Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата15.11.2022
өлшемі1,72 Mb.
#50200
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

«Сұрақты төңкеріңіз» 
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны 
ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз. Мысалы, «Франция – демократиялық 
ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады. 
«Сұрақты ұстап ал!» 
 
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл 
сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап 
беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген 
жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен 
қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен 
фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған 
адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын 
білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да 
кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
 
«Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!» 
 
Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған 
бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп 
немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны 
орынды. 
 
 


84 
«Сыныптағы заттар» 
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут 
ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде 
бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: 
менің де көңілім қазір жарқырап тұр!». 
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір 
оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек. 
 
 «Сіз кімсіз?» 
Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң 
шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң 
әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген 
мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет