«Қонақтар» әңгімесі
Кейіпкерлер: Сапарбек – негізгі кейіпкер, әкесі Ерғабыл, шешесі, әйелі Тома, баласы Жеңіс.
Оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
Алыстағы ауылда тұратын, өзін сағына күтетін қарт әке-шешесіне жылына бір рет, онда да курорттан қайтар жолда бір-ақ күнге соғатын, ертеңіне қалаға асығатын Сапабек ұлтымыздың салт-дәстүрінен қол үзіп қалған, перзенттік борышты жеңіл түсінетін жан ретінде танылады. Жылына бір рет келуді, азын-аулақ сәлем-сауқат әкелуді өзінің перзенттік борышын өтеу деп түсінеді. Әке-шешенің ойы – Сапабектің сый емес, оның амандығы, қартайған шақтарында қастарында болуы, қамқорлық жасауы. Ал бір күнге келген ұлының қариялардың халін сұрамақ түгіл әңгімесі де басқа, қайдағы жоқ геология, асыл тастар, шетел сапарлары т.б. Қария ендігі немересін қасында қалдырып, оны тәрбиелеуді баласына айтса, баласы мен қазақша білмейтін келіні ауылда орыс мектебінің жоқ екенін айтып, өзімен бірге алып кетеді. Ертеңіне асығыс аттанған ұлымен қимай қоштасқан ананың көзіне жас алуымен, қария шалдың алаң көңілмен қи оюға кірісуімен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |