«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)



бет3/11
Дата08.11.2022
өлшемі133,33 Kb.
#48360
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Білімді бағалау шкаласы

Бағаның әріппен белгіленуі

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші %

Дәстүрлі жүйеде бағалау

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

FX

0.5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24




Баға

Өлшемшарттар

95-100

  1. Барлық сұрақтарға дұрыс және толық жауап берілді;

  2. Білім алушы ұғымдарға еркін сүйенеді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп ажырата алады.

  3. Жауабы ғылыми терминдермен тұжырымдалады, әдеби тілмен баяндалады.

  4. Жауабы қисынды, дәлелденген, студенттің авторлық көзқарасын көрсетеді

90-94

  1. Қойылған сұраққа толық және кеңейтілген түрде жауап берілді.

  2. Тақырыптың негізгі ойлары дәлелді түрде ашылды, жауапта нақты құрылым, логикалық реттілік байқалады.

  3. Жауап ғылыми терминде әдеби тілмен баяндалды.

  4. Тұжырымдарды анықтауда кемшіліктер жіберілуі мүмкін, бірақ жауап барысында студент оларды өз бетімен түзетеді.

85-89

  1. Қойылған сұраққа толық жауап берілді.

  2. Тақырыптың негізгі ойлары дәлелді түрде ашылды;

  3. Жауапта нақты құрылым, логикалық реттілік байқалады.

  4. Жауап ғылыми терминде әдеби тілмен баяндалды.

  5. Жауапта кемшіліктер жіберілген, олар оқытушының көмегімен түзетілді.

80-84

  1. Дұрыс, бірақ толық емес жауап берілді

  2. Маңызды және маңызды емес, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білетіндігі көрсетілді.

  3. Жауап қисынды, ғылыми терминдермен әдеби тілде баяндалды.

  4. Жауапта оқытушының көмегімен түзетілген кемшіліктер немесе аздаған қателіктер жіберілуі мүмкін.

75-79

  1. Қойылған сұраққа толық жауап берілді

  2. Маңызды және маңызды емес, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білетіндігі көрсетілді.

  3. Жауап қисынды, ғылыми терминдермен баяндалды.

  4. Жауапта жетектеуші сұрақтардың көмегімен түзетілген аздаған қателіктер немесе кемшіліктер жіберілген

70-74

  1. Қойылған сұраққа жеткілікті дәрежеде жүйелі жауап берілген жоқ.

  2. Жауап қисынды, ғылыми терминдермен баяндалды.

  3. Негізгі ұғымдардың анықтамасында студент өз бетімен түзетуге қиналатындай 2-3 қателік жіберді

65-69

1.Жеткілікті дәрежеде толық және жеткілікті дәрежеде кеңейтілген жауап берілген жоқ.

  1. Қисын мен жүйелілік бұзылған.

  2. Ұғымдарды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді.

  3. Студент өз бетімен негізгі белгілер мен байланыстарды ажыратуға қабілетсіз.

  4. Студент негізгі ойларды тек оқытушының көмегімен ғана мысалдар арқылы дәлелдей отырып, жалпы білімін нақтылай алады.

6.Тілдік рәсімдеулер дұрыстау мен түзетулерді талап етеді.

60-64

  1. Тақырып бойынша бірікпеген білімді сипаттайтын толық емес жауап берілді.

  2. Анықтамаларда айтарлықтай қателіктер бар.

  3. Баяндаудың қисынсыздығы орын алады.

  4. Студент берілген ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын аңғармайды.

  5. Қорытынды мен мазмұндау делелділігі жоқ.

6.Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушы қосымша және нақтылау сұрақтарын қойса да, студент жауабын түземейді.

55-59

  1. Толық жауап берілмеді.

  2. Баяндау қисынсыздығы орын алады.

  3. Студент жауапты дәлелдеуден қиналады.

  4. Терминдерге, ұғымдарға анықтама беруде және фактілер мен құбылыстарды сипаттауда айтарлықтай қателіктер көп.

  5. Жауапта қорытынды жоқ.

  6. Сөйлеуі сауатсыз.

7.Қосымша сұрақтарға жауап берерде, студент оқытушының еске түсіртіп айтуынан кейін ғана ұғымдар арасындағы байланыстың бар екендігін түсіне бастайды.

50-54

  1. Анықтамалар беру кезінде айтарлықтай қателіктер жіберіп, сұрақтың тақырыбы бойынша шашыраңқы ойды көрсететін толық емес жауап берілді.

  2. Жауап - қисынсыз.

  3. Студент берілген ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын аңғармайды.

  4. Баяндаудың қорытындысы, нақтылықтылығы және дәлелділігі жоқ.

  5. Сөйлеуі сауатсыз.

6. Оқытушы қосымша және нақтылау сұрақтарын қойған кезде, студент тек қойылған сұрақтарға ғана емес, сондай-ақ пәннің басқа да сұрақтарына берген қате жауабын түземейді.

25-49

1. Материалдың негізгі мазмұны меңгерілмеген және ашылмаған.
2. Шешімдер мен қорытындылаулар жоқ, студенттің жауабында нақты өрескел қателіктер бар.

0-24

Жауапты баяндау барысында тақырып пен оқылатын бағдарламадан айтарлықтай ауытқулар бар.
Жауап беруден бас тартады.

Оқытушы емтихан бағасын қою процесінде бірдей өлшемдерді басшылыққа алады.
А - дан А-ға дейін, С+ тан В+ қа дейін, D-дан С-ға дейін ауытқу амплитудасындағы бағалауды таңдау білім алушының білімі мен іскерлігінің жоғарыда сипатталған критерийлерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет