Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата31.03.2017
өлшемі0,81 Mb.
#10786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

          
НҰРЛЫҚЫЗ  
          
болған оқиға
Аялы Алатаудың баурайында,  
Саялы,  сан тірлікті  ауылымда.  
Толғандым бір оқиға еске түсіп,  

Болған бұл қанды соғыс, ауыр жылда.  
 
Төзімді қиындыққа,  адам мықты:  
Сезімді  кірлетпеген -  адалдықты. 
Қарт болды Нұрмұхамбет «дəдə» деген,  
Мəрт болды қастерлеген  адамдықты.  
 
Тұңғышы үйленгенде  сүйінумен,  
Өмірдің жай тапқанда биігінен.  
Күйдіргі соғыс  келіп, алапат боп,  
Күйдірді  əлеуметті  күйігімен.  
 
Соғыстың  азап  шегіп түнегінде,  
Сор қысты,  бар  адамзат жүдеді де.  
Келмеді үш ұлының  хат хабары,  
Меңдеді дерт түсіп қарт жүрегіне.  
 
Атасын жас келіні жұбатады, 
Батасын беріп,  ата қуантады. 
«
Ауыр күн  азабын ол жеңіп жүр» деп,  
Ауылдың  жас- кəрісі ұнатады.  
 
Арудың  қара көзі  күлімдейді.  
«
Жарығым!» деп  атасы  күбірлейді.  
«
Елінің  еңбек сүйген ері болды,  
Келінім - əрі қызым, ұлым», - дейді.  
 
Ене мен  атасының  қуанышы –  
Келіннің күнде жүздеп туар  ісі:  
Ойына, талабына  жеткізіп жүр  
Бойына туа біткен бұлан күші.  
 
«
Келінім ауыл ісін басқарады 
Ол  келсе, қызу еңбек басталады.  
Қарттардың,  халқының да қамқоршысы», - 
Деп  ене мақтан етті «жас баланы».  
 
«
Ататай, балаң келер, зарықпа тым, 
Апатай,  берік болғын, - тарықпағын».  
Күйігін білдірмеді жас келін де,  
Үйінің өшірмеді жарық шамын.  

 
Тыл-майдан, соғысудан  жеңіл ме еді?  
Бұл  майдан ерекше еді  елімдегі.  
Ұстасы бір ауылдың Нармұхамбет 
Ісбасты  күресінде  жеңілмеді.  
 
Хат хабар күтумен үш баласынан,  
Қарттар зар,  көңілдері қара тұман.  
Ай күнін есптеумен  зарықты олар  
Қайғының  қасіретті жарасынан.  
 
Аманын  айтпаған соң үш  баласы,  
Заманның запыранын ішті анасы.  
Қажырлы қарт əкені күйік жеңіп,  
Қажыды,  қақырады күш парасы.  
 
Аяулы елдің қызы асқаралы  
Аяды қиын  істе жас баланы,  
Аяулы қарттар көңлін  жебеп жүріп,  
Баянды  бар жұмысты басқарады.  
 
Отады қызылшаның шөбін бірде,  
Соқаны сала білді бірде егіндіге.  
Шашауын шығармастан дəн тасыды,  
Шашағын орамалдың төгілдіре.  
 
Көріссе, қартқа əңгіме шерте жүріп,  
Өріске мал айдады ерте тұрып.  
Еркелеп өскен қыздай  нəзіктік жоқ, 
Ертерек ұмтылды ерке құлық.  
 
Қысқа өмір  салды  қорлық,-мойытпады,  
Қысында малды күтіп, тойыттады.  
Жас күнін – жалын күшін  бейнетке  сап,  
Жастығын,  жақсы келін, жойып  алды.  
 
Кəрі де, жас та қолдап Отан  ісін:  
«
Бəрі де соғыс үшін, Отан үшін!»  
Ұранын көтергенде кекті келін  
Ұланның жалындатты отты  күшін. 
  

Иленіп, жеңе жүріп  қиындықты,  
Үйреніп, сарбаздарға  киім тікті.  
Ар санап демалуды,  тынбады бір 
Арқалап бір басына дүйім жүкті.  
 
ҚАРТ ƏКЕНІҢ ҚАЙҒЫСЫ  
 
Бармысың, Сейдахмет, жаным балам?!  
Бармысың, Жылысбайым,  жалындаған№!  
Қонысбай... «Балаларым келеді», - деп,  
Той үшін  сақтап отыр барын  анаң.  
 
Сарғайдым сағынумен  күндерімді,  
Қартайдым,  қарт көңілім  күнде мұңды.  
Дүниеден мен  армансыз  өтер  едім,  
Ерлерім естіп өлсем үндеріңді.  
 
Мен дəйім хабар күтіп,  қарақтарым,  
Күн сайын қара жолға қарақтадым.  
Айбыным – айнлайын, бірің келіп,  
Қайғының қара бұлтын таратпадың.  
 
Қасірет мойытса да күні-түнгі, -  
Қанша рет жалғастырдым үмітімді.  
Күйемін  үзіп  кейде  үміт жібін,  
Сүйегім жасыды да, үгітілді.  
 
Асқынтқан адамзатқа қас істерді,  
Жер жұтсын Гитлерді, фашистерді! 
Көнбеймін өлімге де, қатыгез жау  
Жеңбейді жаңа заман, жас күштерді.  
 
Ұлдарым, аман тауың – Қарақырың,  
 
Нұрланып, содан асып,  қарады күн!  
Күтеді сені, балам, Құлан қалаң,  
Күтеді кең далаң мен бар адырың...   
 
  
ҚАРТ АНАНЫҢ ҚАСІРЕТІ  
 
Əйапа – аулымыздың анасындай, 
Бізді де сүюші еді баласындай. 

Майданға үш баласын аттандырып, 
Күйінді өлім-өмір арасында: 
 
«
О, жалған, теңселді ғой шаңырағым! 
Аһ ұрдым, азап шегіп, аңырадым... 
Жасымнан бейнет, қайғы көргендерім, 
Басымнан бақытсыздық арылмадың. 
 
Тастан да мықты, неткен сірі жанмын?! 
Жастарға құрбан болмай жүріп алдым... 
Дем берген сүйенішім- үш шырағым, 
Сендерден неге ажырап тірі қалдым?! 
 
Зер болдым бір хабарға, құлындарым, 
Өздерің- айтар сөзім, жырым, əнім. 
Егіліп көз жасымды көл қып жүрмін, 
Сөгіліп, қақырады  құрым   жаным. 
 
Иіскеп киімдерін əр баламның, 
Түн бойы ұйқы көрмей, зарланамын. 
Уа құдай, мұндай қайғы қасіретті, 
Басына бере көрме бар ананың. 
 
Құдай-ау, адамзатты таластырып, 
Ұдайы адамдықтан адастырып. 
Қойғанша, небір асыл азаматты, 
Жойғанша, дос етсеңші жанастырып. 
 
Түлеген көрсетпестен жамандығын, 
Тілеп ем, ұлдарымның адамдығын. 
Жанарлар жасқа толып, жаудырайды... 
Аналар зар жылаған заман бүгін. 
 
Отан деп жанын қиған боздақтарын, 
«
Ботам!» деп, боз інгендей боздап қалдым. 
Жуатшы еш болмаса бірің келіп, 
Жуатшы... Суреттерің сөз қатпады. 
 
Жаралы жан жүрегім, қиын  ісім,  
Барады қайғы жеңіп, күйіп  ішім.  
Көріне сұм  соғыстың кім шыдайды,  

Өртіне өртендім ғой күйініштің...  
 
Батты ма шыққан  күнім, туған  айым?!  
Заман-ай,  мен қалайша қумаңдаймын?!  
Ананы аяшы бір, əй құдірет!  
Баланы бақыт үшін туған дəйім!»  
 
ЖАС КЕЛІННІҢ ЗАРЫ  
 
Қанша рет көніп жүрмін азабыңа,  
Қасірет, салма мені мазағыңа!  
Үсірді жас  гүлімді соғыс қысы,  
Түсірді көп  ызғарын  ажарыма.  
 
Тағдырым, тəлкек еттің ерте мені:  
Таңдырым  кеуіп,  ішім өртенеді... 
Қарттарды аяймын да, сыр жасырам,  
Қайғыдан  жүрегіме  дерт  енеді.  
 
Адалдап  анамыздын аппақ сүтін,  
Аялап  отбасының  сақтап құтын.  
Күтемін екі қартты жас баладай,  
Қарттарға керек күнде шақ,  сақ күтім.  
 
Кей құрбым  мауқын басты сүйіп ерін,  
Деп жүрмін: «мен де сөйтіп сүйінермін!»... 
Басты мұң жалғыздықта, түнгі шақта,  
Жастығым тез өтуде, күйінемін...  
 
Жалған-ай, қайғымды жұрт мақұлдар ма?  
Қал қалай? – деп сұрайтын жақын бар ма?  
Айбынға абыройым асыра көр,  
Қайғыға берілуге қақым бар ма?!  
 
Ей жастар,  жаңа гүлдей жайқал кəне!  
Ел бастар – сендер заман  майталманы:  
Оқ ұшқан  жерге ескерткіш орнатыңдар,  
Соғыстан  сүйіктімді қайтармады!.... 
 
         
ЖЕҢІСТЕН СОҢ 
            

Халықты қуандырып  жеңіс келді,  
Күш  салды толтыруға ел  кемістерді.  
Мұңсыз  күн  болған  емес Нұрлықызда,  
Мұң сырын  ешбір  жанмен бөліспеді.  
 
Қарт  айтты оңашада келініне:  
Шырағың сөнбес, жаным,  сенің  мүлде,  
Шырағым  жастығыңды бос өткізбе,  
Серік тап, келіп жатыр теңің күнде...  
 

Шырағын сөндірмеймін балаңыздың,  
Шынарым – сөзсіз, ата, алаңсызбын...  
Келді ғой, мүмкін біз де той жасармыз,  
Келді ғой ұлы жеңіс – алаңсыз күн...  
 

Өлсем де жарлық келіп жасағаннан,  
Мен кері аттамаймын босағамнан.  
Сіздерден  айрылмаймын  дем біткенше,  
Айрылдым үш  арыстан, қос ағамнан...  
 
Атаның құламады шаңырағы,  
«
Бата алдым»  деп  келіні арымады.  
«
Баламның ең асылы-сен, - деді қарт, -  
Бабамның жебей берсін  аруағы» ...  
 
Жігіт аз Нұрлықызға қызықпаған,  
Үміт – жаз, - əдеп  оны бұзылтпаған.  
Көбейді «қалжыңдаушы» қайындары,  
Демейді ешбірін де «бұзық надан».  
 
Нұрлықыз  кейісе де,  күлімдейді,  
Нұрлы жүз – жастық  шақтың күніндей-ді.  
Қайнысы күлкісіне «ғашық» болған, -  
Қайғысы жеңгесінің білінбейді.  
 
Басқаша онда құлық,  сезім  мүлде,  
Бас қосса,  достар  мақтар өзін күнде.  
Көндірген сағынышын сеніміне,  
Көндірген  махаббатаың төзіміне.  
 
Қараса,  көзі күліп  бала шақтай,  

Жараса  шаттандырар шарапаттай.  
Ұпайы көп  кетсе де дертті  өмірге,  
Сыпайы мінезі бар парасаттай.  
 
Жанғандай үміт болып  шырақ түнде,  
Жалған-ай, сөніп қалды бірақ түнде...  
Келіп тұр қайны оңаша,  оған  жеңге  
Көніп тұр, «айналдыру» ұнап мүлде.  
 
Сезімде сергелдеңді сең жүріпті:  
Төзім де көресеге көндіріпті.  
Тірегін таппай жүрген амалсыз жас,  
Жүрегін нəпсісіне жеңдіріпті.  
 
Есер тым,  бойдақ жігіт төгіп  арды,  
Етегін жеңгесінің  сөгіп  алды:  
Ай  таңдақ ақ жайманы бір-ақ сəтте,  
Майқамдап, махаббаттың кегі қалды...  
 
Сезімнің жан үйіріп құйындары,  
Көзінің жасы арудың тиылмады. 
Батамен бақыт іздеп жүрген жасқа,  
Атамен бет  көрісу қиындады.  
 
Келіні өз басына тақты мінін,  
Оңаша енесіне шақты мұңын.  
Мəз  енді аруана бұл  оқиға  
Əженің басы болды шаттығының.  
 
Құп  алып, ой ашты шал  кемпіріне:  

Қуанып, сыр бүк, - деді, - мен тіріде.  
Жатырда жатып қалған  немеремді  
Сəт болар дүниеге келтіруге.  
 

Өсірем немеремді сөзге қалмай,  
Кесірден  сақтап қалам өз баламдай.  
Уақыт тар, келініме тілегімді айт:  
Бақыт бар бұдан  артық өзге қандай?!  
 
Анаға қарттың ойы мəлім еді,  
Ананың ақ ниетін мəлімдеді:  


Суыт,  кер  мінезіңмен  бақыт теппе,  
Туып бер немеремді, жаным! – деді.  
 
Босанды ел  сөкпесін білген ана,  
Жасалды жақсы бір той – шілдехана.  
«
Немере құтты болсын!» - деді жұрты,  
Демеді кімге жақын, кімге бала...  
 
Айтпады ел «туылған ұл некесіз» деп,  
Қарт сүйді «айнымаған көкесі» деп,  
«
Жақсының тұяғы бұл, аман болсын, 
Шаттығым көбейеді əкесі кеп!»...  
  
Ауыл боп қартпен бірге қуаныстық,  
Ал қарт жүр немересін жұбаныш қып...  
Ойнаса, оқыса да немересі,  
Той жасап, атай үшін құрақ ұштық.  
 
Немере өз ісімен мақтандырды,  
Атаның  ақ батасын  ақтап жүрді.  
Қарттарды қадірлеген Нұрлықызды  
Арттағы ұрпаққа жұрт мақтан қылды.  
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
         
ДОМАЛАҚ АНА  
 
Тарих-ана, анамен сырласамыз:  
Тəлім алып, анадан сыр ашамыз,  
Аңыз болған «Домалақ»  анамыздың  
Бір ерлігін айтайын  тыңдасаңыз.  

 
Қостұраның жайлауы жасыл  кілем,  
Жатыр  кілең  жылқылар тасыр  күрең,  
Жылқы шауып, жер үшін дауласатын, -  
Жауласатын дүрбелең ғасыр білем.  
 
Қаратаудың гүлмайса бауырында,  
Жау ұрындап Бəйдібек ауылына.  
Шабу үшін жылқысын келді қаптап,  
Елді таптап, жапыра жауығуда.  
 
Теке  сақал, ит  көзді, қалың қасты  
«
Қара албасты» Хайдардың  қаны қашты,  
Жылқышыға найзасын сұға келді:  
Шыға келді шатқалдан, жалын шашты.  
 
Көп қарақшы анталап, қиқулады,  
Қиқулары жаңғырып, сиқырланды.  
Жылқы қуып, жайлаудың сиқын  алды:  
Ердің жиған мүлкінен қиқым қалды.  
 
Бір  сұмдықтың болғанын сезіп жаңа,  
Сөзі-нала, бел буды төзімді ана.  
Кетіп  еді жекжаттап қариясы,  
Мал  иесі – жастар мен өзі ғана.  
 
Қолаң шашты, бота көз, лала жүзды,  
Анамызды мұң басты – панамызды:  
«
Жау аяй ма жан қия күреспесек,  
Тіреспесек, тыңдамас  наламызды»...  
 
Болмаса да əйелдің бой сындысы, -  
Мінезімен танылған ойшыл кісі,  
Салған  талай асауға бұғалықты,  
Шығарыпты атағын жойқын күші.  
 
Бақыт депті анамыз сыйласқанды:  
Сыйластары-жалшылар, қимас бəрі. 
Қалың шаңға  бұл ауыл  көмілді де,  
Көңіліне қайғылы күй тастады.  
 

Тоқтататын күш болмай қарақшыны,  
Бар  асылды тонады, ғарап қылды. 
«
Мұның қалай, - дегендей,-ау, естілер?!» -  
Тау ешкілер шың тастан қарап тұрды.  
 
Əлі күнге қара тау жаңғырады,  
Жанқұрағы – зар үні қаңғырады:  
(
Тау адамның тойын да, ойранын да 
Қойнауында жаңғыртып, қалдырады)...  
 
Ақ жолында ананың – жан - құрбаны,   
Шалдырмады, жауына алдырмады.  
Тай қазанмен  жасырып жас баласын,  
Баспанасын ойранға салдырмады.  
 
Хайдар ұры,  сойқаншыл,  ақырыпты,  
Шақырыпты жендетін батыл, «мықты»:  

Алдырмайтын бұл қандай айлакер! – деп,  
Найза сермеп анаға, басыныпты.  
 
Ана бөгеп қарақшы ұрыларды,  
«
Қырын  алды»:  алдына тұрып  алды:  
Қарақшыға имеді таудай басын:  
Жау найзасын қолынан жұлып  алды.  
 
Ей аюан! Сені де ана туған!  
Анасынан кім безген жанашырдан?!  
Мен – анамын! Анада кінə бар ма? 
Мыналарға жел бермей,  бар антұрған!...  
 
Хайдар көріп ананың қайрат-күшін:  

Тарт қолыңды! – деді езге қайрап тісін, 
Тегін емес бұл  ана, киелі екен!  
Сүйе бекем ананың айбатты ісін.  
 
 

Аруана! Сөзіңе бас иемін!  
Бас иемін бағыңа бас иеңнің!  
Мал  танығыш анасың, тұрмын аңдап, 
Бірін таңдап  алып қал жас биенің... 
 


Не қалайсыз?! – деп, Хайдар  айғай салды,  
Жайлай малды  аралап майда жалды. 
Кəрі күрең айғырды  белбеуімен 
Белбауына ер  ана байлай салды.  
 
Қалды жалғыз  күрең – құт – малдың басы,  
Жалғыз  басы байлауда тамды жасы,  
Гүлмайсаны жапырған малдың ізін,  
Таңғы сызын əкелген жаңбыр басты.  
 
Жылқы малы жаулықты түсінеді:  
Жұлқынады: күреңі күшіне енді:  
Мойнын  созып  мал кеткен қиыр жаққа,  
Үйір жоқтап, шыңғырып кісінеді.  
 
Күн  ашылды. Жау алыс. Бұл бір  сағым...  
Бұлдыр  сағым  елестер, бұлдыр  ағын. 
Айдау бермей көп жылқы есті мүлде,  
Естіді де Күреңнің шыңғырғанын....  
 
Бəйдібек бай ойраннан кешігіпті:  
Өшігіпті, - жау барын кеш ұғыпты,  
Анамыздан  алыпты мал  ашуын,  
Шал ашуын ана да кешіріпті.  
 

Аттанба, шал, қол жиып қалың жауға,  
Қалың жаудан қашан сен алдың сауға?  
Қан төкпей-ақ  қайтады  жылқыларың,  
Бұлқынбағын ашумен арындауға. 
 

Қайғырма, шал, қуантам, ісім ерен,  
Ісіме сен... ертең-ақ түсінер-ең!...  
Жылқың келер  жамылып кешті бүгін,  
Естіді үнін Күреңнің кісінеген. 
 
Ең ғажайып  іс болды ертесінде:  
Еркесіндей тауының ер  төсінде 
Жайылып жүр жылқылар түгел  келіп,  
Түгелденіп өзінің өлкесінде.  
 
Қорғап сөйтіп малы мен басын  аман,  

Асыл  анам  ерлеген, жасымаған.  
Өзі көпшіл, данышпан зарлыларды,  
Жарлыларды қамқор боп асыраған.  
 
Нұрила – ана, Оны елі «пана» деген:  
Сана берген  ақылын  ала берген,  
Ел  орындап ол  айтқан өсиетті,  
«
Қасиетті Домалақ ана» деген.  
 
Ана жайлы бірі – бұл  сан аңыздың  
Өнегесін  аламыз ана абыздың:  
Бауырмалдық  ұйытып арлыларды,  
Аруағы қолдасын  анамыздың. 
 
  
      
КӨРШІНІҢ ҚЫЗЫ  
 
Көршінің қызы сымбатты өзі  
Қымбатты сөзі,  ізетті. 
Ай маңдайы аппақ – мархабат жарқын:  
Махаббат парқын күзетті.  
 
Жан қия сүйдім  жалынды қызды,  
Жанымды жүзі баурады. 
Ардақтай ұстап  арымды биік,  
Жанымды сүйіп,  жаулады.  
 
Өтеді тілді көзіміз танып, 
Өзіміз жанып, от алдық: 
Қыз ұққан сезім жалғасты кенен, 
Алғашы менен хат алды.  
 
 
ХАТ 
 
Жүрегіме жарығым,  
Күн нұры боп дарыдың. 
Əкеледі маған  бақ,  
Əрбір  сөзің, əр үнің.  
 
Көңіліңді қайтармай, 
Көп  сөзімді айта алмай. 

Өртеніп  мен  жүргенде, 
Өтті уақыт байқалмай.  
 
Бал  мінезді балаң жас,  
Бақ бұрымды қолаң шаш.  
Өлеңім мен жыр əнім 
Өзің болдың, шырағым.  
 
Салтанатты жарасым  
Салтты сүйген  баласың.  
Махаббатпен өтейік  
Мархабаттың парасын.  
 
 
 
Жарқын  бейне, келісім,  
Жаралғансың мен үшін.  
Қосылайық, сүйіктім,  
Қолдар болсаң мені шын.  
 
Қос аққудай сəн құрып,  
Қосылайық  мəңгілік.  
Өзіңмен тек өтелер,  
Өмірдегі мəнділік.  
 
Мəнді түрде толайым,  
Мəңгі бағым бол, айым.  
Құрметтесіп қолайым,  
Құрбандығың болайың.  
 
Бақ құсы болып келді де хатым,  
Елжіреп таптым сыйымды:  
Тебіренді «ауыл баласы» ұнап,  
Анашым жылап, сүйінді.  
 
 
Ақжарқын айлы,  аппақ қыс  еді,  
Аппақ құс енді ұяма: 
Құдайым маған зор бақыт берді,  
Мол бақыт  көрдім ұямда.  
 
Бақ құсы келіп, бағыма қонды  

Ағыла толды байлығым. 
Шаңырағымның шырағы жанды,  
Шырағым  - мəңгі  ай- күнім.  
 
Жанұям менің  шаттыққа толды,  
Бақ құтқа толды үй ішім. 
Өмірде көрдім татымдық сəтті,  
Татулық тəтті сүйісім.  
 
Өмірдің өзін  саябақ еттім,  
Аялап  өттім аруды.  
Сүйінді досым, дұшпаным күйіп,  
Ұстадым биік арымды.  
 
Арманның шыңын дос тілек тапты  
Қос жүрек тапты қалауын.  
Нұр жұлдыз жанды мархабат атты,  
Махаббат  жақты алауын.  
 
Шуақты күндей мейірім сəні,  
Пейілдің мəні дарқандық.  
Здагүл – қамқор, ізетті жарым,  
Күзетті арын, дарқан қып.  
 
Жар  ойы терең, тамаша биік,  
Анамша сүйіп, сыйлады.  
Сыйласым,  сенім салтымыз  берік,  
Антымыз  берік - сый мəні.  
 
Жанұям мейір нұрбағын  ашты,  
Шуағын шашты күнім кеп,  
Мерейлі бақтың жемісін көрдім,  
Жемісін тердім күлімдеп.  
 
Татулығымыздан таптық мол бақты,  
Шаттық боп атты құт таңым. 
Салтым деп түйдім мақұлдасқанды,  
Ақылдас жанды  құптадым.  
 
Сындарлы, сырлы уақыттан өттік,  
Бақытқа жеттік бірлікпен.  

Қуаныш таптық  нұр шуақ шашқан,  
Ынтымақтасқан тірлікпен.  
 
Ұрпақ өмірін бірлесіп құрдық,  
Ілесіп жүрдік уақытқа: 
Өмір бағына жүйелеп кірдік,  
Ие боп жүрдік бақытқа.  
 
Перзентті сүйдік жұмақты көздеп,  
Жұмақты мезет болғанда.  
Жамандық көрсек жасымай жүрдік,  
Тасымай жүрдік толғанда.  
 
Салтымыз танық  киелі ізгі,  
Сүйеді бізді еліміз.  
Меймандос үйміз ас дарқан, дайын  
Дастарқан дайын  келіңіз.  
 
Шығарды көкке үйана сүйген  
Қуана үйге енемін. 
Азат күн күйін  шертемін күнде  
Ертеңгі күнге сенемін.  
 
Жырғадық  көріп  тірліктің  мəнін,  
Бірліктің əнін  естіңіз:  
Құшағы жардың – лəззаты бақыт,  
Лəззатты уақыт кештік біз.  
 
 
 
 
 
 
 
ЖЕЛТОҚСАН ДАУЫЛПАЗДАРЫ  
 
1.
 
Алаңдағы алаулар  
 
Оянды, елім, ұландарың,  
Нұр  аңғарғын легінен.  
Оянды,  елін  азат қылмақ,  

Азат тумақ  кегінен.  
 
Жас алашың қайраттанды,  
Айбаттанды, алысты:  
Жас қанаттың  алауланды,  
Жалауланды намысы. 
 
Жастар - жалын  отты алыптар, 
Орталыққа шүйілді:  
Астананың  төріне кеп, 
Өріле кек түйілді.  
 
Толғандырды дүйім  елді,  
Үйір  ерді, азат үн:  
Долдандырды ер  намысын,  
Өр  намысы қазақтың.  
 
Ереуілге келді міне,  
«
Желді күнде»  сан  алып:  
Өр  өмірге – алға, жастар!  
Алға бастар  даналық.  
 
Намыстанып,  айбаттанды,  
Қайраттанды жас ұлан:  
Намыс  жанып,  жарқылдады:  
Жарқылдары - жасыннан.  
 
Оттандырды аруларды 
Аруағы қазақтың.  
Оттан нұрлы жігіттердің  
Үміттері - азат  күн.  
 
Əне, Нұрлан ұран салды: 
Ұрандады жеңісті. 
Батыр елдің  ұландарын 
Ұрандады Жер үсті. 
 
Ұландарды  ызғарлы еткен,  
Ыза-кек пен  ащы зар.  
Ұрандады  жалынды жас,  
Жаны мұңдас жасындар.  

 
2.
 
Қайраттың сөзі  
Қайраты нық , өзге мүлде,  
Сөздерінде, дауылды үн. 
Қайрат - жігіт жақсы үмітті,  
Жас жігіті ауылдың.  
 

Оян қазақ! Оңалды ма,  
Бодандыда болған  ел?  
Болма мазақ! Ертіп  арман,  
Ерлер  салған жолға кел!  
 
Егемендік ұлы арманның  
Ұландары Тұрардың!  
Ерге сендік! Алға бас, сақ!  
Алға бастап тұр  арың!  
 
Жас қазағым  ел  сенеді,  
Белсен  енді арлан да:  
Баспа залым,  содыр  іске – 
Шонивиске  алданба.  
 
Дерт  шалдырма тұнған  елге,  
Туған  елге,  киелі- ол.  
Өрт  шалдырма өзегіне,  
Өз  еліңе  ие бол.  
 
Күрес жастар,  байтақ  елің,  
Бай,  бақ  жерің  егелен.  
Күрес, басқар толқын  легін, 
Болсын елің  егемен.  
 
Дос халықпыз,  ел бірегей,  
Ей «шүрегей»  кері кет.  
Бостандықсыз  килікпегін,  
«
Билікке» кім берілмек?  
 
Келімсекке қолдан «би» қып,  
Қолдан  билік  бермейміз.  
Еміншекке,  салғырт керге,  
Мəңгүрттерге  ермейміз.  

 
Басқар  елді алға бас,  сақ.  
Алда – мақсат, ұлы іс.  
Жастар легі  толқындады,  
Толқындары – ұлы күш».  
 
3.
 
Арпалыс  
 
Халық қамын ойлағандар –  
Ойлы   адамдар жарады.  
Алыптардың өр үні де,  
Жер жүзіне тарады.  
 
«
Орталықтан» именбеді,  
Сүйген  елді жас ақын,-  
Қорқаулықтан  тайынбады,  
Дайындады ол жасағын.  
 
Шовинист кер күшке сенген,  
«
Іске  келген»  жат - тегі:  

Соғып  іштен кесірлінің,  
Өшір үнін, шап! – деді.  
 
Жойқындардың тірегі – айла,  
Күрек, қайла қолында.  
«
Жойып»,  алға аңдыздады,  
Қанды  із  қалды жолында.  
 
Қарусыздар жатты құлап,  
Жатты сұлап  табанда.  
Қайран  қыздар  ақ балғындар,  
Тапталды ызғар  алаңда.  
 
 
Жазалап , зəр шашты  мұңдар,  
Шапқыншылар -  ызғарлы.  
Азаматтар  азап  көрді,  
Мазақ болды қыздары.  
 
Қазақ  қызы ғажап дəйім,  
Азап  дайын тұрса да,.  

Сап бұзбады  бастан түйреп,  
Шаштан  сүйреп ұрса да.  
 
Тұмар  ханым Нарқыздай-ақ.  
Əр қыз  аяп  ерлерді.  
Туар таңын қорғай білді,  
Қолдай білді ерлерді.  
 
Жалындады Қайрат батыр,  
Қайрап  батыл жігерін.  
Жалындады отқа қосты,  
Оққа тосты жүрегін.  
 
Үш күн  күшін  жинап, төгіп,  
Қинап, сөгіп ел «бегі».  
Күштің-күшін сап  адасты, -  
Жас алашты жеңбеді.  
 
Ғаламға лек толқып  кетті,  
Толқып кекті жан,  ары.  
Алаңда лек танытты арды –  
Алыптардың  қамалы. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет