Барлық оқушы үшін Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтіндерді өңдеуді үйренеді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің ісәрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Пальма, піл мен қолтырауын» ойыны Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын, қалған екеуі құлақтарын көрсетеді. «Қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру:
Топтастыру. «Пазлдар» әдісі Мақсаты: командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.
Ресурстар: кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті ашықхатты бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)
Ойын барысы: әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.
Жаттығудың психологиялық мәні: қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. Талдау: командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.