Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет80/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
116 
Соны ойлағанда аза бойы қаза болды. Өзіне бұрынғыдан бетер жүрегі 
айнып кетті. Дереу кəлимасын қайырып, хақ тағаладан басқа күнəмді 
кешпесең де, Ұлы Əміршіге асыл сүйек басыммен тіл тигізген əлгі бір 
əзəзіл ойымды кеше гөр деп жалынды. 
Енді ол құдайдан, əлгіндей боп алжаспай тұрғанда, асыл сүйегімді əзəзіл 
пиғылдарға аяқ асты қылмай тұрғанда, жасаған иенің жарақты сотының 
алдына, ез күнəмнің отына өзім ертенетін күнге тез жеткізе гер деп шын 
пейілмен сарқыла тілек тіледі. 
Сол бір адал ақ тілеу көкірегіне шым-шым дарыған сайын, екі көзінен 
шымырлап шыққан оттай ыстық мөлдір тамшылар қайтадан селдете 
жөнелді. 
 
Төртінші
 бөлім 
 
АҢЫЗДЫҢ
 АҚЫРЫ 
 
I 
Дариядан өтерде ол күймеден шығып атқа мінді. Күймелер салға тиеліп 
жатқанда нөкерін ертіп өткелге беттеді. Шілденің іш тартқан кезі еді. 
Таудан келетін жойқын су жаздағыдай арнаны керіп кетпей, женге түсіпті. 
Əдеткі қошқыл құла түсі сəл бозғылданып, лайытпай тұнық жөңкіледі. 
Өткел тіп-тік жар арна кенет жайпауыт тартып, дарияның бала қыздың 
бұрымындай тарам-тарам боп, əлденеше жіңішке тармаққа бөлініп 
кететін таяздау тұсында еді. Бұл өткелден бұрын мағұрып пен 
машырықтың екі арасында əрлі-берлі тыным таппайтын керуендер 
болмаса, бүгінгідей жер қайысқан ауыр қол өтіп көрмеген-ді. Содан ба 
екен, арғы беттегі жанбауыр жағалаудың екі бетінде жүк артқан 
керуендер, жақын маңдағы қыстақтардың қауын-қарбыз жүзім, жеміс-
жидек тиеген арбалары, салт атты есек мінген, қодас жетелеген 
базаршылар ығы-жығы ұйлығып қалыпты. 
Қалың қолға жол ашып тұрған қарулы сақшылардан айбынған жұрт 
шерудің алдындағы көк найзалы көп нөкердің ортасында тек кекілі ғана 
мөлдей қара нысаналы ақбоз атқа мініп келе жатқан Ұлы Əміршіге 
ентелей қарайды. 
Əмірші жан-жақтан көзін сатып тұрғандарға назар салған жоқ; қарсы 
алдында ұлан-асыр көсіліп жатқан құла түзден кез айырмаған қалпы ер 
үстінде шалқақ отыр. Күміс ердің қасы мен болат үзеңгі күн нұрына 
шағылысып, Əміршінің онсыз да суық жүзін одан бетер сұстандыра 
түседі. 
Қарлы шыңдардың ұшпа биіктерінен басталған адуын арынынан əлі арыла 
қоймаған Жойқын дария жыбыр-жыбыр толқынға толы. Жымың-жымың кең 
арна ат тұяғы тигенде лезде күлкісінен айрылып, əлем-тапырықтанып шыға 
келді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет