Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет74/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
110 
Ханымның ала-бұртқан жүрегі бірте-бірте тынышталайын деп, манадан 
бері оған бұқпантайлап жақындап келе жатқан арсыз ұйқы құшағына 
біржолата алып еді, ханымның қаннен-қаперсіз денесін көлдененнің 
көзінен қарауылдап отырған əлсіз сана қайтадан мазасыздана бастады... 
Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең жайды барша жарық жалғаннан 
көлкештеп тұрған алтын шайған ауыр есік сықырсыз ашылып, аяғының 
ұшынан басып əлдекім ішке өткендей болды. Кірді де, одан арғыға 
батылы жетпегендей босағада тұрып қалды. Ханым қапелімде мынау 
бейтаныс мейманнан шошып кетіп, орнынан атып тұрғысы келіп еді, бүкіл 
ту сырты төсекке желімделіп қалғандай, қозғалтар емес. Екі қолын да 
əлдекім төсекке таңып байлап тастағандай. Есіктің қыр көзінде қыбырсыз 
тұрған адамның кім екенін білгісі-ақ келеді, бірақ қанша тесіліп қараса 
да, есік алдында ағараңдап тұрған адамның бет əлпетін ажыратуға 
жанарының қуаты жетпей, кез алдынан əлдебір мелдіреген тұнық тұман 
көлкештей береді. Əлгі ағараңдаған неме де су астында қалқып жүрген 
нəрседей боп, бұлдырап көрінеді. Ол қозғалғандай болды. Бірте-бірте 
жақындап келеді. Бірақ бұл бет əлпетін бəрібір айыра алар емес. Бөлме 
ішін ақ селдір ағын жайлап алғандай. Əлгі ағараңдаған неме сол лайсаң 
селде қалқып келе жатқандай... Міне, тіптен жақын қалды... Апырай, кім 
болды екен. Ханым оны танитын сияқты. Əуелі шоқтай жайнаған 
дөңгелек қой көзін шырамытты... Жанарындағы жастыққа тəн батылдық 
шоғын əлдеқандай бір жұмбақ мұң тұмшалап тұр. Бұған бірдеңеге 
налығандай боп мөлдіреп қарайды. Кісі қия алмастай аяулы жанар. Өзіне 
əбден таныс біреудің қарағаны...Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-
күнде көріп жүрген біреуі тəрізді. Бірақ жыға тани алмады. Əлгі бір 
жəудірей қараған монтаны жанар бұның іші-бауырын елжіретіп барады. 
Мөлдірей қараған қос жанарындағы тұңғиық мұң бұның ез жүрегіндегі 
дəл осындай тылсым бір сезіммен үнсіз тіл табысқандай. Бірақ бұл тырп 
ете алар емес... Апырау, мынау сиқыр көзқарасты кімнен, қайдан көріп 
еді... Жоқ, бұған тап мынадай жан баласы жолап көрген емес. Бірақ 
мынау көкірегіне күн нұрындай дарып бара жатқан сиқыр сəулені күнде 
керіп жүрген сияқты. Кім бұған осылай қиыла қараушы еді... Күнде 
біреу дəл қасынан тап осылай телміре қарап тұрушы еді ғой. Кім еді ол... 
Апырау, неғып ұмытқан... Оны көрген сайын да ойы осылай ойран 
болушы еді ғой... 
Ханымның тұла бойын маужыратып бара жатқан əлгі бір дел-сал 
бейжайлықтың орнын қайтадан мазасыздық жайлай бастады. Иə, алдында 
жəудірей қарап тұрған адамды енді таныды... Рас, мынандай мұңлы 
жанарды тек содан ғана көрген. Ол салған мұнара да өзінің тап мына кез 
қарасындай мөлдіреп, жəудіреп тұратын. Енді тек жанарын ғана емес, ат 
жақты сопақша жүзін де, сұлу қыр мұрнын да, етті, томпақ ернін де 
таныды. Иə, мынау мұнара салған жас шебер. Ол сырттан шыбын екеш 
шыбын ұшып кіре алмайтын хан сарайдың ішіне қалай өтіп жүр... Қаптап 
жүрген сақшылар мен қызметшілер қалай байқамаған... Ол анадағыдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет