Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет57/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Жазба түпдеректері. Ахей және крит патшаларының тарихы туралы бірқатар ақпарат грек дәстүрінде сақталған. Гомердің «Иллада», «Одиссея» поэмаларында б.з.д. IХ-VIII ғасырларда құрылған. Сонымен бірге Троян соғысы туралы тірі естеліктер сақталынған. Сонымен бірге, Троян соғысы туралы тірі естеліктер сақталынған. Поэмаларда Троян соғысы алдындағы Грекияның саяси жағдайы, Микенның басымдылығы, олар гректің қарсыластары және одақтастары жайлы айтылған. Сонымен бірге, Троян соғысының жүргізілу барысы, нәтижелері айқын көрініс тапқан. Гомер поэмаларында ахей кезеңінің көптеген шынайылылығы көптеп берілген, мысалы: тұрмыстық заттарды сипаттау, қару түрлері, соғыс арбалары, соғысу, шайқасу әдістері.
Б.з.д. V-IV ғасырларда грек авторларының оның ішінде Геродот, Фукидид, Аристотель және кейінгі жүзжылдықтағы авторлар Страбон, Плутарх, Павсанийдің шығармаларында грек өткені туралы, Крит патшасы Миностың қуаттылығы жайлы, Минос патшаның құрған үлкен державасы, сол кезеңдегі мәдениеттің жоғары сатыда деңгейі туралы естеліктер сақталынған. Б.з.д. II мыңжылдықтағы гректердің діні, мәдениеті, тарихы туралы материалды зерттеу үшін өте күрделі мәліметтер көптеген құдай және батырлар туралы әңгімелерде, мифте келтірілген. Крит патшасының қатал билігі Миностан азат еткен афиндық батыры Тезей, қорқақ патша Тиринф кемесінде Ясонның басшылығымен грек батырларының теңізде жүзуі туралы әңгімелер, мифтерді кездестіруге болады. Бұл әңгіме және мифтерді сыни талдау фактіні жалған құрастырған сөздерден бөліп көрсетуге және б.з. II мыңжылдықтағы Грекия тарихы туралы білімді толықтыруға мүмкіндік береді.
Крит және Ахей патшаларының сыртқы саяси жағдайы туралы көптеген мәліметтер ежелгі шығыс ескерткіштерде беріледі. Соның ішінде б.з.д. ХIV-ХII ғасырларда хетт жазбалары Кіші Азияның батыс бөлігіне орналасқан Ахийява мемлекетімен хеттердің одағы жайлы мәлімет келтіріледі. Кейбір II мыңжылдықтағы египеттік заттар соның ішінде скарабейлер, амулеттер, моншақтар, Усер аты патшалығының тең құқылы одақтасы ретінде перғауын III Тутмос жазбаларында айтылады.
Ежелгі заман тарихында антикалық қоғам - Ежелгі Греция өркениеті маңызды рөл атқарды. Бұл өркениет кейіннен батыстық қоғам мәдениетінің орталығына, негізгі қайнар көзіне айналды. Дерексіз тарих жазылмайтындықтан, Грекия деректерін 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: бірінші кезең - б.з.б. ІІ мыңжылдықты қамтитын Крит Ахейлік Греция, екінші-кезең Архаикалық және Классикалық Греция, үшінші-кезең Эллинистік Греция. Ежелгі Греция тарихы бойынша баға жетпес мұралар сақталған. Барлық деректерді үлкен екі топқа - жазбаша және материалдық деректер деп топтауға болады. Археологиялық қазба жұмыстары барысында қала орындары аршылып, көптеген материалдық деректер тарихи айналымға енді. Грек адамдары оқиғаларды тізбектер, жүйелі түрде жазып отыруға тырысқан. Сондықтан грек тарихына қатысты жазбаша деректер өте көп сақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет