Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет87/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
123 
қапелімде не дерін білмей қалды. Бірақ бүкіл сарайда оның алыстан 
орағытып жатпай, істің жөнін бірден сұрап, бұқпантайсыз əңгімелесетін 
адамы – қазына бастығы мен осы күтуші кемпірді. Бұл жолы да зіркілдетіп 
алып бара жатқан ашуын зорға іркіп, жарықшақтау шығатын қоңыр 
даусымен бірден əңгіме бастады. Сөйлеп отырғанда тіке қарайтын шегір 
көзін кемпірдің жүзінен айырмады. Күтуші кемпір бұны əуелі үйреншікті 
əдетімен біразға дейін енжар тыңдады, сəлден соң барып, осыны 
шынымен айтып тұр ма, əлде əмірші адамның бағыныштыларымен 
ойнайтын көп «мысық-тышқанының» бірі ме деген кісіше, селдір кірпігінің 
астына əзер жасырынған ала қөзін оқыс тірілтіп, бұның жүзіне 
бажырайып бір қарап қойды. Бұдан айбынды ма, жоқ əңгіменің төркінін 
аңғарып қалды ма, ала көзін сабаудай-сабаудай сида кірпіктерінің астына 
қайтадан көміп алды. Бұның одан арғы əңгімесіне үнсіз құлақ тосты. Бір 
уақыттарда орақ мұрынның астында жығыңқы жатқан төрт-бес тал 
қылтанақ мұрты тікірейіп шыға келді. Бір шамаға дейін солай тікірейіп 
тұрды-тұрды да кенет қайта сұлады. Қан-сөлсіз сұрғылт қаймыжық ерніне 
жымысқы күлкі жүгірді. Күтуші кемпірдің езуіндегі күлкіні көргенде, 
бұл сөзден тыйылып қалды. Кемпір Əміршінің неге тоқтағанын бірден 
түсініп, езуіндегі жымысқы күлкіні жым-жылас өшіре қойды. Иіліп тағы 
да тағзым етті. Бірақ Əмірші ендігі сөзді оның өзінен тосып, тым-тырыс 
телміре қапты. 
Енді əңгімені күтуші кемпір бастады. Əміршінің аузынан піыққан 
əлгіндей сөздерден соң да ол бəз-баяғысынша нып-нығыз. Даусында да 
діріл жоқ. Аспай-саспай сөзіне кірісті. Оның мынау байсалды даусы, 
сабырлы жүзі, жалтармай турға қараған батыл жанары Əміршінің өзін 
аласарта түскендей. Əмірші сыр бермеуге тырысып, тырп етпестен 
тыңдап отыр. Қобалжыған көңілін талайды тергей, тыңдай үйреніп 
қалған сұсты жүзінің тасасына жасырып, күтуші кемпірден көзін айырған 
жоқ. 
Күтуші кемпір айтарын айтып болғанда барып, иегімен «жүре бер» деп 
мегзеді. Қызметші иіліп сəлем етіп, манағысындай манаурамай аяғын 
ширағырақ басып шығып кетті. 
Əмірші кемпірдің əлгі əңгімесін миына кірмейтін шым-шытырық 
шытырман бірдеңе тыңдағандай, басы мен аяғын таба алмай, дал болып 
отыр. Сонда кешегі шебердің құштым деп отырғаны ханым емес, басқа 
біреу болғаны ғой. Əміршінің қас-қабағынан қорқып қалған қалтырауық 
немелердің тапқан ақылдарының түрін-ай! Қиқар жігіттің басын қырқып 
тынатын жерде сау бастарына сақина тілеп алғандарын қарашы! 
Апырай, əлгі неменің дəмесін қарай гөр! Падишаның ақ некелі тəсегіне 
сұқтанған сұғанақ неменің кезін қалай құртса да, күнə емес. Оның үстіне 
ол қазір дегеніме жеттім, ханымның қыпша беліне қолым тиді деп жүр 
ғой. Кеше мұның алдына келгенде де, кешірілмес күнə жасап қойғанын 
əбден мойындап отырмады ма? Ендеше оның сол бір есірік ойын өзімен 
бірге құртып тыну керек. Шама-шарқын білмей, аспандағыдан дəметкен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет