Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет82/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
118 
Əмірші көзінің қиығын екі жаққа кезек тастап қояды. Ақбоз судан шықты. Екі 
қапталда – қаз қатар тізілген найзалы сақшылар. Бəрі сіресіп қалыпты. Көк 
сүңгілердің ара-арасынан сақшылардың ту сыртынан ентелеп тұрған жай халық 
шұбарытьш көрінеді. Арбалардағы теңкиген-теңкиген қауын-қарбыздардың
қап толы мейіздер мен зембіл-зембіл жүзім, жеміс-жидектердің əр алуан иісі 
аңқиды. Сол бір мұрын қыдықтайтын бейбіт иіс мынау судан шығып жатқан 
қара құрым қалың қолдың айналаға айбат шеккен үрейлі сұсын мəнсіздендіріп 
тұрғандай. Осы бір шыр айнала мұңкіп қоя берген күлді-көмеш от басы 
тірліктің күңірсік иісі əлдебір аярлықтан, бей-берекет жерде қайдан кездесері 
жоқ көлденең қауіптен сес бергендей. 
Əмірші шалқақ басын еңкейтпей, қос қапталынан щыққан əрбір сыбыс-
сыбдырға жіті құлақ түріп келеді. Көзінің қиығына қарауытып-қарауытып 
көрінетін самсаған кек сүңгілерден басқа ештеңе шалынбады. Сол көп 
сүңгілердің арасынан иін тіресе сығалап тұрған қара тобырдың қатары да 
барған сайын сирей түсті. Енді олар бұның көзіне анық түсе бастады. Жеміс 
толы арбалар таусылып, қатар-қатар шөгерулі жатқан сала мойын нарлар 
көбейді. Алыс елдердің əр қилы киінген саудагерлері тұстарынан өтіп 
бара жатқан Ұлы Əміршіге иіліп-бүгіліп тағзым етуде. 
Бір уақыттарда шалғы түскен құрақтай жағалай жапырылып жатқан ала 
тақиялар, сеңсең бөріктер, тығырық бөріктер, жалбағайлар, ак, сəлделер 
де таусылды. Оның осынау орылған шалғындай тып-типыл боп жылмиып 
жатқан жағада оқшау шошайған əлденеге көзі сүрінді. 
Жан-жағының бəрі намазға жығылғандай, жаппай етпетінен түсіп 
жатқанда, əлдекім есек арбаның үстінде басын иместен қалшиып қатып 
ңалыпты. Əмірші мынау елден ерекше қиқар немеге амалсыз назарын 
тіктеуге мəжбүр болды. Жермен-жексен аласа арбаның үстінде өңшең 
құмыралар ортасында қайыс қара біреу отыр. Терісі сүйегіне жабысып 
қалғандай. Басы кекшиіп кетіпті. Арбиған екі қолын алдьгна қусырыпты. 
Қақңан қазықтай тік отыр. Шекелігі шығыңқы жазық маңдайдын 
астында екі жерден əлдене қарауытады. Ол көздін орны... Мынау өне 
бойын арқанмен шандып тастағандай сіресе қалған қатпа қараның соқыр 
екенін Əмірші енді байқады. Иə, дəл сол. Торсық шекесінен таныды. 
Əбден арыған. Өндіршегі сорайып шығып кетіпті. 
Анада алдына келгенде өндірдей жігіт еді. Анау қазылып-қазылып кеткен 
екі білегінде бұлт-бұлт етіп бұлшық ет ойнап тұрған-ды. Жасөспірім 
жігіттің дөңгелене біткен жазық маңдайына сонда да, ең алдымен, көзі 
түсіп еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет