Егемкулов нурлыбай аликулович


Дәріс №2. Тақырыбы: Сүтті алғашқы және механикалық өндеу, тасымалдау және сақтау



бет6/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Дәріс №2.

Тақырыбы: Сүтті алғашқы және механикалық өндеу, тасымалдау және сақтау


1. Сүтті жылулық өңдеу. Жылулық өңдеудің түрлері
2. Кілегей өндірісінің технологиясы
Тазалау. Сүтті тазалау кезінде оны механикалық қоспалардан, сонымен бірге микроорганизмдерден тазартады, пастерлеу тиімділігін жоғарылатуға қолайлы жағдай тудырады.
Сүтті тазалау үшін механикалық дизинфекцияның екі тәсілі қолданылады- сүзу және центрифугалау. Сүтті механикалық қоспалардан тазалау үшін түрлі конструкциялы сүзгілер (пластиналы, дискілі, цилиндрлік) арналады. Сүзгіш материалдарды (марлі, лавсанды мата, мақталы сүзгіш) үнемі ауыстырып тұру қажет. Олай етпесе сүзгіштер қажетсіз бөгде микрофлора көзіне айналады. Сүт өңдеу желісінде өндірістің үздіксіз өтуі үшін екі параллельді сүзгіш - тазалағышты орнатады. Бір сүзгіште сүзгіш матаны ауыстырған кезде, екіншісі сүзеді.
Сүтті сепаратор қондырғы арқылы тарту. Сүтті тарту - бұл сүтті сепаратор - қаймақ бөлгіштің көмегімен қаймаққа және майсыздандырылған сүтке бөлу. Қаймағы ажыратылмаған сүт сепаратор барабанынан түсіп, жұқа қабаттармен тарелкалар арасына бөлініп таралады. Тарелкааралық кеңістікте май шарлары сүттің ең жеңіл бөлігі ретінде айналу өсіне қарай ығыстырылады; майсыздандырылған сүт сүттің ауырлау бөлігі ретінде сыртқа тепкіш күштің әсерімен периферияға орналастырылады. Сүт жіңішке қабаттар ретінде тарелкалар арасында таралып, онша үлкен емес жылдамдықпен айналады, бұл аз уақыттың ішінде майдың толық бөлініп шығуына қолайлы жағдай туғызады. Майсыздандырылған сүттегі май құрамы 0,05% - тен аспауы керек.
Гомогендеу. Тазаланған сүт 12,5+2,5 МПа қысымда және 45-70 оС температурада гомогенделеді. Майдың массалық үлесі 3,2 %, 1,5-2,5 % болатын сүттің дәмін жақсарту үшін, сонымен қатар құрғақ компоненттерді пайдаланған кезде сүтті міндетті түрде гомогендеу керек. Сүтті гомогендеу – сүтке белгілі ішкі күштермен әсер ету жолымен май шарларын уату процесі
Сақтау және тасымалдау. Пастерленген сүттің технологиялық үрдісі аяқталғаннан соң ол 0 - 6 оС температурада 36 сағаттан артық емес уақыт сақталады және жабық изотермиялық жағдайда тасымалдануы керек. Сүтті алыс жерлерге флягаларда немесе басқа ыдыстарда тасымалдайды, оларды транспортты цистерна деп атайды. Сүт зауытында шығарылатын сүт және сүт өнімдерін өңдеу есебін сүт өлшеуіш және таразы көмегімен жүргізеді. Сүт зауытында тасымалдау тәсілі шикізат сапасына және қабылданатын өнімге кері әсерін тигізеді. Сүтті құбыр арқылы тасымалдайды және технологиялық жабдықтардан ауыстыру үшін арнайы қысымды насостар қолданады. Сүт және сүт өнімдерін өңдеуге цех ішіне қарапайым құралдар арқылы тасымалдайды, қолды және өзі жүретін арбалар, қысқа сүт құбырлары және әртүрлі конвейерлер. Сүтті өңдеу өнеркәсібіне жіберер алдында фермада арнайы ыдыстарда сақтайды.
Фермадан өндейтін өнеркәсіптерге сүтті флягтар, автоцестерналар, сүт құбырлары арқылы тасымалдайды. Үлкен көлемдегі (1000 литрдан көп) сүтті цистерналарда машина, темір жолдар, су транспортымен тасымалдайды. Аз көлемдегі сүтті флягаларда, жүк автокөлігімен тасымалдайды, бірақ бұл әдісті қолданғанда жұмыс көп жұмсалады. Жүктеу – кері алу, сүт төгілу, тасымалдау шарттары тағамдық өнімнің санитарлы – гигиеналық талаптарына жауап бермейді. Сонымен бірге оны сұйық өнімдерді сауда желілеріне тасымалдауда қолданады (қаймақ, қойылтылған сүт және т.б.).
Автоцистерналар бір немесе бірнеше элипс тәрізді сфералық түптері бар секциялар. Сыртынан секциялар термоизолятормен, ағашпен, пергаментпен қапталған, оның сыртын жұқа көміртекті болатпен қаптаған. Ағаш термоизоляцияланған материалын (көбіне металл немесе пенопластты) механикалық бүлінуден, ал сыртқы қабығы ылғалдан қорғайды. Термоизаляциямен қапталғандықтан шикізат қызып кетуінен және қатпауынан қорғалады. Секциялар тағамдық алюминийден жасалған болса, маркасына байланысты сыйымдылығы 0,9 дан - 6,55 м 3 қа дейін болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет