санасындағы қырық құбылып, ақыл мен ойға қыл 
тұзақты салып ап, білгенін істеген аңғал сезімнің айтқанынан шыға 
алмаған. Шебер мына мұнараға алыстаса қиып кете алмайтын, 
жақындағанмен бəрібір қолы жетпейтін үмітсіз махаббатын бейнелеген, 
өлімге де разы есірік дəмесін, ессіз құштарлығын бейнелеген, ол мынау 
кетік мұнараның басынан өздігінен түспейді. Барып, бұл дəмесінің 
ессіздік екендігіне көзін жеткізу керек, «өзіңді ажалға, мені масқараға 
ұрындырмай тұрып, мұнараны тез бітіре көр», – жалынуы керек. Егер бұны 
сүйетіні рас болса, айтқанын жерге тастай алмайды. Бейшара албырт 
жасты əзəзіл жолдан айбалтаның жүзімен кетіргенмен, бəрібір оның 
əлгіндей ессіз құштарлығы зəулім мұнараның басында мəңгі сайрап 
қалады; оны айламен ғана қайтару керек райдан; мынау терезесінен күні-
түні жазғыра қараған жалбарынышты, үнсіз құштарлық пен тылсым 
іңкəрді бақыт аңсаған албырт көңілдің дегеніне жетіп, шын ғашықтың 
бірден тойынып, бірден қарық бола қалатын періште көңілі қуанышқа 
кенелген күні ғана жойдыруға болады; жанын жегідей жеген ғашықтық 
дертін дəл мынандай қып мөлдіретіп жеткізген шебер басына бір сəт 
қонған бақытты да айнытпай бейнелей алады; ендеше, оған сол басына 
қонған бақытты бейнелету керек; оны ұстаның əлгіндей асау дəмесінен 
атымен бейқам Əмірші де, былайғы жұрт та ертең күйеуімен аман-есен 
қауышқан ханымның риясыз қуанышының табы екен деп түсінеді. 
Ендеше, асау дəме, албырт көңіл байғұс шебер жетсін дегеніне... 
Ханым манадан бері қырық саққа жүгіріп тұрған көңіл тізгінін тез жиып, 
əлденеге белін бекем бұған рай танытты. 
Ертеңіне таңертең күтуші кемпірді шақырып алды. Қызметші əйелдердің 
ешбірін есіктен қаратпады. Ханымды киіндіретін, шашын тарайтын көп 
нөкер ішке кіре алмай, есік алдында топылып тұрды да қойды. Түске 
жақын іштен күтуші кемпір шықты. Ауызғы бөлмеде топырласа қалған 
нөкер қыздардың əрқайсысының жүзіне ішіп-жеп қоятындай ажырайып 
қарап тұрды да, біреуін алып қалды да, қалғандарын бөлмелеріне 
қайтарды. Ештеңеге түсіне алмаған нөкер қыздар иықтарын қиқаңдатып
бөлме-бөлмелеріне тарап кетті. Түс қайта хан сарайдан соңына нөкер 
ерген ханымның күймесі шыға келді де, салынып жатқан мұнараға 
беттеді. 
Мұнараның қақ түбінде қатар-қатар тізіле қалған көп күйме қаңтарылып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет