Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет128/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Әлемдік Қауымдастық

  1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдерінің мәні мен мазмұны

1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аумағында толық билікті игерген, сыртқы саясатын өз бетінше анықтайтын демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнға толы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектілігі санақ алып келеді деуге болады. Қазақстанның сыртқы саясатының Бірінші Тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде анықтады. Қалыптасқан жағдайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады:
1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;
2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;
3) мемлекеттердің тең құқықтығы;
4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;
5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;
6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);
7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;
8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;
9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді

Қазақстан Президенті алға жылжытқан Еуразиялық Одақ идеясы, бірлескен шешімдерді орындаудың әрекеттік механизмімен біріктірілген білім ретінде Ынтымақтастықтағы барлық елдердің саяси шеңберінде үлкен баға алды және жаңа егеменді мемлекеттер арасында шоғырландыру процестерінің катализаторы болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда Қазақстанның жаңа даму сатысында «Қазақстан-2030» Стратегиясы Жолдауының екінші бөлімінде елдің сыртқы саясатының ең маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік экономикаға сәтті шоғырландыруға бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:



  1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.

  2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, Орталық Азия елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.

  3. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту

Қазақстандық сыртқы саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде тұрақты және бір ізді сыртқы саясатты жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет