МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ
(1835–1898)
Туған жері: қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызықұм жері. 60 жасында Арыс ауданында дүние салған.
Қызметі: халық ақыны (суырыпсалма ақын).
14 жасында әкесі Сұлтанқожа қайтыс болып, жетім қалады.
Майлықожа байдың қызы Ханапаны алып қашады да, өз еліне тұрақтай алмай Бұхара жаққа өтіп кетеді.
Бұхарадан қайта оралған соң жазған өлеңдерінде Қоқан хандығына қарсы күрескен ерлердің ерлігін, аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін, би-болыстардың ел жегіштік мінездерін, махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзету, еңбекке, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілік, егіншілік кәсіпті жырлайды.
Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.
Толғаулары:
«Ілімге толса көкірек»
«Жақсы болсын жұбайың»
«Ұрлықтың түбі – қорлық-ты»
«Ер көгерер дұғамен»
«Райымқұлға»
«Қасқыр»
«Ноғай мырзаға»
«Үш жігіт»
«Аңғарып көрсем байымдап»
«Толғау» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |